Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dinamika_okonchatelny_variant.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.6 Mб
Скачать

5.Іске қосу мен тежеу кезінде лифт арқанның артық жүктелуін анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар. Ротор және муфтажүгі бар кабина мен қарсысалмақтың келтірілген инерция моментін анықтау. Жүк арқанның және қарсысалмақ арқанының максимал жүктелуін табу. Жүк арқаны мен қарсы салмақ арқанның тежелу кезіндегі максимал жүктелуді есептеу.

Әдебиет : [4], с. 245…247.

Бақылау сұрақтары :

  1. Қай формуламен арқан жетекті шкив перифериінде келтірілген инерция моментін қалай анықтайды?

  2. Қарсы салмақты периферия кабинаның келтірілген инерция моментін қалай анықтайды?

  3. Тежелу кезінде жүк арқанның максимал жүктемесін қалай табады?

  4. Лифт қарсы салмағының жүк арқандары үшін артық жүктелу коэфициентін қалай анықтайды?

6.Жүк көтеру крандарының көтеру механизмінің металл құрылымының серпінділігін ескерудегі есебі.

Әдістемелік нұсқаулар. Серпінді негізде орналасқан көтеру механизмінің динамикалық сұлбасын құру. Кран – жүк жүйесінің мәжбүрлі тербелісін анықтау үшін Лагранж теңдеуін құру. Тербеліс теңдеуінің толық шешімін табу. Ілмекке және кранға динамикалық жүктелуді анықтау. Ілмек және кран үшін динамикаларының коэффициенттерімен көтеру үрдісінің динамикасын бағалау.

Әдебиет : [1], с. 254…258

Бақылау сұрақтары:

  1. Лагранж теңдеуі бойынша ілмектегі жүгі бар кранның тербеліс теңдеуін құрудағы кинетикалық және потенциалдық энергиясын қалай анықтайды?

  2. Лагранж формуласында берілген жүйенің бос гармоникалық тербелісінің теңдеуін жаз.

  3. Ілмек және кран үшін динамикалық коэффициентімен жүкті кранмен көтеру үрдісінің динамикасын бағалау.

7. Ауыр трассалы конвейердің динамикалық параметрлерін анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар.Төсемше типін таңдау және оның енін анықтау. Трассаның сипатты нүктелеріндегі керуді анықтау. Динамикалық күшті ескергендегі керілуін анықтау. Тартым шынжырының есептік керілуін табу және оны МЕСТ арқылы таңдау.

Әдебиет : [5], с.168…171.

Бақылау сұрақтары:

  1. Конвейер тақтайының қозғалысының жылдамдығын таңдауда ескерілетін факторларды ата.

  2. Қай формуламен конвейердің тартым элементінің динамикалық күшін есептейді.

  3. Тартым шынжырының есептік керілуін қай тәуелділікпен анықтайды.?

  4. Конвейердің тартқыштың шынжырының қор коэффициенті қалай тексеріледі?

8.Порционды сыналған конвейер қырғышының динамикалық параметрін анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар. Науаша өлшемін анықтау. Конвейердің жүріс бөлігінің қозғалысына кедергі коэффициенті мен массасының есептік таралуын табу, жетекші жұлдызшадағы айналым тарту күшін, динамикалық күшті ескергендегі тарту шынжырының есептік керуін анықтау және оны МЕСТ бойынша таңдау.

Әдебиет : [5], с.187…190.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қырғыш ковейерінің жұмысы қандай қағидаға негізделген?

  2. Конвейердің тартқыш элементіндегі динамикалық күшті анықтайтын формуланы келтір.

  3. Таңдалған шынжырдың беріктік қор коэффициентін қай тәуелділікпен анықтайды?

9.Кездейсоқ түсіру кезінде арқандағы драглайн шөмішінің тербеліс параметрінің есебі.

Әдістемелік нұсқаулар. Даламбер принципін басшылыққа ала отырып, шөміш теңдеуін оны кездейсоқ түсірген сәтте құру. Бос шөміштің тоқтамайтын тербелісінің дифференциал теңдеуін есептеу. Шөмішті кездейсоқ түсріген жағдайда Лагранж әдісін қолданып, бос шөміштің тербеліс теңдеуін табу. Екі әдіс пен де алынған драглайн шөмішінің қозғалыс теңдеуін салыстыру.

Әдебиет : [12], с.107…117

Бақылау сұрақтары:

  1. Жүйе қозғалысында орналасқан Даламбер принципін қолдану неден тұрады?

  2. Тербеліс жүйесі үшін Лагранж теңдеуін келтір.

  3. Арқанның келтірілген массасын ескергендегі оны кездейсоқ түсіруден кейін тогалы шөміштің инерциялық энергиясы неге тең?

10.ДТ -54 тракторлы Д-354 скрепер жұмыс органымен ілінісу қондырғысына әсер ететін динамикалық жүктелуін анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар. Қазу кезіндегі қырғыштың жұмыс органына және ілінісу қондырғысына максималь жүктелуді анықтау. Абсолютті қатты кедергімен кездескендегі ілінісу қондырғысына кездейсоқ жүктелуді табу. Сақтандырғыш элементінің қатаңдығын, оның серпімді деформациясын анықтау және оны шекті мәнмен салыстыру.

Әдебиет : [2], с.146…149

Бақылау сұрақтары:

  1. Біртекті топырақтарды қазғандағы жұмыс органына максималды жүктелуді анықтау формуласын келтіру.

  2. Абсолютті қатты кедергімен және гранитті глибармен кездескендегі ілінісу қондырғысына кездейсоқ жүктелуді қалай анықтайды?

  3. Сақтандырғыш элементінің қатаңдығы және оның максималь серпімді деформациясы қалай табылады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]