- •Эволюция и развития "Повестки дня на 21 век"
- •Повестка дня 21 для культуры (2002)
- •Локальная повестка 21
- •VI бөлiм қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар
- •2. Жағдайды талдау
- •2.3. Мүмкіндiктер
- •2.4. Қатерлер
- •3. Стратегиялық мiндеттер
- •4.1. Су ресурстарының тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтаудың деңгейiн арттыру
- •4.2. Қолданыстағы заңдарды жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту
- •4.3. Табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру
- •4.4. Қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру
- •4.5. Экологиялық оқу-ағартуды қамтамасыз ету
- •Міндеттері
- •Құрылымы
- •Юнеп-ті басқаратын кеңес мүшелері
- •Юнеп әлемде
2.3. Мүмкіндiктер
Табиғи ресурстар әзiрлеуден алынған қаражатты қоршаған ортаны қорғауға бөлу. Өнеркәсiбi дамыған елдердiң пайдалы қазбаларды өндiру бойынша Қазақстанмен ынтымақтасуға мүдделiлiгiне байланысты экологиялық мiндеттердi шешу үшiн қаржы қаражаты мен технологияны тартуға мүмкiндiк бар. Дамыған елдердiң дамушы елдерге көмек көрсету жөнiнде өздерiне мiндеттеме қабылдауы. Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау жөнiнде iс-шаралар жүргiзуге арналған қаражат алуға мүмкiндiгi бар. Әлемдiк қоғамдастықтың қоршаған ортаны қорғау жөнiнде жинақтаған тәжiрибесi мен күш жiгерiн пайдалану.
2.4. Қатерлер
Қазақстан экономикасының дамуына орай су тапшылығы проблемасын, әсiресе трансшекаралық өзендер бассейнiнде шиеленiстiретiн, су тұтынудың әлеуеттi ұлғаюы. Гидроресурстарды бөлу мәселелерi бойынша позицияның сай келмеуi және осы проблеманы шешу тетiгiнiң болмауы судың Орталық Азия мемлекеттерiнiң экономикалық өсуiн жүзеге асыратын құралдан, керiсiнше, аймақтағы мемлекетаралық келiспеушiлiктердің өзектi проблемасына айналуына алып келедi. Шекаралық мәселелер реттелмей отырған жағдайда су бөлу проблемасының жанжалды әлеуетiнiң көтерiңкi болуы. Қоршаған ортаға пайдалы қазбалар өндiрумен iлесе жүретiн әсер етулер. Табиғат қорғау қызметiндегi негiзгi қиындық табиғатқа келтiрiлетiн шығын мен осы шығын үшiн өтемнiң мөлшерi арасындағы қатынасты белгiлеу болып табылады. Техникалық көмек беру арқылы жүзеге асырылатын дамыған елдермен ынтымақтастық кезiнде қосымша мiндеттемелер таңу әрекетi байқалады, оларды орындау Қазақстан үшiн ауыртпалық болып табылады және ол iс жүзiнде экономикалық өсуге ықпал етпейдi. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемдердi әдеттегi салыққа теңестiру оның бастапқы мәнiн бұрмалайды және ластаушылар тарапынан терiс әрекетке алып келуi мүмкiн.
3. Стратегиялық мiндеттер
Қазақстанда қоғамдағы және экономикадағы өзгерiстермен қатар табиғат пайдалану мәселелерiн реттеуге қатысты трансформациялау процесi жүрiп жатыр. Сондықтан табиғат пайдалануды мемлекеттiк реттеу процесiнiң қоғамның қажеттерi мен күткендерiне барабар болуы қажет. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық-экономикалық жағдай табиғат қорғау саясатын басқарудың айрықша ерекшелiктi технологиясын талап етедi. Таяудағы он жылда қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау саласында мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет: - су ресурстарының тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтаудың деңгейiн арттыру; - қолданыстағы заңдарды жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту; - табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесiн оңтайландыру; - қалдықтарды пайдалану деңгейiн арттыру; - экологиялық оқу-ағартуды қамтамасыз ету.
4. IС-ҚИМЫЛ СТРАТЕГИЯСЫ
4.1. Су ресурстарының тапшылығын қысқарту, сумен жабдықтаудың деңгейiн арттыру
Трансшекаралық суды ұтымды пайдаланудың тетiктерiн оларды шешудің айқын шаралары мен санкцияларын көздейтiн, iске асырудың қатаң тетiктерiн белгiлей отырып, көп жақты негiзде әзiрлеу. Көршi мемлекеттердiң Қазақстанда бар ресурстарға және елдiң транзиттiк әлеуетiне өткiр қажеттiлiгiн ескере отырып, трансшекаралық суды пайдалану проблемаларын кешендi түрде пәтуамен шешудiң жолдарын iздеу қажет. Су шаруашылығы органдары мемлекетаралық салада ағын суды бөлу кезiнде елдiң мүддесiн қорғауды және трансшекаралық өзендер суын тиiмдi басқару жөнiнде ынтымақтастықты күшейтудi ұстануы керек. Су ресурстарының барлық түрлерiн, ең алдымен, ластанудан неғұрлым қорғалған жер асты су көздерiн пайдалануды интенсивтендiрудiң есебiнен ауыз сумен жабдықтауды жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу. Таяу перспективада ауыз су сапасына мемлекеттiк мониторингтiң бiрыңғай жүйесiн құру. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттiң инвестициялық саясатын жоспарлауды жүзеге асыру. Су тапшылығы өткiр өзендер бассейнiнде суды сақтау, суды көп қажет ететiн өндiрiстiң даму қарқыны мен көлемiн шектеу жөнiнде iс-шаралар жүргiзу, егiс алқаптарының құрылымын қайта қарау. Өзендердiң ағысын реттеу және аймақаралық бөлу жөнiнде iс-шаралар жүргiзу. Жер асты суларын пайдалануды ұлғайту жөнiнде iс-шаралар жүргізу. Су ресурстарының өткiр тапшылығы мен стратегиялық мәндiлiгi жағдайында саланы экономикалық әдiстермен басқаруға көшудi мемлекет иелiгiнен алу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асыру.
