Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
енбек кауипсиздиги.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.22 Кб
Скачать

4.3. Электр тогының адам организіміне әсер етуі

Программистің жұмысы электр жабдықтарымен тікелей байланысты болғандықтан, оларды дұрыс қолданып үйрену және электр тогынан қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Электр тогының әсері тірі ұлпаға әсері басқа материалдық факторлардың әсерінен (бу, химиялық заттар, сәулелену т.б.) сансалалы және өзіне тән болады. Шын мәнінде электр тогы адам ағзасынан өткен кезде термиялық және электролиттік әсер беріп, тірі және өлі материяға тән физика-химилық үрдіс болып табылады; сонымен қатар электр тогы биологиялық әсер етеді, тек қана тірі ұлпаға тән ерекше спецификалық үрдіс.

Термиялық әсер – дененің әр бөліктерінің күюі, жоғары температураның әсерінен қан тамырлары, жүйкелері, жүрек, ми және басқа мүшелердің күрделі функцияналдық өзгерістеріне ұшырауы.

Электролитикалық әсер – органикалық сұйықтықтың ыдырауы, сонымен қатар қанның да, бұл физика-химилық құрамның өзгеруін тудырады.

Биологиялық әсер – ағзаның тірі ұлпаларының тітіркендіруіне және ішкі биоэлектрикалық үрдістердің өзгеруіне, дұрыс жұмыс жасап жатқан ағзаның және өмірлік функцияларымен тығыз байланыста болатын. Электр тогының тірі ағзаға әсерінің нәтижесі болып, орталық жүйке жүйесінің өзгеруі, қанның құрамының өзгеруі, бөлінетін жылудың әсерінен болатын жүрек пен өкпенің жұмысының бұзылуы және т.б.

4.4. Қоршаған ортаны қорғау

Біздің елдің конституциясына сәйкес мемлекеттік жүйе қалыптасқан. Бұл жүйеде қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, басқаратын құжаттары болып жер, су, орман, жер қайнауы, атмосфералық ауаны сақтау, өсімдік және жануарлар әлемін сақтау заңдалықтары табылады.

Атмосфера ауасын қорғау

Қазақстанда ауа бассейнің қорғауды жариялайтын негізгі заңды құжат болып «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңы табылады. Заңға сәйкес атмосфералық ауаны ластайтын заттардың шектеулі рұқсатты концентрациясы нормативі тағайындалған. Сонымен қатар зиянды заттардың қоспаларының рұқсатты концентрациясы нормативі тағайындалған. Бұдан басқа, заңмен бір жүйеге келтірілген атмосфералық бассейннің қорғау мемлекеттік бақылауы тағайындалған.

4.5. Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның метеожағдайлары

ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде жұмыс орында ауа температурасы көтеріліп және ауа ылғалдылығы төмендейді, ауаның сапалық және иондық құрамы нашарлайды, құрамында көмір қышқыл газы және органикалық заттар көбееді. Ауа құрамында көрсетілген заттардың бірнеше рет жоғарлауы рұқсатты концентрациясынан көрсеткіштерінен аспауы керек. Осы себепке байланысты келесі оптималды микроклимат параметрлерін сақтау керек, ауа температурасы 18 ден 21 Целсия бойынша аспауы қажет. Ауаның қатынасты ылғалдылығы 55-62%, ауаның қозғалу жылдамдығы 0,1м/c. Ауа алмасудың басқа жолы болып терезелерде автономдық БК-1500 типтегі кондиционерлер қондырғыларын орнату болып табылады. ДЭЕМ жұмыс жасау кезінде өте маңызды болып сәулемен қамтамасыз ету болып табылады. Сәуленің жұтылуын төмендету үшін қабырға мен төбе (1.5-1.7 м.), егер олар дыбысты сіңіру материалдармен өңделмеген болса, оларды ақ су эмульсиялық бояумен (шашырату коэф. 0,7 төмен болмауы қажет) боялады. Қабырғаны бояуға көбінесе ашық түсті бояуларды пайдаланады. ДЭЕМ жұмыс жасайтындар экранда шамдардың сәулесінің шашырауын көрмеуі тиіс. ДЭЕМ жұмыс жасау кезінде сәуле сол жақтан түсуі тиіс. Ол оң немесе артжақтан түспеуі керек.

Экранмен көздің арасындағы арақышықтық 60-70 см болуы тиіс, 50 см жақын қарауға болмайды.