- •2.Сэқ негізгі түрлері мен нысандарын атап көрсетіңіз. Қр сэқ басқару институттарын атаңыз.
- •3.Әлемдік нарықтағы контрагенттерді айқындап оның түрлері мен түсінігін атаңыз.
- •4.Қр сэқ субъектілерін сипаттаңыз және олардың негізгі функцияларын түсіндіріңіз
- •5.Халықаралық инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •6.Халықаралық өндірісітк кооперцияның негізгі нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
- •8.Тұк құрылымын ашыңыз және тұк жүйесіндегі трансферттік баға белгілеуді түсіндіріңіз.
- •9.Халықаралық қарсы мәмілелерінің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
- •10.Валюталық бағамдардың түрлері мен ұғымдарына анықтама беріңіз
- •11.Валюталық бағамды басқарудың құралдарын атаңыз және оларға түсінктеме беріңіз.
- •12.Сэқ тәуекелдерінің түрлері мен түсінігіне сипаттама беріңіз.
- •13. Мемлекеттің төлемдік балансы түсінігін, оның тәртіптері мен қағидаттарына сипаттама жасаңыз.
- •14. Мемлекеттің резиденті және бейрезиденті деген ұғымдарын түсіндіріңіз.
- •15.Кәсіпкерлік қызметтегі тәукелдер қандай және оларды қалай төмендету керек.
- •16.Биржалық және аукциондық сауданың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын атаңыз.
- •17.Кәсіпорынның активтері мен пассивтерін атаңыз және не екенін түсіндіріңіз.
- •18.Халықаралық сауда мәмілесін дайындау кезеңдерін атап түсіндіріңіз
- •19.Қарсы мәміле мен бартерлік мәміленің не екендігін түсіндіріңіз.
- •20.Қарсы сауда мен саудалық өтемақы (компенсация) не екендігін түсіндіріңіз.
- •Қарсы сауда мен өнеркәсіптік өтемақы (компенсация) не екендігін түсіндіріңіз.
- •25.Саудалық делдалмен жасалатын келісімдердің шарттарын айқындап оларды атаңыз
- •26.Жалдық мәмілелердің түрлері мен түсінігін ашып көрсетіңіз.
- •27.Сыртқы сауда келісімшартының құрылымын ашып көрсетініңз
- •30.Алдын ала төлеу, Ашық шот, Аккредитив және Инкассоның ерекшеліктері мен айырмашылықтарын атаңыз.
14. Мемлекеттің резиденті және бейрезиденті деген ұғымдарын түсіндіріңіз.
Резидент – белгілі бір мемлекетте бекітілген және толығымен сол мемлекеттің ұлттық заңына бағынатын заңды және жеке тұлға.
Бейрезидент – өзінің қызметін бір мемлекетте жүзеге асыратын, бірақ өзі басқа мемлекетте тіркелген және басқа мемлекетте тұратын заңды және жеке тұлға.
Яғни сонымен резидент дегеніміз белгілі бір мемлекетте, әрдайым, тұрақты өмір сүретін заңды және жеке тұлғаны айтады. Резидент статусы жеке тұлғаның жұмыс істейтін орны, қызметі және тұратын жері арқылы анықталады.
Бірақ бұл терминдердің көптеген мағынасы бар. Дипломатияда резидент деп мемлекеттен тыс барлық ресми өкілін және өкілеттіктерін айтады. Ал экономикада резидент деп белгілі бір мемлекет территориясында тіркелген бірақ заңды тұлға болып саналмайтын ұйымды немесе мекемені айтады. Салық жүйесінде резидент деп салық төлеу субъектісі саналады.
Бұл термин латын тілінен аударғанда «residens» «отырған » немесе «бір орында тұрған » дегенді білдіреді.
Резиденттердің бірқатар міндеттері болады. Олар: тұрып жатқан мемлекеттің салық заңнамасына сәйкес салық төлеу;
Өзінің экономикалық қызметінде сол мемлекеттің экономикалық заңына бағыну қажет.
Бейрезидент – белгілі бір мемлекетте өмір сүретін бірақ басқа мемлекетте тіркелген заңды және жеке тұлғаны айтады.
Сонымен қатар заңды тұлға емес ұйымдарда бейрезидент бола алада егер олар шетел мемлекеттің заңымен сәйкес құрылған, және мемлекетте орналасқан дипломатиялық және ресми өкілдіктерде бола алады, сонымен қатар халықаралық ұйымдар, олардың филиалдары және өкілдіктер бейрезиденттер бола алады.
Негізінде бұл термин құқыққа жәнне тұлғалардың қаржылық және салықтық құқықтық қатынастарына сай қолданылады.
Кейбір мемлекеттерде резидент деп мемлекет ішінде барлық құқығы мен міндеттері бар шетел азаматтарын атайды.
Резиденттердің және бейрезиденттердің салық төлеу тәртібі:
ҚР ның салық салық кодексіеің 188 бабына сәйкес мемлекетке келесі тәртіпте салық төлейді:
Резиденттер- ҚРдағы қайнаркөзден түскен табыстан салық, ҚР нан тыс түскен табыстан салық төлейді. Ал Бейрезиденттер салықты тек қана ҚР ның қайнар көзінен түскен табыстан салық төлейді.(міндетті түрде ҚР ның салық кодексіне сәйкес).
15.Кәсіпкерлік қызметтегі тәукелдер қандай және оларды қалай төмендету керек.
Кәсіпкерлік қызметтегі тәукелдер қандай және оларды қалай төмендету керек.
Нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекенің күшеюі және айқынсыздық жағдайында кез келген кәсіпкерлік қызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тәуекелге барады және қабылданатын басқару шешімдерінің салдары үшін жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкерге ресурстарды үнемдеуді, жаңа жобалардың, коммерциялық мәмілелердің және кәсіпкерлікті іске асырумен байланысты өзге де жағдайлардың тиімділігін есептеуге ерекше назар аударуды талап етеді. Кәсіпкерлік қызметте тәуекел факторы неиелердің қымбаттауы, инфляциялық үрдістердің туындау мүмкіндігі, экономиканың тұрақсыздығы немесе дағдарысқа ұшырау қаупі жағдайында арта түседі. Тәуекел - бұл жоспарланған табыс көлемін ала алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау ықтималдығы. Басқаша айтқанда, қолайсыз жағдайлармен, экономикалық қызмет шарттарының кездейсоқ өзгеруімен байланысты, күтілген табысты, ақшалай қаражаттарды немесе мүлікті жоғалтудың туындау қаупі. Ал, кәсіпкерлік тәуекел деп белгіленген іс-шара іске аспаған, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберілген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдығын айтамыз. Ол белгілі бір уақыт кезеңі ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың айқынсыздығы түсінігімен тығыз юайланысты. Кәсіпкерлік тәуекелдердің пайда болуына алып келетін мынадай себептерді атап көрсетуге болады: экономикалық дағдарыс, инфляцияның жоғары қарқыны, саяси тұрақсыздық, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жауапсыздығы, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнамалық және номативтік-құқықтық актілердің жиі өзгеруі, кәсіпкерлердің бір бөлігінің өз қызметіне деген жеке жауапкершілігінің болмауы, салық заңнамаларының жетілмеуі, жат пиғылды (әділетсіз) бәсекенің орын алуы және т.б.
Кәсіпкерлік тәуекелге әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады. Ішкі факторларға басшының немесе қызметкерлердің жіберген қателіктері, дұрыс шешім қабылдай алмауы, тәжірибесіздігі, өзгермелі жағдайға тез бейімделе алмауы кәсіпкердің білімі мен біліктілігі, нақты жағдайды талдау және болашақтты болжау мүмкіншілігі және т.б. жатққызылады. Ал, сыртқы факторларға келесілер жатады: инфляция, банктің пайыздық ставкалары мен несиелеу шарттарының өзгеруі, салық ставкалары және кедендік рәсімдеу жүйесінің өзгеруі, нормативтік-құқықтық актілер мен заңнамалардағы өзгерістер мен толықтырулар, бәсекелік орта, саяси жағдайлар, елдегі экономикалық жағдай және т.б.
Кәсіпкерлік тәуекелді көбінесе өндірістік, коммерциялық және қаржылық деп үшке бөліп қарастырады.
Өндірістік тәуекел өнім өндіру кезінде немесе өндірістік қызмет үрдісінде туындайды. Өндірістік тәуекелдің себептеріне жоспарланған өндіріс көлемінің төмендеуін, кәсіпкердің тапсырыс берушілермен жасалған келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдығын, материалдық, еңбек шығындарының өсімін, баға саясатындағы қателіктер, т.б. жатқызуға болады.
Коммерциялық тәуекел өнімді (қызметті, жұмысты) сатумен, шикізаттар мен материалдарды сатып алумен, т.б. байланысты орын алады. Оның негізгі себептеріне логистика жүйесіндегі кемшіліктер, шикізат тапшылығы немесе шикізаттар мен материалдармен өз уақытында және қажетті қажетті көлемде қамтамасыз ете алмау, т.б. жатады.
Қаржылық тәуекел кәсіпкердің қаржы институттарымен қарым-қатынасы кезінде туындауы мүмкін. Ол ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупін білдіреді. Қаржылық тәуекел инфлияциялық факторлар, банк ставкаларының өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі т.б. себептерге байланысты пайда болады.
Тәуекел дәрежесін төмендетудің әдістері:
- әртараптандыру(диверсификация);
- лимиттеу;
- секьюритизация;
- өзін-өзі сақтандыру;
- сақтандыру;
Әртараптандыру (диверсификация) инвестицияланатын қаражаттарды бір-бірімен өзара тікелей байланысты емес бірнеше тәуекелді операциялар бойынша бөлуді білдіреді. Әртараптандырудың мақсаты сәтсіздіктің алдын алу немесе сақтандыру болып табылады. Яғни, бір мезгілде бірнеше операциялар бойынша сәтсіздікке қарағанда бір операция бойынша сәтсіздіктің ықтималдығы және одан болатын жоғалтулар әлдеқайда төмен болады. Әртараптандырудың мысалы ретінде әр түрлі валютада салынған депозиттік салымдарды айтуға болады.
Лимиттеу тәуекелді операцияларда пайдаланатын ресурстардың мөлшеріне шектеулер қоюды білдіреді. Осылайша кәсіпкерлік қызметте тәуекелден болатын қауіпті зияндардан сақтанады. Мәселен, несиеге берілетін қаражаттар көлемін шектеу, менеджерлерге белгіленген мөлшерден жоғары қаражаттарға иелік етуге тыйым салу.
Хеджерллеу кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелді (толықтай немесе ішінара) кооперацияға қатысушы әріптестермен бөлісуді білдіреді. Мұнда кәсіпкерлік қызметтің нәтижесі кооперацияға қатысушы әріптестерге тікелей байланысты болады. Сондықтан хеджерлеу тәуекелді әрекеттің салдары үшін жауапкершіліктің бір бөлігін әріптеске жүктейтін қарама-қарсы міндеттемелерді құруды көздейді. Мысалы, өңдеуші кәсіпорында табысты толық көлемде ала алмаутәуекелін оған шикізат жеткізуші кәсіпорынмен бөлісу.
Секьюритизация екі банктің арасында несиелеу тәуекелдерін бөлу, оның бірі несиелеу келісімшартын әзірлейді және дебиторлармен келісімшартқа отырады, ал екіншісі дебиторларға несие берумен айналысады.
Өзін-өзі сақтандыру деп тәуекелді операциялардан болуымүмкін зияндарды жабу үшін кәсіпкерлер өздерінің меншікті резервтік қорларын құруды айтамыз. Мұндай қорлардың болуы тәуекелдің теріс салдарын тез арада жоюға мүмкіндік береді.
Сақтандыру тәуекелді төмендетудің негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Ол тәуекелмен байланысты зиян шеккен жағдайда жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауды білдіреді. Мұнда зиян шеккен тұлғаға алдын ала енгізген ақшалай жарналары есебінен төлем жасау жүзеге асырылады. Сақтандыру осы мақсатта арнайы құрылған кәсіби ұйымға тәуекелдің бір бөлігін беру арқылы тәуекел дәрежесін төмендетуге мүмкіндік береді.
