Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент УМК+.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

Қорытынды

Басқару аппаратының сенімділігі тұтастай алғанда оның алға қойған мақсатына сәйкес толассыз іс-әрекет жасауын сипаттайды. Басқару аппаратының сенімділігін оның орындаушылығымен, яғни міндеттердің (жоспарлы бағдарламалы, тапсырыстың және т.б.) орындалуын қамтамасыз ете алатын қабілеті арқылы салыстырмалы түрде толық сипаттауға болады.

Әдебиеттер

  1. Анафияева Ж. Менеджмент. Астана, 2008 ж.

  2. Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.

  3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.

  4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.

  5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.

  6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997

  7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995

  8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995

Тақырып 3 - Менеджмент эволюциясы

Мақсаты: Басқарудың даму тарихын хронологиялық тәртіпте қарастыру. Менеджменттің ғылым ретінде пайда болуының негізгі себептерін ашу. Менеджменттің қазіргі концепцияларының негізгі постулаттарын қарастыру.

  1. Ғылыми басқару мектебі

  2. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі

  3. Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі

  4. Адамгершілік қарым-қатынас мектебі

  5. Бихевиористік мінез-құлық мектебі

  1. Ғылыми басқару мектебі (1856-1920)

Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915) – “ғылыми менеджмент атасы”.

Басты еңбектері:“Фабриканы басқару” (1903), “Ғылыми менеджмент принциптері” (1911), “Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету”(1912).

Ф.Тейлор ғылыми менеджментті төрт салада дамытты:

  1. Нормалау

  2. Уақыт пен міндетті зерттеу

  3. Ұдайы сұрыптау және баулу

  4. Ақшалай ынталандыру

Тейлор концепцияларының негізгі қағидалары:

  1. Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыда зерттеу: басқаруда да көпір салу секілді асқан дәлдік керек.

  2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және баулу.

  3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға енгізу әкімшілік пен жұмысшыдар арасындағы ынтымақтастық.

  4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы жауапкершілік.

ХХ ғасырдың 20 жылдары Тейлордың көрнекті зерттеушілері мен белсенді насихатшылары: Генри Гантт, Фрек Б.Гилберт, Лилиан Гилберт, Хрейс Хеэуй, Сенфорт, Харригон, Эмерсон, Г.Форд және т.б.

Г.Эмерсон - “өнімділіктің 12 принципінің” авторы

  • Дәл тұжырымдалған мақсат

  • Әрбір жаңа процесті талдауға шынайы дұрыс көңіл бөлу

  • Білікті кеңес беру

  • Тәртіп

  • Қызметкерлерге әділ төрелік

  • Жедел, толық, сенімді және дәл, тұрақты есеп

  • Диспетчерлік жұмыс

  • Нормалар мен жұмыс кестелері

  • Уақыт, күш қуат және өзіндік құнның үйлесімділігі

  • Операциялар нормасы (уақытты белгілеу және кезекпен орындалу)

  • Жазбаша стандартты нұсқаулар

  • Еңбек өнімділігі үшін сыйлық ақы төлеу

Г.Фордтың басқаруды ұйымдастырудың принциптері:

  • Барлық өндіріс процесін дәл есептеу және жоспарлау

  • Жұмыс жағдайын есептеу және жоспарлау

  • Шикізаттарды, механизмдерді, жұмысшы күштерін әзірлеу

  • Өндірісті стандартты технология бойынша жүзеге асыру

  • Өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру