Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вэдп (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.54 Кб
Скачать

8.Тұк құрылымын ашыңыз және тұк жүйесіндегі трансферттік баға белгілеуді түсіндіріңіз.

Трансұлттық корпорация, Ұлтаралық корпорация — келісілген саясат пен ортақ стратегия жүргізуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдау жүйесіне сәйкес екі немесе одан көп елде жұмыс істейтін бөлімшелері бар, орналасқан еліне, меншік нысанына тәуелсіз жекеше, мемлекеттік немесе аралас кәсіпорын; шетелге тікелей қаржы (инвестиция) салушы фирма. Трансұлттық корпорацияның қай елдікі екені оның штаб-пәтері орналасқан ел бойынша анықталады. Төлем балансы тұрғысынан шетелдік кәсіпорынның кез келген несие беруі немесе акцияларды (жарғылық капиталдағы жарнапұлды) сатып алуы шетелдің тікелей қаржы салуына жатады.

Трансұлттық корпорациялар жаһандану үдерісінің негізгі факторы ретінде қарастырылады. Трансұлттық компаниялар бұл орталықтандырудың жоғары деңгейіне ие.   Ол ұйымдастырудың филиалдық жүйесін қолданатын экономикалық және зияткерлік күшті көпсалалы компаниялар. Оларға капиталдың халықаралық аумақтық және салалық қозғалысы тән. Трансұлттану үдерісі өнеркәсіптік фирмалардың, банктердің, қызмет көрсету саласы компанияларының халықаралық қызметінің ұлғаю үдерісі ретінде қарастырылады, ол ұлттық компаниялардың трансұлттыққа айналуына әкеледі. Ол басқа елдердің фирмаларының жұтылуы есебінен капиталдың араласуымен, бірлескен компанияларды құрумен, шетел банктерінің қаржылық құралдарын тартумен сипатталады. Қазіргі таңда трансұлттық корпорациялар – бұл орталықтанудың жоғары деңгейіне ие, ұйымдастырудың филиалдық жүйесін қолданатын экономикалық және зияткерлік күшті көпсалалы компаниялар, оларға капиталдың халықаралық, аумақтық және салалық қозғалысы тән. 

Трансферт[1], трансфер (фр. transfert – табыстау; лат. transfero– аудару, көшіру) –

  1. акционерлік сертификатқа меншік құқығын сатушы-делдалдан сатып алушы-делдалға заң жүзінде ауыстыра отырып табыстау. Бағалы қағаз иесі өзінің атаулы бағалы қағазына меншік құқығын осы бағалы қағаз табысталатын тұлғаны көрсетпестен табыстауы туралы қол қойған құжаты баланстық (теңгерімдік) "Трансферт" немесе "бланкілік Трансферт", екі елдің коммерциялық банктері арасында күні бұрын келісілген валюталық соманы өзара алмасу жөніндегі банк операциясы "валюталық Трансферт", чектің, вексельдің, коносаменттің, тағы басқа сыртқы бетіне индоссаменттің табыстау жазбасын жазуы жолымен бағалы қағазға меншік құқығын беруі "индоссаменттік Трансферт" деп аталады;

  2. акциялар немесе басқа да атаулы бағалы қағаздар бойынша меншік құқығының ауысуын акционлық қоғамның кітабында тіркеу. Жаңа акционердің есімі жазылғаннан кейін дивиденд, акционерлердің жиналысы туралы хабарлама, эмитент бағалы қағаздардың ұстаушыларына жолдайтын басқа да ақпарат жаңа иеленушіге тікелей жолданады;

  3. бюджет аясында бюджет жүйесінің бір деңгейдегі бюджетінен қаражатты екінші деңгейдегі бюджетіне аударудың, бюджеттік реттеу тәртібімен салықтан аударудың кез келген нысаны. Трансферт көмегімен жергілікті бюджеттер, халықты әлеуметтік қорғау органдары халыққа міндетті төлемдерді: мемлекеттік заңнамамен белгіленген зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы, өтемақы, тағы басқа әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру үшін қаражат алады;

  4. шетел валютасын немесе алтынды бір елден екінші елге, ақшаны бір қаржы мекемесінен екінші қаржы мекемесіне аудару, екі немесе бірнеше елдің валюталарын ыңғайласпа аудару жөніндегі банк операциясы.

Трансферттік баға

Ірі фирмалардың, әсіресе, бірнеше елде орналасқан ұлтаралық корпорациялардың қаржы жөнінен дербес бөлімшелері арасындағы есеп айырысу бағасын трансферттік баға деп атайды. Бұл баға дағдылы міндетпен қатар тек соған ғана тән ерекше міндет – пайданы бір елден екінші елге аудару (соның ішінде пайданы салық салудан жасыру мақсатымен) үшін пайдаланылады. Мұндай баға сондай-ақ фирманың жалпы алғанда кеден бажы, экономикалық нормативтер, тағы басқа факторлар деңгейіндегі айырмашылықты шебер пайдалану жолымен қаржы жөнінен ақырғы жақсы нәтижеге жетуіне де көмектеседі. мысалы пайдаға салық неғұрлым жоғары салынатын елден фирманың жергілікті бөлімшесінің өнімі оның басқа кәсіпорындарында пайдалану үшін ең төмен бағамен әкетіледі. Осы орайда пайда түгелімен оның ең аз бөлігі салық төлеуге кететін жерде іске асырылады.

Трансферттік баға - халықаралық бірігулер, фирмалар, компаниялар мен ұлтаралық корпорациялар (оның ішінде әр түрлі елдер мен аймақтарда орналасқан олардың бөлімшелері мен филиалдары арасында) аясында тауар мен қызметті жабдықтау есебінде қолданылатын бағалардың әр түрлілігі. Трансферттік бағаны қолдану жартылай дайындалған өнімдермен, тораптармен, жиынтықтаушы бұйымдардың бөлшектерімен және т.б. жабдықтау саласында болады. Әдеттегі ше, шетелдік фирмалардың тәжірибесінде трансферттік баға коммерциялық құпияның мәні болып табылады.

Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды               жүзеге асыру

      1. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау (бұдан әрі - бақылау) мынадай:       1) халықаралық іскер операциялармен жүзеге асырылады.       Бұл ретте осы тармақшаның мақсаты үшін:       тауарлар экспорты – кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағынан тауарларды әкету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды әкету;       тауарлар импорты – кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан тауарларды әкелу;       2) Қазақстан Республикасының аумағында:       тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша;       салықтар бойынша жеңілдіктері бар тараптардың бірімен;       мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салық кезеңі ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шеккен тараптардың бірімен жасалатын халықаралық іскерлік операциялармен тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.       2. Бақылау уәкілетті органдардың:       1) мәмілелер мониторингін;       2) тексерулер;       3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де рәсімдерді жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.       3. Осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын бақылау жүргізу кезінде уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тәртібін уәкілетті органдар айқындайды.       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Уәкілетті органдардың өкілеттіктері

      1. Уәкілетті органдар бақылауды жүзеге асыру мақсатында:       1) мәмілеге қатысушылардан, мемлекеттік органдардан және үшінші тұлғалардан нарықтық баға мен дифференциалды айқындау үшін қажетті ақпаратты, сондай-ақ мәмілелер мониторингін жүргізу үшін басқа да деректерді сұратуға;       2) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       3) мәмілелер мониторингін жүзеге асыруға;       4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);       6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға құқылы.       2. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.       3. Уәкілетті органдар:       1) мәмілеге қатысушылардың құқықтарын сақтауға;       2) мемлекет мүдделерін қорғауға;       3) қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаның негізділігін растайтын басқа да ақпаратты қарауға;       3-1) мәмілеге қатысушының трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға өтінішін мәмілеге қатысушыдан өтініш алған күннен бастап тоқсан жұмыс күні ішінде қарауға;       3-2) мәмілеге қатысушының өтінішін қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасудан бас тартудың себептерін көрсете отырып, мәмілеге қатысушыға жазбаша жауап жіберуге;       4) мәмілелер мониторингі бойынша белгіленген есептілік нысандарын толтыру тәртібін түсіндіруге;       5) бақылауды жүзеге асыру барысында алынған мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;       6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша мәмілеге қатысушылардың шағымдарын қарауға міндетті.       4. Уәкiлеттi органдар осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкілеттіктердi орындайды.

әмілеге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

      1. Мәмілеге қатысушылар:       1) уәкілетті органдарға қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге;       2) уәкілетті органдардан Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасы жөнінде ақпарат және түсініктер алуға;       3) бақылауды жүзеге асыруға байланысты туындайтын мәселелер бойынша жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өз мүдделерін білдіруге;       3-1) бақылауды жүзеге асыру және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларға шағым жасау барысында қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты уәкілетті органдарға беруге;       4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тексеру актілері жөніндегі хабарламаларға және уәкілетті органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;       5) тексеруге дейін мәміленің бағасын және (немесе) салық салу объектілерін, сондай-ақ салық салуға байланысты объектілерді дербес түзетуге;       6) уәкілетті органдармен трансферттік баға белгілеуді қолдану жөнінде келісім жасасуға құқылы.       2. Мәмілеге қатысушылардың Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.       3. Мәмілеге қатысушылар:       1) осы Заңға сәйкес міндеттерін уақтылы және толық көлемде орындауға;       2) уәкілетті органдардың заңды талаптарын орындауға;       3) қолданылатын мәміле бағасының негізділігін растайтын есептілік пен құжаттаманы жүргізуге;       4) уәкілетті органдарға ақпаратты және мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті, сондай-ақ осы Заңда көзделген тәртіппен өзге де құжаттарды беруге міндетті.       Уәкілетті органдардың сұратуы бойынша мәмілеге қатысушы күнтізбелік тоқсан күн ішінде ақпаратты және қолданылатын мәміле бағасының негізділігін растайтын құжаттарды береді;       5) уәкілетті органдардың талап етуі бойынша тексерулер жүргізу барысында қолданылатын бағаның экономикалық негіздемесін, оның ішінде мәміленің бағасын растайтын құжаттарды және дифференциалды, нарықтық бағаны айқындау әдістерінің бірінің қолданылғаны туралы ақпаратты және қолданылатын бағаны растайтын басқа да ақпаратты беруге міндетті.       4. Мәмілеге қатысушылар осы Заңда көзделген өзге де міндеттерді орындайды.       Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]