 
        
        - •2. Шумақтық фильтрацияның артуы және азаюы, себептері, даму механизмдері.
- •7. Обструктивті уропатиялар этиологиясы және патогенезі. Зәр шығару жолдарының дегенеративті өзгерістері.
- •12,Гормондар белсенділігінің безден тыс бұзылыстарының механизмдері.
- •23, Қанның артық ыдыралу нәтижесінде дамитын анемиялар. Мембранопатиялар, энзимопатиялар, гемоглобинопатиялар.
- •Тж этиологиясық себептері:
- •63, . Тыныс жетіспеушілігінің диффузиялық түрі. Даму себебі.
- •65, Жаңа туылған нәрестелердегі респираторлы – дистресс синдромының патофизиологиялық сипаттамасы. Ересектерде дамитын респираторлы – дистресс синдромнан айырмашылығы.
- •66, Өкпе ателектазының этиологиясы және патогенезі.
- •Іш қату – тоқ ішектің сирек босаңсуымен нәжістің кідіруі.
- •81, Жүрекке жүктеме түсу кезінде компенсаторлы гиперфункция және гипертрофия, олардың дамуы және механизмі.
- •Артериялық гипертензия (аг)
- •Патогенезі
1. Бүйрек қызметтерінің бұзылыстарын тудыратын этиологиялық факторлар. Туа биткен бүйрек аурулары: поликистоз, гипоплазия,Фанкони синдромы, т.б. Жүре пайда болған бүйрек қызметінің бұзылыстары: 1.Бүрекалдылық (пререналдық)себепкер ықпалдар-бүйрекке дейінгі ағзалар мен жүйелердің, жалпы организмнің бұзылыстары жатады. Оларға: жандүниелік күйзелістер (эмоциялық ауыртпалықтар, стресс), жалпы қан айналым бұзылыстары (жүрек аурлары, атеросклероз, АГ), айналымдағы қан көлемінің азаюы (қансырау, сілейме, организмнің сусыздануы,коллапс) , эндокриндік аурулар, инфекциялық аурулар (сепсис, тырысқақ, скарлатина,күл, баспа, т.с.с) , эритроциттердің артық гемолизі, бұлшықеттер миолизі, жалпы гипоксия ; 2. Бүйректік (реналдық) – бүйрек тініне тікелей бүліндіргіш әсер етеді. Олар: инфекциялық (вирутар, стрептококтар,туберкулез таяқшалары, гонококктар, т.б. микробтар әсері); бейинфекциялық(химиялық улы өнімдер, дәрі-дәрмектер, аутоиммундық үрдістер, бүйрек өспелері, бүйректің беріштенуі, т.б. әсері) ; 3. Бүйректен кейінгі (постреналдық) себепкер ықпалдар – зәр жүретін жолдардың таспен, қуық асты безінің өспесімен т.с.с тарылып, бітеліп қалуы.
2. Шумақтық фильтрацияның артуы және азаюы, себептері, даму механизмдері.
Артуы себептері: қанда коллоидтық-осмостық қысым төмендеуінен болады, яғни қатты ашығу, несеппен коп нәруыздардың сыртқа шығарылуы, бауыр жеткіліксіздігі кезінде қан нәруыздарының аз түзілуі, организмниің гипергидратациясы кезінде----» шумақтардың тіректік мембранасы мен подоциттерінің өткізгіштігі көтерілгенде - несеп көп сүзіледі.
Азаюы: қанда коллоидтық-осмостық қысым көтерілуінен болады, яғни организмнің сусыздануы, гиперпротеинемиямен қабаттасатын аурулар кезінде; шумақ қылтамырларында қан қысымы төмендеген кезде байқалады
3. өзекшелік реабсорбцияның бұзылысы. Тубулопатиялар, себептері, патогенезі. Тубулопатиялар(лат. tuba-түтік, өзек; гр. Pathos-дерт) – бүйрек өзекшелерінің бұзылыстары.Туа пайда болған тубулопатиялар – әр түрлі тұқым қуалайтын гендік аурулардың нәтижесінде бүйрек өзекшелерінде заттардың кері сіңірілуін және секрециясын қамтамасыз ететін ферменттердің болмауынан немесе олардың белсенділігі аз болуынан дамиды. Жүре пайда болған тубулопатиялар – мына жағдайларда дамуы мүмкін: бүйрек өзекшелеріндегі эпителий жасушаларының құрылымдық бүліністерінен; дәрі – дәрмектер, улы заттар әсерлерінен бүйрек өзекшелерінде заттар кері сіңірілуін қамтамасыз ететін ферменттердің белсенділігі төмендеуінен; бүйрек өзекшелерінде заттардың кері қанға сіңірілуін қадағалайтын гормондардың (алдостерон, вазопрессин) түзілуі мен секрециясы бұзылыстарынан; кері сіңірілетін заттардың (глюкозаның, нәруыздардың, т.с.с) алғашқы несепте тым көп болуынан бүйрек өзекшелеріндегі эпителий жасушаларының қызметі қалжырауынан.
4. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері ( гипо-, гипер-, изостеруриялар), даму механизмдері.Несептің салыстырмалы тығыздығы бүйректің қоюландыру – сұйылту қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Сау адамда несептің салыстырмалы тығыздығы 1,016-1,020 арасында болады және ол ішілген сұйықтықтың мөлшеріне қарай тәулік бойында 1,002-1,035 аралығында толқуы мүмкін. Гипостенурия - несептің салыстырмалы тығыздығы тәулік бойы төмен деңгейде (1,012-0,006) өзгеріссіз толқуы. Ол бүйректің несепті қоюландыру – сұйылту қабілеттілігінің азаюын көрсетеді. Изостенурия - несептің салыстырмалы тығыздығы нефрон шумақтары сүзіндісінің (алғашқы несептің) тығыздығымен бірдей (0,010) болуы және оның, қабылданған тамақ пен судың мөлшеріне қарамай, осы мөлшерде тұрақты ұсталып тұруы. Ол бүйректің несепті қоюландыру – сұйылту қабілеті мүлде жоқтығын көрсетеді. Гиперстенурия - несептің салыстырмалы тығыздығы тәулік бойы жоғары деңгейде (1,035 тен жоғары) өзгеріссіз толқуы. Ол бүйректің несепті қоюландыру – сұйылту қабілеттілігінің артуын көрсетеді.
6. Зәрдің құрамының өзгерісі. Протеинурия, гематурия, пиурия, даму механиздері. Зәр құрамының өзгеруі – зәрде нәруыздардың, эритроциттердің, лейкоциттердің, цилиндрлердиің шамадан тыс артық пайда болуы. Олар әр түрлі бүйрек ауруларының көрсеткіші болып есептеледі.Протеинурия – тәулігіне несеппен 0,1 грамнан артық нәруыз шығарылуы, ол қан плазмасы нәруыздарының нефрон шумақтары артық сүзілуінен дамиды. Гематурия – зәрде эритроциттердің пайда болуы, нефрон шумақтары арқылы өткен эритроциттер гемолизге ұшырап, несепте олардың қабығы ғана қалады(гломерулонефрит, несеп жолдарының бүліністерінде). Пиурия – несепте лейкоциттердің коп болуы, ол несеп жолдарының қабынуларын көрсетеді.
