- •4.1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi
- •4.2. Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу ережесі
- •4.3. Электр тогының адам организіміне әсер етуі
- •4.4. Қоршаған ортаны қорғау
- •4.5. Есептеуіш техника кабинеттерінде өндірістік ортаның метеожағдайлары
- •4.6. Компьютермен жұмыс істегендегі өрт қауіпсіздігі
- •4.7. Пайдалануға берілген дэем-нің өндіріс орындарындағы потенциалдық кауіптілік пен зиянды факторлары
4 – БӨЛIМ. ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ
4.1. Еңбектi қорғаудың жалпы түсiнiгi
Еңбек қорғау – заңды актілердің, әлеуметті-экономикалық, ұйымдастырушылық, емдеу - емдеуді алдын алу жүйесі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы. Еңбек қорғау өзіне техника қауіпсіздігін және өндірістік санитарияны қосады.
Техника қауіпсіздігі – ұйымдастыратын шаралардың жүйесі және техникалық жабдықтар, өндірістік зоналарда қауіпті әсерлерді болдыртпау. Техника қауіпсіздігінің бес түрлі инструкциясы бар:
Кіріспе инструктажы (барлығы үшін, жұмыс өтеміне немесе білімділігіне қарамай).
Жұмыс орында бірінші рет (жұмысқа алынғаннан бастап).
Қайталанатын (6 айда 1 рет жиі емес).
Жоспарланбаған (еңбек қорғау ережесінің өзгеруінде).
Жылжымалы (жұмысшылармен өндіріс алдында жүргізіледі, бұл кезде ,,Рұқсаттама ” наряды толтырылады).
4.2. Есептеу техникасы бар кабинетте компьютермен жұмыс істеу ережесі
Есептеуіш техника кабинетіндегі жұмыс кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей :
Жалпы ережелерді;
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
Жұмыс жасау кезіндегі;
Аппаттық жағдайдағы;
Жұмыс соңындағы талаптарды білуге тиіс.
1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
а) Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді резеткілерге, штекерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
б) Мұғалімнің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға және кіруге болмайды.
в) Компьютерді суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
г) Компьютердің жанына және перне тақта үстіне артық заттарды және жұмыс істеуге қажетсіз құрал-жабдықтарды қоюға болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындау ережелерімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
2. Дербес компьютермен жұмыс жасау алдындағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
а) Компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына көз жеткізу керек.
б) Жұмыс жасау кезінде сымдардың қатесіз және дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
3. Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
а) Электрондық есептеуіш машинамен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см. Қашықтықта ұстау керек.
б) Аудиторияға кірушілермен орнынан тұрмай-ақ амандасуға рұқсат етіледі.
в) Электр тоғымен зақымданған кезде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет.
4. Аппаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
а) Жұмыс жасап отырған кезде компьютерде ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда компьютермен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек.
б) Компьютерлік кабинетте өртті сумен сөндіруге болмайды. Оған құм және тағы басқа өрт сөндіргіш құрал-жабдықтар пайдалануға болады.
в) Электр тоғымен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайды.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
а) Мұғалімнің нұсқауы бойынша компьютерді өшіру.
б) Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.
Жұмыс уақытында жоғарыда берілген ережелерді әрқашан есте сақтап, техниканы дұрыс қолдана білу қажет.
Электр тоғымен зақымданған жағдайда дәрігерлік көмек көрсету.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау барысында электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді төмендегі берілген әрекеттеріне назар аударуы қажет:
Тоқты өшіру (қалқандағы) батырманы басу арқылы;
Зақымданушы тоқ әсерінен (сымнан) босату;
Дәрігер шақыру;
Зақымданушыны қарап шығып оған алған жарақаттарына байланысты көмек көрсету;
Күйген жағдайда:
а) Ауырғанды сездірмейтін дәрілер беру;
б) Күйген жеріне арнайы май жағу;
в) Зақымданған жерге суық су құю;
г) Алдын-ала жараланған жерді микробтар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен орау.
2. Есінен танып қалған жағдайда:
а) Зақымданғанды жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырынан орналастыру керек.
3. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
а) Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексеру керек, егер тіл күрмеліп қалған болса, оны қолмен дұрыс қалпына келтіру қажет.
б) Демалыс жағдайына келгенге дейін, қолдан дем алдыру жаттығуларын жасау керек.
1. Есептеу техникасы бар кабинеттерде қымбат, ұқыпты ұстауды қажет ететін аппаратуралық құрылғылар бар. Олар ДЭЕМ, принтер және т.б. Кабинетке асықпай, ақырын, столдарды қақпай кіру керек және өзіңізге арналған орынға ғана отыру керек (столда еш нәрсеге тиіспеу керек).
2. Сіздің жұмыс орында ЭЕМ-ның құрамдас бөліктері бар. Олар жүйелік блок, пернетақта және монитор, т.б. Жұмыс істеу кезінде монитордың сәулелі трубкасы жоғары қуатта жұмыс істейді. Аппаратурамен, кабельмен, монитормен дұрыс жұмыс істемеуі электр тогымен зақымдануға әкеледі. Сондықтан жалғайтын кабельдің разъёмын ұстау, құрылғыларды және қорек сымдарды қолмен тиісуге, дымқыл киіммен және дымқыл қолмен жұмыс істеу қатаң рұқсат етілмейді.
3. Жанған иіс пайда болған кезде тез арада жұмысын тоқтатып, аппаратураны өшіріп, мұғалімге айту керек.
4. Жұмыс басталар алдында жұмыс орнын тексеру керек және көру сызығы экранның центріне келу керек. Пернетақтамен жұмыс істеген кезде бүгілмей отыру керек.
5. ДЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде монитордың сәулелі трубкасы электромагниттік сәуле шығарудың көзі болып табылады, бұл экранмен жақын жұмыс істеу көзге жаман, жағымсыз әсер етеді, жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Сонымен қатар арқаны түзу, қисатпай ұстау керек. Сондықтан бұл техниканы ұқыпты пайдалану керек.
6. ДЭЕМ-мен жұмысы үлкен назар аударуды, өзін-өзі ұстауды және нақты, дәл қимылдарды істеуді талап етеді. Сондықтан жеткіліксіз жарықтандыруда және өзін жаман сезінгенде жұмыс істеуге болмайды.
7. Жұмыс істеу кезінде жоғарыда көрсетілген ережелерді сақтау және де мұғалімнің ағымды тапсырмасын орындау керек, құрылғының дұрыстығына қарап отыру және бөтен дыбыс пайда болғанда тез арада жұмысты тоқтатып немесе құрылғыны өшіріп мұғалімге айту керек.
8. Жұмыс біткен соң тумблерді өшіріп, құрылғыны жұмсақ таза матамен сүртіп, құрылғыны чехолмен жабу керек.
9. Сіз осы ережелерді білу және орындауға міндеттісіз. Мұғалімнің тапсырмасын дұрыс орындау керек, бұл бақытсыздық жағдайдан сақтайды.
