- •2.Сэқ негізгі түрлері мен нысандарын атап көрсетіңіз. Қр сэқ басқару институттарын атаңыз.
- •3.Әлемдік нарықтағы контрагенттерді айқындап оның түрлері мен түсінігін атаңыз.
- •4.Қр сэқ субъектілерін сипаттаңыз және олардың негізгі функцияларын түсіндіріңіз
- •5.Халықаралық инвестициялық ынтымақтастықтың негізгі нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз
- •6.Халықаралық өндірісітк кооперцияның негізгі нысандарын атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
- •8.Тұк құрылымын ашыңыз және тұк жүйесіндегі трансферттік баға белгілеуді түсіндіріңіз.
- •9.Халықаралық қарсы мәмілелерінің түрлерін атаңыз және оларға анықтама беріңіз.
- •10.Валюталық бағамдардың түрлері мен ұғымдарына анықтама беріңіз
- •11.Валюталық бағамды басқарудың құралдарын атаңыз және оларға түсінктеме беріңіз.
- •12.Сэқ тәуекелдерінің түрлері мен түсінігіне сипаттама беріңіз.
- •13. Мемлекеттің төлемдік балансы түсінігін, оның тәртіптері мен қағидаттарына сипаттама жасаңыз.
- •14. Мемлекеттің резиденті және бейрезиденті деген ұғымдарын түсіндіріңіз.
- •15.Кәсіпкерлік қызметтегі тәукелдер қандай және оларды қалай төмендету керек.
- •16.Биржалық және аукциондық сауданың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын атаңыз.
- •17.Кәсіпорынның активтері мен пассивтерін атаңыз және не екенін түсіндіріңіз.
- •18.Халықаралық сауда мәмілесін дайындау кезеңдерін атап түсіндіріңіз
- •19.Қарсы мәміле мен бартерлік мәміленің не екендігін түсіндіріңіз.
- •20.Қарсы сауда мен саудалық өтемақы (компенсация) не екендігін түсіндіріңіз.
- •Қарсы сауда мен өнеркәсіптік өтемақы (компенсация) не екендігін түсіндіріңіз.
- •25.Саудалық делдалмен жасалатын келісімдердің шарттарын айқындап оларды атаңыз
- •26.Жалдық мәмілелердің түрлері мен түсінігін ашып көрсетіңіз.
- •27.Сыртқы сауда келісімшартының құрылымын ашып көрсетініңз
- •30.Алдын ала төлеу, Ашық шот, Аккредитив және Инкассоның ерекшеліктері мен айырмашылықтарын атаңыз.
12.Сэқ тәуекелдерінің түрлері мен түсінігіне сипаттама беріңіз.
СЭҚ-де тәуекелдердің түсінігі және түрлері
тәуекел – СЭҚ-қа қатысушылардың оның салдарынан ауыр деңгейде мемлекетке залал келтіруі және (немесе) келтірілуі мүмкін екендігін ескере отырып, кедендік заңнамаларын сақтамау мүмкіндігі.
Тәуекел – кәсіпорын қызметінің ажырамас ерекшелігі. Бұл қызметте белгісіздік дәрежесі жоғары. Басқа сөзбен, шешім қабылдай отырып кәсіпкер жобаны іске асыруға шығын көлемі жөнінде немесе жобадан түсетін пайда жайында нақты және анық ақпараты болмайды. Кәсіпкер тауар қоры көлемі жөнінен де ақпараты жеткіліксіз болады және т.б.
Кәсіпорын қызметінде тәуекел тауар сату және сатып алу бағасының айқынсыздығынан, пайыздық қойылымнан,сатуда шығарылатын өнім көлемі және т,б, болып табылады. Пайда көлемі тәуекелі кәсіпорынның қаржы жоспарында ұшырайды. Тәуекел өзін «жол болады – болмайды» деген қағида бойынша қорытынды есепте көрсетеді. Тәуекел өз болмысында болашақта анық пайда алу мүмкіндігінің құны, кәсіпорынның экономикалық еркіндігі б.т. Тәуекелде болжаған нұсқамен салыстырғанда шығынның көпке түсуі мүмкіндігі де болады.
Сыртқы сауда мәмілелері өте қиын және күрделі боып келеді, себебі ол әртүрлі тәуекелдердің үлкен көлемімен байланысты.
Тәуекел түрлері:
1.Саяси. Саяси тәуекел елдегі саяси тұрақсыздықпен байланысты.Ондай жағдай өркениетті инвесторларды саяси ахуалы нашар елге капитал салуын қорқытады.
3.коммерциялық. Ол байланысты: мәміле бекітілгеннен кейінгі тауар бағасының өзгеруі, импортердің тауарды қабылдаудан бас тартуы, тауар төлемінен кейінгі құжаттағы қателер, валюталық құралдарды теріс пайдалану мен ұрлау, жалған банкнотпен не чекпен төлем және т.с.с. жүкті тасымалдау кезінде.
4.инфляциялық тәуекел. – ол инфляциялық процеске байланысты қор құнының түсуі.
5.өтімді (ликвидный) тәуекел – керек көлемде қорды тез сату және сатып алу дәрменсіздігі.
6.несиелік тәуекел – қарыз алушының қарыз төлемеуі, сонымен қатар қарыз қызметініңтұрақсыздығы.
7.инвестициялық тәуекел – жұмыстан капиталды шығару мүмкін емес кезде салынған капиталды құнсыз ету
8.резервтік тәуекел – баға өзгерісі мен моральді тозумен қатысты запастарды құнсыз ету.
9.пайыздық тәуекел – банк пайыздық мөлшерлемесінің күтпеген жерден өзгеруі.
10.валюталық тәуекел – шетел валютасының күтпеген жерден өзгеруі. Коммерциялық тәуекел арасында валюталық тәуекел ерекше орынға ие.
13. Мемлекеттің төлемдік балансы түсінігін, оның тәртіптері мен қағидаттарына сипаттама жасаңыз.
Төлем балансы, төлем теңгерімі – елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі – тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы; “көзге көрінбейтін” алыс-беріс теңгерімі С көрсетілетін қызметтер мен бейкоммерц. төлемдерді қамтиды); капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі (мемлекеттік және жеке меншіктегі капиталдардың әкетілімі мен әкелінімін – халықаралық несие алу мен беруді көрсетеді). Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, бұл көрсеткіштер “көзге көрінбейтін” алыс-берістер бойынша, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі Төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді. Жарияланатын Төлем балансында іс жүзінде төленген немесе дереу өтелуге тиіс төлемдер мен түсімдер ғана емес, сонымен бірге халықар. талаптар мен міндеттемелер де, яғни есептесу теңгерімінің нышандары да қамтылады. Төлем балансы белгілі бір күнге немесе белгілі бір кезеңге жасалады. ХВҚ-ның әдістемесі бойынша Төлем балансы баптарының сыныптамасы:
А. Ағымдағы алыс-беріс
Тауарлар
Қызмет көрсету
Инвестициядан түсетін кіріс
Басқа да көрсетілетін қызметтер мен кірістер
Жекеше бір жақты аударымдар
Жиыны:
А. ағымдағы алыс-беріс
В. Тікелей инвестициялар
Қоржындағы инвестициялар
Басқа да ұзақ мерзімді капитал
Жиыны: А+В
С. Қысқа мерзімді капитал
D. Қателіктер мен қалып қойғандар
Жиыны: А+В+D
E. Өтелмелі баптар
Алтын-валюта сақтық қорларын қайта бағалау, СДР-ді қайта бөлу және пайдалану
F. Төтенше қаржыландыру
G. Шетелдік ресми органдардың валюталық сақтық қорларын құрайтын міндеттемелер
Жиыны: A+B+C+D+E+F+G
H. Сақтық қорлардың қорытынды өзгерісі
СДР шоты
ХВҚ-дағы сақтық қордың жайғасымы
Шетел валютасы
Басқа да талаптар
ХВҚ несиесі
Бухгалтерлік тұрғыдан алғанда Төлем балансы. тепе-теңдікте болады, бірақ оның негізгі бөлімдері бойынша егер түсім басқа елдерге төлемдерден асып түссе, актив сальдо болуы немесе түсім төлемнен аз болса, пассив сальдо болуы мүмкін. Сальдо теңгестіруші баптардың есебінен өтеледі. Төлем балансының жағдайы ұдайы өндірісте болатын үдерістерге (экономикалық өрлеу қарқынына, инфляцияға, валюталық бағамның серпініне, төтенше оқиғаларға, елдің әлемдік экономикадағы орнына, т.б.) байланысты. Өз кезегінде Төлем балансының жағдайы ұдайы өндіріске, валюталық бағамға, алтын-валюталық сақтық қорға, сыртқы берешекке, елдің валюталық-экон. жағдайына, капиталдың көші-қонына, әлемдік валюталық жүйеге, дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалын тигізеді. Төлем балансы мемлекеттік реттеу нысаны болып табылады, негізгі баптардың қалыптасуына ( тауарлар экспортын көтермелеуге, шетел капиталының ағынын тоқтатуға, капитал әкетілімін реттеуге, т.б.) және пайда болған пассив сальдоны шетелдік несие мен инвестицияларды тарту, ресми валюталық сақтық қорларды, кейде алтынның босалқы қорларын да тарту есебінен өтеуге бағытталады. Төлем балансының актив сальдосын мемлекет елдің сыртқы берешегін өтеу, басқа елдерге несие беру, алтын-валюталық сақтық қорларын молайту, шетелде “екінші” экономика жасау мақсатымен капитал әкету үшін пайдаланады.
