- •«Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы
- •«Менеджмент» пәнінің оқу - әдістемелік кешені
- •Мазмұны
- •1. Пәннің оқу типтік бағдарламасы
- •2. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы
- •Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеті
- •Тақырыптар мазмұны
- •Сөж тақырыбы
- •Пәннің оқу-әдістемемен қамтамасыз етілуі
- •3. Студент үшін пән бойынша оқыту бағдарламасы (syllabus)
- •4. Пән бойынша сөж және соөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. Глоссарий
- •7. Дәріс кешені
- •Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері
- •2. Менеджер және оның іс- әрекетінің бағыты
- •3. Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •1. Жүйенің жалпы теориясы
- •Қорытынды
- •Әдебиеттер
- •Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі
- •Бихевиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін)
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •2. Мақсат түсінігі мен оның классифкациясы
- •Сурет 1 - Мақсат шежіресі (кескіні)
- •3. Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Сурет 1 - Ішкі өзгерістердің байланысы
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 6 - Басқарудың ұйымдастыру құрылымы мен басқару нормасы
- •Өкілеттік және олардың түрлері
- •Орталықтандыру және орталықсыздандыру
- •Ұйымдастыру процесіндегі координация
- •Сурет 1 - Скалярлық тізбек және “көпір”.
- •Әдебиеттер
- •1 Ақпарат түсінігі және сипаттамасы
- •2 . Менеджменттің ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейі және ақпарат типтері
- •3. Ақпараттың ішкі жүйесі
- •4 . Ақпараттық қызмет технологиясы
- •Коммуникациялық үрдіс және оның кезеңдері
- •Сурет 1 - Ақпарат алмасудың қарапайым моделі.
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Басқару шешімдерінің жіктелуі
- •3. Басқару шешімдерін қабылдау технологиясы
- •Сурет 1 - Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінің құрамы мен этаптарының кезекшілігі
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Басқарудың ұйымдастыру-ұйғарымдық әдістерінің классификациясы
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •1.Ұйымдастыру функциясының мазмұны
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Мотивация түсінігі
- •Сызба 1- Қажеттілік арқылы мінез-құлық мотивациясының моделі
- •Жоғары деңгейдегі қажеттілікті қанағаттандыру тәсілдері ә лемметтік қажеттілік
- •Қ ұрметтеу қажеттілігі
- •Өзін-өзі көрсету қажеттілігі
- •Әдебиеттер
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Тақырып 14 - Адам қызметін басқару және топты басқару
- •1.Басшылар мен бағыныштылар
- •Ресми және бейресми топтар
- •Қорытынды
- •Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
- •Әдебиеттер
- •Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
- •9. Практикалық сабақтар және студенттің оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмысы сабақтарының жоспары
- •9.1 Талқылауға арналған сұрақтар
- •Тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •Әдебиеттер:
- •10. Студенттің өзіндік жұмысына (сөж) арналған тапсырмалар
- •10.2 Баяндама тақырыптары:
- •10.4 Тест тапсырмалары
- •3 Тақырып. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі.
- •4 Тақырып. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары.
- •5 Тақырып. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
- •6 Тақырып. Экономиканы мемлекетік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік – экономикалық болжау мен жоспарлау
- •8 Тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
- •9 Тақырып. Мемлекеттің инвестициялық – құрылыстық кешендерінің дамуын мемлекеттік реттеу
- •10 Тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі.
- •11 Тақырып. Экономиканы реттеудің қаржы – бюджетттік әдістері.
- •12 Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері.
- •13 Тақырып. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
- •14 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық
- •10.5 Аралық бақылау тапсырмалары
- •1. Экстенсивті көрсеткіштің интенсивті көрсеткіштен айырмашылығы.
- •10.6 Емтихан сұрақтары
Бихевиористік мінез-құлық мектебі (1950 жылдан күні бүгінге дейін)
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін психология мен социологияның, зерттеу әдістерінің жетілдірілуі жұмыс орнында мінез-құлықты зерттеуді ғылыми жолға қойды. Крис Арджирис, Ренсис Ликерт, Дуглас Макгрегор, Фредерик Герцберг, бихевиористік мінез-құлық мектебінің басқа да өкілдері әлеуметтік өзара әрекеттесудің, мотивацияның, билік пен бедел сипатының, ұйымдық құрылымдарының, ұйымдастырудағы жетекшіліктің, жұмыс мазмұнын ескертудің және еңбек тұрмыс санасының алуан түрлі жайларын зерттеді.
Бихевиористік мектеп адамгершілік қатынас мектебінен едәуір ауытқып, адамдар арасындағы қатынасты орнықтыру тәсілдеріне назар аударды. Бұл жаңа бағыт көбінесе адамдардың өз мүмкіндігіне ықпал етуге, ұйымды құруға және басқаруға негізделеді. Тұтастай алғанда, бұл мектептің басты мақсаты адам ресурстарының тиімділігін арттыру болды.
Мұндағы басты мәселе мынада: мінез-құлық туралы ғылымды дүрыс қолдану жеке жұмыскерлерді де, тұтастай ұйымның да тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Алайда, менеджментті зерттеушілердің атап көрсеткеніндей, жұмыс мазмұнын өзгерту және жұмыскерлердің басқаруға қатысуы секілді амалдар тек кейбір жұмыскерлерге ғана, әрі кейбір жағдайда ғана тиімді болады екен.
Қорытынды
Басқаруды қызмет түрі ретінде зерттеу ертеден келе жатқан құбылыс. Басқаруды яғни, менеджментті қалыптастырып, зерттеу ХХ ғ басталады. Зерттеу барысында менеджмент тарихында кәсіпорынды басқарудың бірнеше жолдары табылды.
Лекцияға әдістемелік нұсқаулар
Жоғарыдағы тақырыпты қарастыра отырып, ең алдымен экономикалық оқылымдар тарихын зерттеу керек.
Әдебиеттер
1.Анафияева Ж. Менеджмент. ОӘК, Астана, 2008 ж.
2.Ахметов К.Ғ. Сағындықов Е.Н. Менеджмент негіздері. Ақтөбе-Орал.: «А-Полиграфия», 2005 2.
3. Бердалиев К.Б. «Менеджмент» / Курс лекций.- Алматы Экономика, 2005.
4. Бердалиев К.Б «Басқару негіздері» Аламты «Экономика»1997ж.
5. Каренов Р.С., Раимбеков Б.Х:, Акжолов А.М: Основы менеджмента.- Караганды: Полиграфия, 1995г.
6. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник -3 издание перераб. и доп. Менеджмент: Банки и биржи. Юнити, 1997
7. Глухов В.В Основы менеджмента, Санкт- Петербург, Спец- Литература, 1995
8. Ленд П.Э Менеджмент – искусство управлять/ перевод с англ. М: ИФРАМ, 1995
9. Опалев А.В Умение общаться с людьми. Этикет делового человека. М: Культура и спорт, Юнити 1996
Тақырып 4 - Ұйым туралы түсінік және оның түрлері
Мақсаты: Ұйымның түсінігін , оның түрлерін анықтау.
1 Ұйымдар түсінігі, олардың негізгі түрлері мен жалпы сипаты.
2 Мақсат түсінігі мен оның классифкациясы
3 Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері.
Ұйым дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірі луі .
Әрбір топтың ұйым болып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады:
0сы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның бар болуы керек.
Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.
Топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбектенуі керек.
Мақсатты орындауда нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құралады және олар:
1. Ресми ұйымдар
2. Бейресми ұйымдар
3. Күрделі ұйымдар болып жіктеледі.
Ресми ұйымдар дегеніміз - мақсатты орындауда басқару принципін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.
Бейресми ұйымдар дегеніміз - қызмет барысындағы әлеуметтік қатнастарға, ішкі еңбектерге байланысты ойламаған жерден құрылады.
Күрделі ұйымдар дегеніміз - құрылым мен мақсаттарды жан-жақты кешенде сипаты жағдайында пайда болады. Ресурстар мен мүмкіндіктер, мақсаттар басымдылығына қарай тиімді үйлестіруді талап етеді.
Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бір қатар сипаттамаға ие болады.
Оларға мыналар жатады:
1. Ресурстардың орын алуы.
2. Сыртқы ортадан тәуелділігі
3. Көлденең және тік еңбек бөлінісі.
4. Басқарудың қажеттілігінің енгізілуі.
Ресурстар жалпы алғанда кез-келген қызметі - нәтижеге мақсатқа қол жеткізуде ресурстарды тиімді пайдалану.
Ұйымдардағы ресурстар: келесідей болып жіктелінеді:
- адамдық
- қаржылық
- материалдық
-технологиялы
- ақпараттық
Сыртқы ортадан тәуелділігі дегеніміз ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарық тық, технологиялық, халықаралық, әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты болады.
Көлденең еңбек бөлінісі дегеніміз - қызметкерлерді икемді орындау мақсатында компоненттерге жіктелінеді, яғни ұйым ішіндегі өндірістік және функционалдық қызметтердің орын алуы т.б.
Тік еңбек бөлінісі дегеніміз- баскару ісінің күрделі жүйелік сипатта болуынан туындайтын әрекет. Мақсатқа жетуде басқарушы ұйым қызметін тиімді үйлестіріп отыруы қажет, осыдан барып қызметтердің анықталуы, екі өкілеттіктердің берілуі және баскару денгейлеріне бөліну жүзеге асырылады.
Ұйым ішінде басқару денгейлері
- жоғары
- орта
- төменгі болып бөлінеді.
Жоғарғы буын – ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт-бағдарламасын қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды (президент, вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.
Орта буын (денгей) - жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық бөлім басшылары.
Төменгі деңгей - тікелей орындаушылар және де төменгі қызметтерді орындайтын басшы буындар.
Нарықтық экономика жағдайында басқару ісі одан әрі күрделене түсіп, бәсәкелестік меншік формаларының сан алуандығы, шаруашылық дербестік орын алғанда басқарудың қажеттілігі мен басқаруға қойылатын талаптар арта түседі.
