Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dinamika_okonchatelny_variant.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.6 Mб
Скачать

2.4. Тәжірибелік (семинарлық ) дәрістер жоспары.

1.Көпірлі кранның көтеру механизмінің біліктеріне келтірілген динамикалық параметрлерді анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар. Қозғалтөыштың екі сатылы бәсеңдеткіштер және жүк көтеру полистпасты бір атанақтан тұратын көтеру механизмі үшін қозғалтқыш білігіне , атанақ білігіне келтірілген инерциялық моментінің қосындыларының мәндерін анықтау,жетектің айналу білігінің жүгіне келтірілген қосындыларының массалырын табу.

Әдебиет : [ 10 ], с. 149 …. 150.

Бақылау сұрақтары :

  1. Қозғалтқыштан ары орналасқан жетек элементінің аз әсерін көп жағдайда қандай түрде ескереді?

  2. Қозғалтқыштан механизмнің орындаушы органының жағын инерция моменті мен массаны келтіру ережесін кқрсет.

  3. Орындаушы органнан қозғалтқыш жаққа қарап инерция моменті мен массаны келтіру ережесін көрсету.

2.Іске қосу кезіндегі кран арбаның қозғалу механизмінің элементіне динамикалық жүктелуді анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар. Қозғалтқыштан,муфта, бәсеңдеткіш және жүріс дөңгелегінен тұратын кран арбаның қозғалу механизмі үшін үдемелі күшті анықтау. Арбаның жүріс дөңгелегіне келтірілген қозғалатын элемент массасын механизмнің қозғалатын элементінің массасын анықтау. Іске қосудағы механизм қабылдайтын максимал күшпен артық жүктелу коэффициентін есептеу.

Әдебиет : [4], с.241…244

Бақылау сұрақтары :

  1. Жүріс дөңгелегінің ободына келтірілген максималды іске қосу күшін қалай анықталады?

  2. Үдемелі (артық) күшті қандай тәуелділікте анықталады?

  3. Арбалардың жүріс дөңгелегінің ободына келтірілген қозғалтқыш элемент массасын анықтайтын формуланы жазыңыз.

  4. Іске қосу кезінде қозғағыш механизмі қабылдайтын максималды күшті қай формуламен есептелінеді?

  5. Артқы жүктеу коэффициентін қай күштерге қатысты табады?

3.Айдау және тежеу кезінде кранның бұрылу бөлігі мен айналу механизмі элементіне динамикалық жүктелуді анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар. Айдау кезінде жетектің және бұрылу бөлігінің айналу массаларының қосындысына келтірілген инерция моментін анықтау. Бұрылу бөлігі артық моментті табу. Кранның айналу массасының келтірілген инерция моментін есептеу және кран мен қозғалыс білігінің бұрылу білігіне әсер ететін динамикалық моментті анықтау. Жоғарыда келтірілген параметрлерді кранды тежеу жағдайында анықтау. Әдебиет : [6], с. 280…281

Бақылау сұрақтары :

  1. Кранның бұрылу бөлшектерінде артық моментті қалай табады?

  2. Бұрылу бөлігі айналу осінен келтірілген кранның айналу массасының инерция моментін қандай тәуелділікте есептейді?

  3. Кранның бұрылу бөлшектерінде тежелу моментін қай формуламен анықтайды?

  4. Тежеу кезінде қозғалтқыш білігіндегі динамикалық моментті анықтау үшін формуланы жаз.

4.«Салмақтар» және «қармаушылар» жүкті көтеру кезінде жүк көтеру шығырының арқанының динамикалық жүктелуін анықтау.

Әдістемелік нұсқаулар. Жүкті «салмақпен » көтеру жағдайында көтеру механизмінің қажетті динамикалық параметрлерін табу: қозғалтқыш роторының атанақ білігіне келтірілген инерция моментін; атанақ перифериясына келтірілген жүк массасы және динамикалық коэффициенті. Жүкті «қармауышпен» көтеру жағдайында серпімді буынның максимал жүктемесі мен артық жүктелу коэффициентін табады.

Әдебиет : [4], с. 259

Бақылау сұрақтары:

  1. Қай формуламен атанақ перифериясына келтірілген жүк массасын анықтайды?

  2. Жүкті «салмақтан » көтеру күйінде атанақ білігіне келтірілген өозғалтқыш және басқа элементтің роторының инерция моментін қалай табады?

  3. Көтерудің екі жағдайында серпімді буынның артық жүктелу коэффициентін анықтайтын формуланы жаз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]