Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вэдп (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.54 Кб
Скачать

25.Саудалық делдалмен жасалатын келісімдердің шарттарын айқындап оларды атаңыз

Сауда делдалдарымен шарт талаптары

Сауданы сыртқы нарыққа шығаруға өндірушілердің қауқары жетпейді және олар сауда делдалдарына жүгінеді.Сыртқы сауда делдалдары тауар мен қызметтерді өндіруші мен тұтынушы, сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім, байланыс орнатуға және сыртқы сауда мәмілелерін жасауға көмек көрсетеді.Делдал тауар иесі болып табылмайды және заң бойынша тауарға ешқандай жауапкершілік алмайды. Делдалдар сатылған тауар көлемінен % түрінде сыйақы алады.Экспорттық-импорттық операцияларды делдал арқылы жүзеге асыруда онымен кәсіпорын арнайы келісімге отырады. Келісімде жақтардың құқығы мен міндеттері қаралады.Шарттың мазмұны жақтардың келісімдерімен айқындалады. Бекітілген келісім құқықтық күшке ие болады.

Кез келген келісім жақтардың белгілері және атаулары ақпаратымен басталып, сосын жақтардың қатынасы сипаттамасы анықталады, нақтырақ тауарды иелену құқығы және делдалдың өнімді өз атынан сату құқығы анықталады.

Делдалдық келісімде келесілер анықталады:

  • тауар номенклатурасы

  • аталған делдалдар жұмыс істейтін территория

  • Өнімді жарнамалау және техникалық қызмет көрсету б/ша жақтардың қызметтері

  • делдалдың нарық конъюктурасы жағдайы б/ша ақпарат жеткізу қызметі

  • өнімнің артықшылығы және сатылу қадамдары

  • келісімнің жарамдылық уақыты

  • оның мерзімін ұзарту шарты

  • шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуы

  • баға және төлем шарты

  • сыйақы төлеу реті және т.б. шарттар

Енді делдал түріне қатысты келісім-шарт ерекшелігін қысқаша қарастырсақ:

Сататын делдалдар өнімді жабдықтаушымен сатып алу-сату келісімін жасайды және сосын оны өз атымен жалғастырады. Тапсырушы алдындағы міндеті олардың келісім шартына байланысты сатып алушы ұстанымына қатысты болмайды. Сататын делдалдар экспортер тауарын өткізетін тұрақты топ б.т. және оның қызығушылығын бақылауға міндет алады, оның құзырына тапсырылған істерді жүргізеді

Дистрибьютер – негізінен импортпен айналысатын кәсіпорын фирмалар, тауарды сатып алуға және аймақтық нарықтағы белгілі бір кәсіпорындарға сатуға монополиялық құқығы бар. Пайдасы тауар сату мен сатып алу бағаларының айырмашылығынан келеді. Дистрибьютерлер белгілі бір тауар түрімен, оларға жарнама жасап, нарық жағдайын оқумен, сатар алдындағы және сатудан кейінгі қызметпен айналысады. Дистрибьютерлер жабдықтаушыдан тәуелсіз әрекет етеді және өзіндік баға саясатын жүзеге асырады.

Диллер – өнімді көтерме бағаға сатып алатын және оны жекелеп немесе кіші партиялап сататын кәсіпорын немесе заңды тұлға. Оның міндетінде баға саясатын жабдықтаушымен келісіп өткізу қарастырылған, бұл ретте диллер тауарды жабдықтаушыдан несиеге алуға мүмкіндігі бар.

Комиссионер – нарықта сатып алушымен өз атынан, бірақ жабдықтаушы есебінен келісім жүргізеді, мәміле жасасады. Бұл ретте тауарды жабдықтаушы комитент (басқа адамға тапсырма беруші, өз атынан, бірақ комиссионердің есебінен мәміле жасасушы) д.а. Комиссионды келісім жүргізудің механизмі : нарықты жақсы білетін делдал комиссия келісіміне тауарды сату жөнінде комитентпен қол қояды, сатып алушы табады және омен өз атынан сатып алу-сату келісімін бекітеді. Сатып алушыдан комиссионды сыйақыны алып тастап келісімдегі уақыт ескерту уақытында төлем алады, оны комитент есебіне аударады. Сатып алушы үшін комиссионер өз тауарын сатушы б.т.

Агенттер өзге тұлғалар не фирмалар (принципал) атынан және есебінен пайда әкеледі.Агенттің негізгі қызметі – принципал және 3ші жақ арасында тікелей не жанама іскери байланыс іздеу, орнату. Агент жұмысын тұтынушының төлем қабілеті әлеуеті және нарық жағдайының ақпаратын ескере атқарады.Агент келісімді бұзбауға және әрқашан принципалдың мүддесіне әрекет етуге міндетті, агенттің 3ші жақтан заңсыз сыйақы алуға және өзіне құпия міндет алуға құқы жоқ.

Брокер-делдалдар биржада қызмет ететіндер. Брокер арқылы шикізат тауарлары сатылады. Брокер тауарды белгілі бір сыйақы бойынша(%) сатады және сатып алады, қосымша тауарды келісімде ескертілген бағадан жоғары бағаға сатқаны үшін немесе тауарды төмендеу бағаға сатып алғаны үшін ынталандыру сыйлық алуы мүмкін. Кейде брокерлер тауарды меншік иесі болу үшін сатып алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]