- •4.1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi
- •4.2. Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу ережесі
- •4.3. Электр тогының адам организіміне әсер етуі
- •4.4. Қоршаған ортаны қорғау
- •4.5. Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның метеожағдайлары
- •4.6. Компьютермен жұмыс істегендегі өрт қауіпсіздігі
- •4.7. Пайдалануға берілген дэем-нің өндіріс орындарындағы потенциалдық кауіптілік пен зиянды факторлары
4.6. Компьютермен жұмыс істегендегі өрт қауіпсіздігі
Өрт - әдейі очагтың басқарылмайтын жануы, ол өте көп зиян әкеледі.
Электр жануы – бұл тұйықталу, электр құрылғыларға электр тогының көп түсуі, найзағай жарқылы.
Электр құрылғыларындағы өрттің шығуы әр түрлі бағыттарда болады. Тұйықталудан сақтанудың алдын-алу құрылысты және желілерді қолданудың дұрыс таңдаудан болады.
Программист жұмысы электр құрылғыларымен байланысты болғандықтан, оларды дұрыс қолдана білу және электр тогынан сақтана білу керек. Олардан сақтану әдісінің бірі – ол жерлендірі әдісі. Сонымен қатар электр тогынан сақтанудың тағы бір әдісі – нольдендіру әдісі. Нольдендіру принципінің әрекеті – тұйықталуға айналдыру мақсатымен жоғары токты шақыру. Жоғары ток қорғаныс пайда болуы үшін қолданылады. Ол зақымданған электр қондырғыны жүйеден автоматты өшіреді. Сонымен қатар зақымданудан әр түрлі электр қорғаныс әдістері бар. Шартты түрде қорғаныс әдістері үш топқа бөлінеді: изоляциялайтын, қоршайтын және қорғайтын.
Изоляциялайтын – адамды ток жүргізетін, жерлендіретін бөлшектерден және жерден болатындардан изоляциялайды.
Қоршайтын қорғаныс әдістері – ток жүргізетін бөлшектерден уақытша қорғау үшін арналған.
Қорғайтын қорғаныс әдістері – жұмысшыны желілік, жылулық және механикалық әсерінен және жану өнімдерден жеке қорғану үшін арналған.
Есептеу техникасы бар кабинеттерде өрт шығудың екі себебі болады.
Олар: электрлі және электрлі емес.
Электрлі – бұл қысқа тұйықталу, электр жабдықтарының және электр жүйелерінің ақаулығының болуы немесе артық ұшқындау.
Электрлі емес – жылыту жүйелерінің ақаулығы, дұрыс эксплуатацияланбауы.
Жұмыс орындарында өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аудару керек. Өндірістік процесте қолданылмайтын қағаздардың және басқа да заттардың жиналмауын қамтамасыз ету керек.
Жұмыс орындарында өрт шыққан жағдайда аварийдік шығу жағдайларын қарастыру керек. Өрт шыққан жағдайда ең алдымен жақын өрт бөлімшелеріне хабарлау керек және мүмкіндігінше оны жою үшін кейбір қадамдарды жасау керек.
Еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды сақтау жұмыс қабілетінің жоғарлауына және еңбек өнімділігінің артуына әкеледі.
4.7. Пайдалануға берілген дэем-нің өндіріс орындарындағы потенциалдық кауіптілік пен зиянды факторлары
Электр тоғымен зақымдану қауіпі техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаннан туыңдайды. Тоқтың адам ағзасына әсері: жылулық әсері (электрлі доға күйігі), физика-химиялық әсері ( электролизис- қанның бұзылуы), биологиялық әсері (ағза ұлпаларының (тканьдерінің) және нерв орталықтарының зақымдануы) және механикалық әсері (ұлпалардың жарылуы), және де комплексті - келтірілген әсерлердің бірнешеуін немесе барлығын қосады.
Тоқпен сыртқы зақымдануда - элктрожарақаттар болады, ал адамның ішкі мүшелері зақымданғанда - электрлі соғу болады. Ең қауіптісі электрлi соғу, себебі ол адам ағзасында физиологиялық процесстердің бұзылуын болдырады, кей жағдайда дем алу: және жүректің қызметін басқаратын нерв орталықтарын сал қылдырады. Электрлі соғу бойынша сипатталады: есін жоғалту, сіңір тартылудың пайда болуы, дем алудың және жүрек қызметінің жартылай немесе толық тоқтауы, яғни „алдамшы өлімнің" келуі. Электр тоғының адам ағзасына әсер ету дәрежесi күштен, кедергіден және оның жиілігінен, әсер ету уақытынан, адам денесінен өту жолдарынан, ағзаның жағдайынан тәуелді.
Электр тоғына адам ағзасының ұлпалары (теаньдері) әр түрлі кедергіде болады. Ең көп кедергіні (дененің барлық кедергісі 97% маңында) ұлпаның жоғарғы қабаты көрсетеді, онда қан тамырлары және нерв жасушалары (клеткалары) өткізгіштер болып табылады.
Терінің жоғарғы қабатын және адам денесінің ішкі мүшелерінің кедергісі келесі факторларға байланысты өзгереді:
- тері қабатының жағдайы. Терінің құрғақ және таза жоғары қабатында адам денесінің меншікті кедергісі 40000 - 100000 ом/см2 кұрайды, дымқыл және лас тері қабатында -s меншікті кедергі 1000-2000ом/см дейін төмендеуі мүмкін;
- электр тоғының өту ұзақтығы: электр тоғының өту ұзақтығы жоғарылағаннан ағзаның кедергісі төмендейді, және де тоқ терінің жоғарғы қабатының жергілікті қыздыруын болдырады, бұл өз жағдайында оның кедергісін шұғыл төмендетеді;
- электрдің өту жолдары. Ағзада тоқ жолы үлкен мағьнаға ие. Тоқ жерге ең кіші кедергі сызығы бойынша ұмтылады. Адам денесінің активті кедергісі тоқ жиілігінен тәуелді болмайды. Денеден өтетін тоқтын жиілігі жоғарылауынан, тоқтын әсер ету қауіпі азаяды. Жоғары жиіліктегі тоқтар электрлі соғуды болдыра алмайды, бірақ оның әсер еткен жағдайында күйік кезiнде дененің қызуы мүмкін. Төменгі кернеулікте де электр тоғымен зақымдану, өлім жағдайларын қосқанда болуы мүмкін. Мысалы, электросваркалы аппараттағы 65 В кернеулігі ауыр электрожарақат себепшісі болуы мүмкін. Өндіріс жағдайларында жалаңаш электрлі сымдарға тиіп кетіуден сақтануға тиіспіз.
Тоқ күші, ма |
Тоқтың әсер ету сипаттамасы |
|
|
айнымалы ( 50 щ ) |
Тұрақты |
0,6-1,5 |
Сезудің бастауы, қолдың жеңіл дірілі . |
Сезілмейді |
2-3. |
Қолдың саусақтарының қатты дірілі |
Дуылдау, қыздыру әсері |
5-7 |
Қолдың тартылуы |
Дуылдау, қыздыру әсері |
8-10 |
Қолды электродтан алу қиын, бірақ алуға болады. Қол, саусақтар қатты ауырады. |
Қыздыру күшейеді |
20-25 |
Қол жансызданады, оны электордтан алу мүмкін емес. Өте қапы ауыру. Дем алу қиындайды. |
Анағұрлым қыздыру; қол бұлшықеттері қысқарады. |
50-80 |
Дем алуы семеді. Жүректің калтырауы басталады. |
Қатты қыздыру. Қол бұлшықеттерінің қысқаруы.Сіңір тартылу, дем алу қиындайды. |
90-100 |
Дем алу семеді. 3 сек. және одан көп ұзақтықта - жүректің семуі. |
Дем алу семеді. |
3000-одан көп |
0,1 сек-тен көп әсер еуде жүректің және дем алудың семуі. Жылумен дене ұлпаларының бұзылуы. |
Өлімші жағдай. |
Ескерту: тоқ қауіпсіз деп 10,0 ма-ге дейін немесе 0,001 а-ге дейін саналады.
