Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вэдп (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.54 Кб
Скачать

1.Сыртқы экономикалық қызмет (СЭҚ) ұғымына анықтама беріңіз және сыртқы экономикалық байланыстан (СЭБ) ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Нарыққа көшу өзара байланысты және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүние жузінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.  сыртқы экономикалық байланыс мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-кредит институттармен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды.Бұл қатынастарда және сыртқы экономиқалық байланыстар жургізудің экономиқалық қуралы ретінде қарастыруға да болады.

Сыртқы экономикалық қызмет - мемлекеттік түрлі меншіктегі субъектілердің және жалпы ұлттық шаруашылықтың неғұрлым жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану мақсатымен әлемдік нарықта жүргізетін сауда-экономикалық және қаржылық-өндірістік өзара іс-қимылының түрлі нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

СЭБ-ң СЭБ-тан айырмашылығы сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді.

Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады. Сыртқы сауданың түрлері: - экспорт; - импорт; - тауарлар мен қызметтің кері экспорты мен кері импорты. Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:  - ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді; - ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді; - халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады және соның негізінде ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

Бұл функциялар ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан- Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялау үдерісінің тереңдеуімен анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметке кең түрде қатысуы тән. Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына мына жолдар арқылы әсер етеді: 1. экспорттан валюталық түсім алу жолымен; 2. инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды; 3. осы заманғы техника мен технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға жағдай жасайды; 4. ұзақ мерзімді өндірістік ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау жолымен.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мақсатымен мемлекет экспорттық бажды енгізеді, экспорттық тауарларға лицензия береді, шекара арқылы жеткізілетін тауарлардың кедендік бақылауын қамтамасыз етеді.

2.Сэқ негізгі түрлері мен нысандарын атап көрсетіңіз. Қр сэқ басқару институттарын атаңыз.

СЭҚ нысандары мен түрлерін атап шығыңыз

   Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әр түрлі нысандар мен әдістерді қамтиды. Реттеудің негізгі нысандары мыналар болып табылады:

1)      сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;

2)      салық салу;

3)      инвестициялау;

4)      сыртқы қарыз алу;

5)      сыртқы берешек;

6)      Экспортты қаражаттандыру.

Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, сондай-ақ жанама әдістерді кіріктіреді.

Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатыменуақытша шаралар ретінде пайдаланылады. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттік монополия қойылуы мүмкін.

Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады.

Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік-тарифтік реттеу жүргізіледі.

Кеден кодексі кеден аумағының, кеден баждарының және кеден алымдарының бірлігі негізінде кеден ісінің қағидаттарын белгілейді.

Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленілген жиынтығы болып табылады.

Баж салығы: адвалорлық- салық салынатын тауарлардың құнына пайызбен.

айрықшалықты- белгіленген мөлшерлерде салық салынатынтауарлардың немесе заттардың өлшеміне. 

Құрамдастырылған мөлшерлемелер- салық салудың 2 түрінің ұштасуы жолымен есептелінетін мөлшерлемелер.

Тауардың кедендік құны – кеден шекарасын кесіп өткен мезеттегі нақты төленген баға.

Cэқ-ң бірнеше түрлері бар

  1. Экспорт

  2. Импорт

  3. реэкспорт

  4. қарсы сауда

Экспорт –шетелдерге елдердің шекарасынан асырып тауар шығару ақыл-ойдан шығатын туындыларды қолдану

Импорт-шетелдік тауар сатып алып елдердің шекарасына кіргізу

Реэкспорт- шетелден сатып алып шекарадан кіргізіп сол қалпында шетелдерге кайта сату

Қарсы келісім- сатушы сол кұнға немесе оның бөлігіне қарсы жактан немесе шетелден тауар алуға жасайтын келісім

3.Әлемдік нарықтағы контрагенттерді айқындап оның түрлері мен түсінігін атаңыз.

Әлемдік нарықта контрагенттің түсінігі және түрлері.

Халықаралық сауда операциясын тиімді іске асырудың маңызды шарттарының бірі жақсы серіктес (контрагент) таңдау. Халықаралық саудада контрагенттер деп – тауар, қызмет, интелектуалды қызметтің нәтижелерін сату-сатып алу жөнінде келісімге отырған жақтарды айтамыз.

Сипаты және мақсаты бойынша әлемдік нарықта контрагенттерді 4 категорияға бөлуге болады:

1. Фирмалар.

«Фирма» термині – әлемдік тәжірибеде коммерциялық мақсаты бар контрагентті айтады. Фирма түсінігің астарында пайда табу мақсатында өндіріс, сауда, құрылыс, транспорт, ауылшаруашылықпен айналысатын кәсіпорын деген жатыр. Нарықтық экономикалы елдерде фирмалалрдың нақта классификациялары қалыптасқан.

Құқықтық орналасуы бойынша - фирмалар акционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі қоғамдарға, серіктестіктердің түрлеріне, жеке кәсіпкерлерге және коммерсанттарға бөлінеді.

Иемдену сипаты бойынша - жеке, мемлекеттік және кооперативтік болып бөлінеді.

Капитал бөлінуі мен бақылауы бойынша – ұлттық, шетел және аралас болып бөлінеді.

Операциялар көлемі бойынша, фирмалар, - ірі, орта және шағын болып бөлінеді. Бұл ондағы қызметкерлер саны мен айналым көлеміне байоанысты.

2. Картелдер, тресттер, концерндер және холдингтер. Әлемдік нарықта әр түрлі қызмет етуші ірі ТҰК-тар бар. Олар басқа елдерде заңды түрде тәуелсіз, бірақ бас компаниямен қатаң бақыланатын еншілес компаниялар ашыу мүмкін. Олар басқа елдер нарығында контрагент қызметін атқаруы мүмкін.

3. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар. Олар әдетте коммерциялық мақсаттарды көздемейді. Мұндай мақсатпен тек үкіметтің рұқсаты бар арнайы министрліктер айналысуы мүмкін.

4. Кәсіпкерлер одағы немесе бірігулері. Бұлардың фирмалардың айырмашылығы – табыс табу емес, бизнесмендер тобы мемлекеттік органдарда қолдап, олардың экспорт көлемін арттыруға ықпалдасу. Олардың қызмет түріне қарай, саудалық, өндірістік, туристік, т.б. болып бөлінуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]