- •1.Теориялық бөлім
- •1.1 Өкпенің желдетілуі
- •1.2 Өжва классификациясы және оларға қойылатын талаптар
- •1.3 Жасанды вентиляцияны жүргізу тәсілдері
- •1.4 Өжв аппаратына қойылатын медико-техникалық талаптар
- •1.5 Өжж сұлбасы және жұмыс істеу принципі
- •1.6 Жасанды ауа жаңартудың жолдары
- •1.7 Өкпенің жасанды ауа жаңарту құрылғылары
- •1.8 Өкпенің ауа жаңарту құрылғыларының көлемдік көрсеткіштерінің әдістері.
- •1.9 Құрылғының жұмысының тәртіптемелері
- •2 Техникалық бөлім
- •Оттектің физикалық қасиеті
- •4 Экономикалық бөлім
- •4.1. Жалпы жағдай
- •4.1.2.Жасанды вентиляцияны жүргізу тәсілдері
- •4.1.3. Өжв аппаратына қойылатын медико-техникалық талаптар
- •4.2. Өкпеге жасанды вентиляциялау аппаратын құрастыру үшін кететін капиталды шығындар
- •4.2.1 Құрастырушылардың жалақысы
- •4.2.2 Cатып алынған бұйымдар мен негізгі материалдардың өндірістік құны мен санының есептелуі.
- •5 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау
- •5.1.2 Жұмыс зонасының ауасына қойылатын жалпы санитарлық – гигиеналық талаптар
- •5.1.3.Жасанды вентиляцияны жүргізу тәсілдері
- •5.2.3 Өрт сөндірудің химиялық құралдары
- •5.2.4 Өртке қарсы су құралы
- •5.4.4 Өрт байланысы және дабыл беру
- •5.4.1. Емдеу мекемелерінің зертханаларын ұстау тәртібі
- •5.5. Табиғи және жасанды жарық тусіруді ұйымдастыру
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
5.1.3.Жасанды вентиляцияны жүргізу тәсілдері
Өкпені жасанды вентиляциялаудың екі негізгі тәсілі бар: чөкпеге ауа жіберу тәсілі сыртқы тәсіл сыртқы тәсіл. Өкпеге ауа жіберу тәсілінде ӨЖВ газ қоспасын тікелей жоғарғы тыныс алу жолдарына жіберу арқылы жүзеге асады. Сыртқы тәсілде кеуде қуысына сырттан әсер ету арқылы асырылады.
Өкпеге ауа жіберу тәсілінде өкпеге газдың өтуі оны өкпеге айдау арқылы жүзеге асады. ӨЖВ-ның екі негізгі түрі бар: тура қысымды вентиляция және кері қысымды вентиляция. Тура қысымды вентиляция инвазивті (эндотрахеялы түтік арқылы) немесе инвазивті емес (беттік маска арқылы) болуы мүмкін. Тағы да фазаларды көлемі мен қысымы арқылы ауыстыруы бар вентиляция болуы мүмкін. ӨЖВ-ның көптеген режимдарына басқарылатын жасанды вентиляция (CMV), қосалқы жасанды вентиляция (ВИВЛ, ACV), кезектесетін мәжбүрлемелі вентиляция (IMV), синхронизацияланған кезектесетін мәжбүрлемелі вентиляция (SIMV), бақыланатын қысымды вентиляция (PCV), қолдаулы қысымды вентиляция (PSV), инверттелген дем тарту және дем шығару қатынасты вентиляция(иИВЛ, IRV), қысымды түсіру вентиляциясы (PRV) және жоғары жиілікті режимдер.
5.2.2. Өрт қауіпсіздігі
Зертханалық бөлме өрт қауіпсіздігі бойынша Д категориясына жатады, бөлмені жабу алдында өрт қауіпсіздігі үшін жауап беруші адаммен тексеріледі.
Тексеру мынаны қарастырады:
өрт шығудың мүмкін себептерін жою;
өрттің тез таралуына әсер ететін себептерін жою;
өрт сөндіру құралдарының пайдалынуға дайындылығы.
Бұл талаптар орындалу үшін барлық аспаптар мен электр құралдар сөндіріледі, кезекші жарықтанудан басқа, барлық электр желісі өшіріледі.
Бөлме қалдықтардан тазарылады. Жанатын сұйықтықтар зертхана бөлмесінен арнайы қоймаларға шығарылады немесе металлдан жасалған жәшіктерге салынады. Барлық кіру және шығу өтулерін пайдалану, ұзындығы бойынша 1 метрден аспайтын, өрт сөндіру құралдарына қарай өтулер тексеріледі.
Өрт шығу жағдайында,оны сөндіру үшін каридорда өрт сөндіру краны және керекті ұзындықты рукав болады.Өрт шығу туралы телефон, кафедра және басқа лабораториялармен байланыс бойынша айтылады .Керек жағдайда өрт сөндіру үшін ауа-көпіршікті өрт сөндіргіш (2 дана) қолданылады.
5.2.3 Өрт сөндірудің химиялық құралдары
Өрт сөндірудің кең тараған құралдары болып: көмірқышқылы, сулағыштар, химиялық және ауалық-химиялық көбік, галойдталған көмірсутектер, түйіршікті қоспалар, бромэтилды қосылыстар, СО2, инертті газдар және т.б. табылады. Осы аталған өрт сөндіру құралдары келесі түрлерге жіктеледі: суытатын және оқшаулайтын, яғни жану аймағына оттегінің түсуін көбік қабатын жабу немесе құрғақ түйіршіктерді себу арқылы оқшаулау жүргізіледі. Электр өткізгіштігіне қарай: электр өткізетіндер (көбік, су, бу) және электр өткізбейтіндер (түйіршіктер мен кейбір газ түрлері) болып бөлінеді. Уыттылығы жағынан: уытты еместер (су, көбік, түйіршіктер), орташа уыттылар (көмірқышқылы және азот) және уыттылар (бромэтилды қоспалар, фреондар) болып бөлінеді.
Өртті сөндіру тәжірибесінде әртүрлі сулағыштар, көбіктер, инертті газдар мен механикалық құралдар кең ауқымды қолданысқа ие.
Сулағыштар жанатын нәрселердің (резеңке, көмір шаңы, шымтезек, талшықты жабдықтар және т.б.) суланғыштығын жақсарту үшін қолданылады. Бұл жерге сабынды, синтетикалық қоспаларды, амилсульфаттарды, алкилсульфонаттарды жатқызуға болады.
Көбік – жылуды аз өткізетін, қозғалмалы, жылуды сәулелендіру әсері бар, түтіндеудің тығыздығын төмендететін, бірақ механикалық төзімділігі төмен қасиеттерге ие.
Көбіктер – химиялық, ауа-механикалық және жоғары еселі болып бөлінеді.
Химиялық көбікті өрттің шығу көзіне жіберу алдында ерітінділерді (сілтілік және қышқылдық) араластыру немесе судың ағынымен көбіктенетін түйіршіктерді (көбік түзуші) араластыру арқылы алады. Көбікті түйіршік – күкірт қышқылдық аммоний мен натрий бикарбонатының, көбіктендіргіштер мен судың қоспалары. 1 кг түйіршік пен 10 литр судан 40-60 литрға дейін көбік алуға болады. ПО-1 ПГП түйіршіктерінен алған көбіктермен – мұнай өнімдерін; спирттер мен ацетондарды, ішіне 2% сабын қосылған ПГПС түйіршіктерімен өшіреді. Химиялық көбік жану аймағында оттегі мөлшерін 14% дейін азайтады, жабдықтардың беттерін жауып, оларды от жалынынан оқшаулайды, суытып, жануды тоқтатады.
Ауа-механикалық көбіктерді ауа-көбікті оқпанның көмегімен, суды қысылған ауамен және көбік түзгішпен араластыру арқылы алады. Ауа қысымына және көбік түзгіштердің қасиеттеріне байланысты орта және жоғары еселі көбіктерді алуға болады. Көбік еселігі – көбік көлемінің, өзі алынатын барлық сұйықтардың көлеміне қатынасы. 5-100 еселікті көбіктер аз және орта еселіліктілерге, ал 100-ден жоғарылары жоғары еселіліктілерге жатады.
Жоғары еселі көбіктерді, қысылған ауа мен су қоспасын және көбік түзгішті араластыру нәтижесінде, үздіксіз көбіктің пайда болуы әсерінен алады. Едәуір жоғары еселі (1000-ға дейін) көбікті алу үшін атмосферадан алынатын ауадан басқа, қосымша ауа (немесе инертті газ) пайдаланылады. Жоғары еселі көбіктің өртті сөндіру қабілеті басу әсеріне негізделген, себебі өрт ошағына көбіктің түсуі кезінде ол оның бүкіл ауданын жабады.
Инертті газдар (азот, аргон, гелий, түтіндік немесе өңделген газдар) газды-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде құралдар мен жабдықтарды толтыру үшін қолданылады.
Механикалық құралдар (брезент, киіз, құм, топырақ) жанатын заттар ысып үлгермеген жағдайда, яғни жанудың бас кезінде қолданылады.
Өртті химиялық құралдармен сөндіру үшін әртүрлі қол өрт сөндіргіштері, сонымен бірге жылжымалы және стационарлы өртті сөндіру қондырғылары пайдаланылады.
