Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СӨЖ 12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
223.74 Кб
Скачать

4.2. Қолданыстағы заңдарды жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту

      Халықаралық және аймақтық құжаттардың тәртiбiн сақтаудан жалтармау негiзiнде қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық және аймақтық жүйесiн қалыптастыруға қатысу.        Халықаралық келiсiмдердiң мiндеттемелерiн зерделеуде оларға қол қоюдың мақсатқа сай келетiн-келмейтiндiгiн айқындау кезiнде iс-қимылдың ақылға қонымдылығы мен ой-елегiнен өткiзiлуiн қамтамасыз ететiн сапалы жаңа қағидаттарды талдап және алынған қаражатқа мемлекет тарапынан бақылау белгiлеу.        Халықаралық ынтымақтастық процесi мен сыртқы және аралас қаржыландыру жобаларын жалпы және тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету проблемасын шешу.        Трансшекаралық экология проблемаларын шешу үшiн аймақтық экологиялық саясатты талдап жасау саласында Орталық Азия мемлекеттерiмен ынтымақтастықтың тұрақты тетiгiн жасау.        Қабылданған халықаралық конвенцияларға сәйкес табиғи-ресурстық және өзге заңдардың жетiлдiрiлуiн қамтамасыз ету.        Әлемдiк тәжiрибе негiзiнде экологиялық сақтандыруды және бюджеттен тыс экологиялық қорларды енгiзудiң жүйесiн әзiрлеу. 

4.3. Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру

      Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесiн әзiрлеу.        Елдiң аумағын экологиялық аудандастыруды жүзеге асыру. Табиғи ресурстарды алудың экологиялық тұрғыдан жол берiлетiн шегiн айқындау және қоршаған ортаның ластануын шектеу. Әртүрлi аумақтарды бағалау мен салыстырудың өлшемдерiн әзiрлеу.        Табиғи ресурстардың автоматтандырылған деректер базасын және мемлекеттiк кадастр жүргiзу жүйесiн жасау.        Жер қойнауын пайдаланушылардан және роялтиден түскен салық түсiмдерi қаражатын бағыттай отырып, жер қойнауын геологиялық зерделеудi бюджеттен қаржыландыруды көбейту.        Пайдалы қазбалардың кен орындарын болжаудың, iздестiру мен барлаудың тиiмдi әдiстерi мен технологияларын енгiзу. Бәсекеге төзiмдi жаңа кен орындарын ашудың ғылыми негiздерiн жасау.        Каспий аймағының биологиялық саналуандылығын сақтау мақсатында су мен биологиялық ресурстардың жай-күйiн зерделеу және қоршаған ортаның ластану көздерi мен биологиялық саналуандылықтың азаю себептерiн анықтау, қорықтық аймақтарда экологиялық аймақтандыру жүргiзу. Теңiздiң жағалау бөлiгiнде және теңiзде су мен биологиялық ресурстардың сапасына мониторинг пен талдауды тұрақты негiзде жүзеге асыру.        Деректерді өңдеу мен гидрометеорологиялық болжауды берудiң тиiмдi жүйесiн құра отырып республиканың шаруашылық кешенiн гидрометеорологиялық қамтамасыз ету жүйесiн дамыту.        Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мен орналастырудың, экологиялық туризм маршруттарын дамытудың бағдарламасын әзiрлеу.        Инновацияны енгiзу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мақсатында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiне қатаң нормалар мен стандарттар белгiлеу. 

4.4. Қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру

      Агрожүйенiң қанағаттанарлық мелиоративтiк жай-күйi жағдайында топырақтың сандық және сапалық органикалық заттарын көбейте отырып, жер құнарлылығын тұрақты түрде ұдайы арттыра отырып ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң органикалық немесе экологиялық егiн шаруашылығына негiзделген тұрақты жүйесiне көшу қажет.        Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мониторингiн жүзеге асыру, зиянды қалдықтарды көмудiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау.        Ресурс-энергия үнемдеушi технологияны белсендi түрде енгiзу, қалдықтарды өңдеу мен пайдалану жөнiндегi қызметтi ынталандыру. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]