- •«Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы
- •«Менеджмент» пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1. Пәннің оқу типтік бағдарламасы
- •2. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті
- •Тақырыптар мазмұны
- •Сөж тақырыбы
- •Пәннің оқу-әдістемемен қамтамасыз етілуі
- •3. Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
- •4. Пән бойынша сөж және соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. Глоссарий
- •7. Дәріс кешені
- •Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері
- •2. Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты
- •3. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •1. Жүйенің жалпы теориясы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі
- •Бихевиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін)
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •2. Мақсат түсінігі мен оның классифкациясы
- •Сурет 1 - Мақсат шежіресі (кескіні)
- •3. Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Сурет 1 - Ішкі өзгерістердің байланысы
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 6 - Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы
- •Өкілеттік және олардың түрлері
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ұйымдастыру процесіндегі координация
- •Сурет 1 - Скалярлық тізбек және “көпір”.
- •Әдебиеттер
- •1 Ақпарат түсінігі және сипаттамасы
- •2 . Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі және ақпарат типтері
- •3. Ақпараттың ішкі жүйесі
- •4 . Ақпараттық қызмет технологиясы
- •Коммуникациялық үрдіс және оның кезеңдері
- •Сурет 1 - Ақпарат алмасудың қарапайым моделі.
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Басқару шешімдерінің жіктелуі
- •3. Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы
- •Сурет 1 - Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің құрамы мен этаптарының кезекшілігі
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістерінің классификациясы
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •1.Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Мотивация түсінігі
- •Сызба 1- Қажеттілік арқылы мінез-құлық мотивациясының моделі
- •Жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру тәсілдері ә лемметтік қажеттілік
- •Қ ұрметтеу қажеттілігі
- •Өзін-өзі көрсету қажеттілігі
- •Әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 14 - Адам қызметін басқару және топты басқару
- •1.Басшылар мен бағыныштылар
- •Ресми және бейресми топтар
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
- •9. Практикалық сабақтар және студенттің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмысы сабақтарының жоспары
- •9.1 Талқылауға арналған сұрақтар
- •Тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •10. Студенттің өзіндік жұмысына (сөж) арналған тапсырмалар
- •10.2 Баяндама тақырыптары:
- •10.4 Тест тапсырмалары
- •3 Тақырып. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі.
- •4 Тақырып. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары.
- •5 Тақырып. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
- •6 Тақырып. Экономиканы мемлекетік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік – экономикалық болжау мен жоспарлау
- •8 Тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
- •9 Тақырып. Мемлекеттің инвестициялық – құрылыстық кешендерінің дамуын мемлекеттік реттеу
- •10 Тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі.
- •11 Тақырып. Экономиканы реттеудің қаржы – бюджетттік әдістері.
- •12 Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері.
- •13 Тақырып. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
- •14 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық
- •10.5 Аралық бақылау тапсырмалары
- •1. Экстенсивті көрсеткіштің интенсивті көрсеткіштен айырмашылығы.
- •10.6 Емтихан сұрақтары
Сурет 1 - Мақсат шежіресі (кескіні)
Екіншіден, мақсаттар бір-бірімен иерархиялық матасу қатынастарында болуы мүмкін, яғни жоғарғы деңгейдің мақсатын қамту көлеміне және уақытқа байланысты төменгі деңгеймен салыстырғанда маңызды болады. Мақсатты жүзеге асыруда бұл жүйелілік әсерін тигізбейді.
Мақсаттарды мына негіздер бойынша да саралауға болады: кәсіпорын миссиясын жүзеге асыруға салым (аманат) түрінде, ресурстардың шектеулігі жағдайында белгіленген мерзімде мақсатқа жету мүмкіндігі, оны жүзеге асыруда алынатын пайда көлемі, жол-жөнекей шешілетін мәселелердің саны немесе керісінше қолайсыз жағдайлардың пайда болуы түрінде.
3. Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері
Басқарудың тиімділігі мен менеджерлердің іс-әрекетін экеномикалық табыстар мен нәтижелер арқылы бағалауға болады.
Менеджмент «философиясының» бірыңғай түсінік жоқ, оған мамандар әр түрлі түсінік береді. Көп жағдайда ірі корпорациялар менеджерге өз талаптарын қоюға тырысады.
Мәселен кәсіпорынды басқарудың көп жылғы тәжірибесі негізінде американдық менеджер Ли Якока (1924ж.) менеджерлер жұмысын ұйым- дастырудың мынадай принциптерін ұсынады.
-төңірегіңе жақсы адамдарды топтастыр, интеллигенттерге және қабілетті адамдарға сүйен;
-өзіңнің бірінші кезектегі мүддеңді айқында, күнделікті іс-әрекетіңнің жазбасын жүргіз, ең күрделі проблемаларды текстің бірінші бетіне жазып қой;
-нақты іс жөнінде айт, қалай айтсаң, солай жаза біл, жүргізілген талдаулар мен қорытындылар материалдарға негізделсін, әрі нақты, кімге арналғаны белгілі; ал ұсынылатын шешімдердің варианты –шағын болсын;
-басшы штаб пен өндірістік сала аралығындағы кикілжің қымбат уақыт пен күш-жігерді бос жіберу екендігін ұмытпа. Басшы екіжақтың да жауапкершілігін дұрыс шектей білуі тиіс. Штабтың бірінші кезектегі міндеті –басшыға жәрдемдесу, әрі өндіріс учаскесіне дұрыс ықпал ете білу;
-әркімнің билік аясын нақты айқында, адамдардың дербес жұмыс істеуіне мумкіндік бер;
-сын-ескерпелерді, әртүрлі көзқарастарды ескер, оларды дұрыс пайдалан;
-пайда болған өзгерістерге көңіл аудар, әрбір күннің түйіні, мақсаты –барынша пайда табуға қамқорлық жасау екендігін есте сақта;
-өз жұмыс стиліңді тап, әрі соны қолдан;
Шет елдің кейбір жоғары басшы корпорациялары менеджерлер үшін үш өсиет айтады: адамды құрметтеу, клиентке көңіл бөлу және жұмыстың жоғарғы сапасы. Ал «Уэлкомбэроз» компаниясы басқарушы үшін ол өсиет келтіреді: « адалдық, әдептілік, адамды құрметтеу, ұжымдық жұмысқа қабілеттілік, зерттеуге икемділік, жұмыс сапасы, азаматтық сезімділік, тиімділік және бейімделушілік.
Еуропалық менеджерлер қазіргі кезде қатал талапты өзгерістерді және қауіп-қатерді бастан өткізуде. Басқару жөніндегі ағылшын консультанттары М.Вудвок пен Д.Фрэнсистің «Басыбайлықтан босанған менджер» (1981ж.) кітабында алдағы онжылдықта басқару үшін менеджерлерде мынадай дағдылар мен қабілеттер болуы тиіс деп есептейді:
-өзін меңгере білу;
-жеке басының бағалы қасиеттері;
-жеке өзінің айқын жоспарлары;
-жеке басын үнемі жетілдіріп отыру;
-проблемаларды шешуге дағдылану;
-өнертапқыштық және инновацияға қабілеттілік;
-маңайындағы адамдарға ерекше ықпал ете білетін қабілеттілік;
-қазіргі басқару әдіс-тәсілдерін білу;
-басшылық ету қабілетін;
-қол астындағы адамдарды баулып, жетілдіре білу;
-тиімді жұмыс топтарын қалыптастыру және дайындау қабілеті.
Әрбір басқару міндеттері белгілі бір нақты талаптарды қоятындықтан, авторлар жоғарыда аталған факторларды кез келген жағдайға қатысты деп есептемейді. Алайда, бұл аталған факторлар әрбір жұмыскерлердің берілген жұмысты орындау мүмкіндігін бағалауды қамтамасыз ететіні сөзсіз. Менеджерде осы аталған дағдылар мен қабілеттердің кейбіреуі жетіспеген жағдайда, мынадай шектеулер пайда болады:
-өзін меңгере білмеу;
-жеке басының бағалы қасиеттерінің болмауы;
-жеке басында көмескі мақсаттың болуы;
-жеке басын жетілдірудің тоқырауы;
-проблемаларды шешу дағдысының жеткіліксіздігі;
-творчестволық ықпалдың жеткіліксіздігі;
-адамдарға ықпал ете алмаушылық;
-басқару еңбегінің ерекшеліктерін жете түсінбеушілік;
-басшылық дағдысының осалдығы;
-баули білмеушілік;
-ұжымды қалыптастыру қабілетінің төмендігі;
Өзінің болашағын таңдай білу немесе соған ықпал ету қабілеті, сірә адамдар үшін құндылау болуы тиіс, алайда өз мүмкіндігін толық жүзеге асыратындар ілуде біреулер. Сондықтан әр адам өз іскерлігін жетілдіріп, дамытып отруы тиіс.
Американ менеджмент мектебі жеке басшының 12 ережесін ұсынады:
Басшы қуғындаушы болмауы тиіс. Өйткені қуғындаушы қарамағындағы адамның ізіне түседі, ал нағыз басшы соңынан ертеді. Қуғындаушы өзінің билігіне, ал басшы –соңына ерушілердің ықпалы мен көмегіне сүйенеді. Қуғындаушы өзіне бағыныштыларды өсек пен күдік әлемінде өмір сүруге мәжбүр етеді. Ал, басшы қарамағындағыларды қауырт іске, сан алуан проблемаларды шешуге жұмылдырады.
Басшы өз ісіне сенімді болуы, батыл мақсат қойғыш, табанды болуы, әрі осы қасиеттерін қол астындағыларға көрсете білуі тиіс.
Басшы ұйымдастыру және басқару туралы ғылымды жетік білуі тиіс.
Ол қол астындағылардың уақытын бағалай білуі тиіс.
Басшы қатал, әрі талап қойғыш болуы тиіс. Алайда қаталдық пен талап қойғыштық ешқашанда кінәмшілдікке, мейірімсіздікке апармауы тиіс.
Сынды қабылдай білуі, әрі өзі әділ сынай білуі тиіс.
Басшы жылы шырайлы, әрі әдепті болуы тиіс.
Әзіл-оспақты түсіне білуі тиіс. Әдетте әзілдеу жақсы көңіл-күйге байланысты, ал көңілділік еңбек өнімділігіне ықпал етеді.
Айта да, тыңдай да білуі керек.
Үнемдеуге тырысуы керек. Біреу Эйнштейннен былай деп сұрапты: «Сіз барлығын, тіпті ең күрделі проблемаларды формуламен бейнелей аласыз ба, сіз өміріңіздегі жетістікті формуламен жаза алсыз ба?Сонда Эйнштейн былай деп жазыпты: «Х+Ү=жетістік, Х-жұмыс істей білу, Ү-үнемдеуге тырысу».
Басшы қарамағындағыларды жақсы білуі тиіс. Мұның өзі әсіресе үлкен ұжымда аса маңызды психологиялық кезең, өйткені ондай ұжымда адамның «үміті үзілуі» мүмкін. Америкадағы қолданбалы психологияның профессоры Д.Дэрф фирманың президентінен мынадай мысал келтіреді. Әр күні таңертең оның хатшысы бүгін кімнің туған күні, кімнің баласы туған, кімнің үйленгені туралы айтып отырады екен. Содан кейін президент телефонды алып былай дейтін көрінеді: «Ал, Джордж, сенің қызың кеше тұрмысқа шыққанын білемін, құтты болсын!» Президенттің ойынша, осылай деу оның жұмыста табысты болуына ықпал етеді.
Американың халықаралық даму жөніндегі агенттігі АҚШ-тың ұлттық ғылыми қоры қөмегімен «Манбер энд компаниясы» фирмасы жүзеге асырған «Кәсіпкерлік көріністі» анықтаудың бесжылдық жобасының деректері ерекше назар аударуға тұрарлық. Американдық басқару асаоциациясы осы зерттеу методикасын әр елдегі кәсіпкерлік мүмкіндікті анықтау үшін пайдаланады.
Осындай зерттеу нәтижесінде табысқа жететін жеке адамдарға тән мынадай 10 түрлі сипаттама беруге мүмкіндік туды:
мүмкіндіктер мен бастамаларды іздестіру (кәсіпкер жаңа әрі әдеттен тыс іскерлік мүмкіндіктерді пайдаланады:ол бұл жағдайға мәжбүр болардан ертерек кіріседі);
табандылық пен өжеттілік (кездесетін қиындықты жеңуге әрқашан да дайын болады;ойлаған мақсатына жету үшін стратегиясын үнемі айқындап, өзгертіп отырады);
тәуекел етуге дайын тұру (біреуге «жалтақтамай», тәуекел ету, бел шешіп кірісу, бірақ бір іске батыл кіріскенде оның нәтижесі қандай боларын алдын ала топшылау);
тиімділікпен ұйымдастыру (бұйымды өте жақсы, тез әрі арзан шы- ғарудың жолдарын іздестіру, тиімді стандартты жетілдіруге, жақ- сартуға тырысу);
жұмысқа қатысуға жұмылдыру (жұмыстың орындалуы үшін өзіне үлкен жауапкершілік артып, осы мақсатта бар күш-қайратын жұмсау);
мақсаттылық (мақсатын айқын белгілеу; ұзақ мерзімді болжай білуі; қысқа мерзімдік міндеттерді ұдайы қадағалап, қажетті өзгертулер
енгізіп отыру);
болып жатқан өзгерістерді жіті қадағалау (клиенттер, жабдықтау- шылар туралы ақпаратты жеке өзі жинайды, осы мақсатта өзінің жекелей және іскерлік байланыстарын пайдаланады);
ұдайы жоспарлау және бақылау (ірі міндеттерді салалық міндеттерге бөліп жоспарлайды, қаржы көрсеткіштерін қадағалайды, әрә шешім қабылдағанда осыларды ескереді, жұмыстың орындалуын ойласты- рады немесе оны жүзеге асыру шараларын қарастырады);
байланыс орнатуға қабілеттілік (адамдарға ықпал ету, өз мақсатына жету үшін іскерлік және жекелей байланыстарын пайдаланады);
тәуелсіздік және өзіне сенімділік (басқа адамдар тарапынан басқару- ға және бақылауға тәуелсіз болуға ұмтылу, қарсы жақпен кездескен- де немесе жетістік болмаған жағдайда тек өз мүмкіндігіне ғана се- неді);
Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей талаптар қойылады:
- өзіне деген сенімділік
- жеке басының бағалы қасиеттері, мен өзін үнемі жетілдіру.
- бастамаларды іздестіру
- қызметкерлерді баулу және байланыс орнатуға қабілеттілік.
- баскару әдіс-тәсілдерін білу
- тиімді шешім қабылдауға дағдылану.
Менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман.
Басқару әрекетін жүргізу басшылықтын білім денгейі, басқару тәжірибесіне байланысты. Осыған орай басқару теориясы мен практикасында қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық. (схема).
Басқарушылар үлгісі дегеніміз - қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері.
Қорытынды
Мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым-қатнас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланыста жіктелінеді. Басқару теориясы мен тәжірибесінде төрт үлгі орын алады:
1. Басқарушы – жетекші (лидер) шешім қабылдауда және оны жүзеге асыруда, қызметкерлермен тығыз қарым-қатынас жасауы, әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білуі арқылы маңызды орын алады.
2. Басқарушы - әкім ұйымның табысқа жетуі қатаң бақылау және жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатады.
3. Басқарушы - жоспарлаушы. ол нақтылы жағдайды зерттей отырып ұйымдағы ресурстар мен мүмкіндіктерді мақсатты орындауға бағыштайды.
Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге шешімдер көлемді деректерге және ұйым болашағын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.
4. Басқарушы кәсіпкер - ол ұйым болашағын жаңа бағытта белгілейді. Басқарушы кәсіпкер - өнім өндірушілерді қолдау мен қызықтыруда, бәсекелестік пен қызметкерлерді тиімді жетілдіруде, стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
