- •Эволюция и развития "Повестки дня на 21 век"
- •Повестка дня 21 для культуры (2002)
- •Локальная повестка 21
- •VI бөлiм қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар
- •2. Жағдайды талдау
- •2.3. Мүмкіндiктер
- •2.4. Қатерлер
- •3. Стратегиялық мiндеттер
- •4.1. Су ресурстарының тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтаудың деңгейiн арттыру
- •4.2. Қолданыстағы заңдарды жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту
- •4.3. Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру
- •4.4. Қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру
- •4.5. Экологиялық оқу-ағартуды қамтамасыз ету
- •Міндеттері
- •Құрылымы
- •Юнеп-ті басқаратын кеңес мүшелері
- •Юнеп әлемде
4.5. Экологиялық оқу-ағартуды қамтамасыз ету
Қоғамда экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында насихат пен оқу-ағарту жұмыстарын жүргiзуге зор назар аудару. Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық-насихат жұмыстарын кеңейту. Экологиялық бiлiм беру жүйесiн құру. Оқу құралдарын әзiрлеу және шығару. Эколог-мамандарды даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiн құру. Экологиялық бiлiм берудiң және тәрбиелеудiң нормативтiк құқықтық базасын жасау. Үкiметтiк емес ұйымдар мен мемлекеттiк органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара iс-қимылын күшейту. Қоғамдық экологиялық қозғалыстардың, ассоциациялардың, топтардың дамуына жағдай жасау.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Айналадағы Орта Жөніндегі Бағдарламасы ЮНЕП (ағылш. United Nations Environment Programme — UNEP) — Бас Ассамблеяның мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау мен жақсартуға бағытталған шараларын тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз ететін халықаралық ұйым ретінде көмекші органы.
Бағдарлама1972 жылы 15 желтоқсанда құрылды, штаб-пәтері Кенияның Найроби қаласында орналасқан. ЮНЕП-тің ұраны: "Қоршаған орта өркендеу жолында" [1]
БҰҰ-ның 1972 ж. 5 — 6 маусымда Стокгольмде өткен конференциясының кепілдемесіне сай, 1972 ж. 15 желтоқсанда құрылған. ЮНЕП-тің басты органдары — Басқару Кеңесі 3 жыл, Хатшылығы 4 жыл мерзімге сайланады. ЮНЕП-ке 70-ке жуық мемлекет мүше. Штаб-пәтері — Найробиде. Басқару Кеңесі қоршаған ортаға байланысты халықаралық ынтымақтастыққа көмектесу және осы саладағы бағдарламаның қызметі мен үйлестірілуін басқаруды жүзеге асырумен, баяндамалар мен шолулар жасаумен, дүние жүзі бойынша қоршаған ортаның жағдайын үнемі бақылауда ұстаумен, т.б. көптеген шаралармен айналысады. Қоршаған ортаны саласындағы бағдарламалардың қосымша қаржыландыруын жүзеге асыру мақсатында, 1973 ж. 1 қаңтарда ерікті ЮНЕП қоры ашылды. ЮНЕП-тің көптеген биологиялық Конвенциясына Қазақстан Республикасы 1994 ж. қыркүйектен бері мүше. 1994 ж. қазанда Парижде жасалынған шөлге қарсы күрес Конвенциясына Қазақстан Республикасы да қол қойды. Қазіргі таңда Қазақстанның ЮНЕП-пен ынтымақтастық шеңберінде: Қоршаған орта қорғау жөніндегі дүниежүзілік қордың (ФГОС) қаржыландыруымен ЮНЕП-тің “Каспий теңізінің биологиялық сан алуандығы және оның жағалауын қорғау” бағдарламасын жүзеге асыру ісі, ЮНЕП-тің Еуропалық аймақтық бюросымен бірге Арал және Каспий теңіздері жағдайлары жөніндегі халықаралық Конвенция жасау мәселелері қарастырылуда. Қазақстанда ЮНЕП-тің табиғатты қорғау жөніндегі Заңын шығару және экологиялық Заңдарын енгізу жұмыстары жүргізілуде. [2]
Міндеттері
Қоршаған орта сферасындағы халықаралық қатынастарды жақсарту және лайықты саясат ұсыну.
Қоршаған ортаның жағдайын көрсету.
Қоршаған ортаға байланысты ақпаратты жинап, тарату.
Қоршаған ортаның тұрақтылығы туралы аймақтық программаларды дамыту.
Мемлекет дәрежесіндегі қоршаған ортаны өндіруге керекті қуат пен технологиялық қолдаумен жабдықтау.
Халықаралық қоршаған орта заңдарын дамытуға көмектесу.
Қоршаған ортаға байланысты тұжырымдама мен құралдарды қолдануға және дамытуға керекті тәжірибелі ақылдармен жеткізіп отыру. [3]
