Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СӨЖ 12.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
223.74 Кб
Скачать

VI бөлiм қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар

  1. МАҚСАТ

      Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру. 

2. Жағдайды талдау

      Халық тiршiлiк ететiн негiзгi жерлерде қоршаған ортаның жай-күйi қанағаттанғысыз болып отыр және сапалы ауыз судың жетiспеушiлiгi мен ауаның ластануы халықтың денсаулығына терiс әсер ететiн негiзгi факторлар болып табылады. Өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың, ластанған сарқынды сулардың прогрессивтi жинақталуы бұл факторларды едәуiр күшейтедi.        Елде Кеңес Одағы кезеңiнде ескi технологиялармен салынған қуатты өндiрiстердiң болуы ластанған заттардың қоршаған ортаға тасталу эмиссиясының азаймайтынын болжауға негiз қалайды. 

       2.1. Күштi жақтар

      Табиғат қорғау заңдарының негiзi қаланды, қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша бiрқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметiн басқару жүйесi құрылды.        Әскери полигондар жабылды, ядролық қаруды сынау тоқтатылды, үкiметтiк емес экологиялық ұйымдардың қызметi жанданды.        Ластайтын барлық көздердің мемлекеттiк кадастры және олардың орналасу карталары жасалды.        Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлем жасау жүйесi дамуда. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн жасалған төлемдерден түскен қаражаттың шоғырландырылған көлемі роялтиден алынған түсiмдермен шамалас едәуiр соманы құрайды. 

       2.2. Әлсiз жақтар

      Қазақстандағы су ресурстарының тапшылығы табиғи байлықтарды игерудi, өндiрiстiк күштердiң дамуын және тұтастай алғанда экономикалық өсудi тежейтiн елеулi фактор болып табылады. Осындай проблемалардың аймақтағы басқа мемлекеттерде де орын алуы жағдайды ушықтыра түседi.        Қазақстан Еуроазия құрылығындағы суға неғұрлым тапшы елдердiң бiрi болып табылады. Жердiң үстiңгi қабатындағы су ресурстарының барлық көлемiнiң жартысына жуығы республикадан тысқары жерлерде қалыптасады, үштен бiрi Қазақстан арқылы көршi мемлекеттердiң аумағына өтедi. Халықаралық өзендерге трансшекаралық әсер етудiң өсе түсуiне орай Қазақстанда жердiң үстiңгi қабатындағы табиғи су ресурстарының қысқару үрдiсi байқалады.        Перспективада республиканың және шектес мемлекеттердiң трансшекаралық өзендер бассейнiнде, әсiресе су ресурстарын қалыптастыру және басым пайдалану аймағында шаруашылық қызметiнiң ұлғаюына орай су жетiспеу проблемасы күшейетiн болады.        Осы ресурстың Орталық Азия аймағында тапшылығын ескере отырып, трансшекаралық су ағынының сапасы мәселесiн де шешу қажет.        Бiрiншi кезекте, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылық қызметiнiң интенсивтiлiгiне байланысты су көлемi мөлшерiнiң қысқаруы және трансшекаралық су ағынының концентратпен ластануының көбеюi республиканың оңтүстiгiндегi аграрлық секторға әсер етедi.        Аралдың және Сырдария мен Амудария бассейндерiндегi өзендердiң экологиялық проблемалары, iрi халықаралық гидротораптарды бiрлесiп пайдалану, суландыру жүйелерiн технологиялық жарақтандыру мәселелерi өткiр қойылып отыр.        Гидроресурстарды тұрақты түрде ұтымды пайдалануды қамтамасыз етудің мемлекетаралық деңгейде нақты тұжырымдалған тетiгi әлi де жоқ.        Республиканың оңтүстiгi мен шығыс бөлiгiн нәрлендiретiн өзендер, негiзiнен елден тыс жерлерден бастау алады, соның iшiнде Сырдария мен Ертiс тәрiздi iрi өзендер бiрнеше мемлекеттердiң аумағы арқылы өтедi және олар үшiн өмiрлiк маңызы бар экономикалық күретамыр болып табылады. Өзендер бассейндерiмен байланысты аймақтың өндiрiстiк және салалық мамандануына қарай, мемлекеттер үшiн олар маңызды стратегиялық мәнге ие болады.        Елдегi барлық су объектiлерi сапасының жай-күйi iс жүзiнде қанағаттанғысыз күйде қалып отыр. Негiзгi ластану су объектiлерiне өнеркәсiптiң және түстi металлургияның мұнай-химия, машина жасау салалары кәсiпорындарының қалдық суларынан келіп түседi.        Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасының өткiрлiгi төмендемей отыр. Елдi мекендердің көпшiлiгiндегi ауыз судың сапасы ұлттық және халықаралық стандарттардың талаптарына жауап бермейдi.        Елдiң қалалары мен өнеркәсiп орталықтарында атмосфералық ауа ластануының айтарлықтай жоғары деңгейi сақталып отыр. Автокөлiк санының көбеюi, сапасыз бензин пайдалану жағдайдың нашарлай түсуiне алып келуде.        Бос жатқан құмдауыт жерлер алаңының көп болуы, жайылымды жүйесiз пайдалану топырақтың жел мен су эрозиясына ұшырауына алып келдi.        Топырақтың және өсiмдiктiң азып-тозуына алып келетiн шөлейттену процесiнiң ұлғаю үрдiсi байқалады.        Ауыл шаруашылығын экстенсивтi жүргiзудiң нәтижесiнде дала мен орманды даланың табиғи ландшафты жойылуда. Тыңайтқыштардың қолданылып жүрген жүйесi қоректендiрудiң негiзгi элементтерiмен теңдестiрiлмеген. Суармалы егiн шаруашылығында суарудың артта қалған, суды шығынға ұшырататын технологиясы басым.        Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын, соның iшiнде қауiптi және радиоактивтi қалдықтарды басқару жүйесi iс жүзiнде жоқ. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау, кәдеге жарату және қайта өңдеу жүйесiнiң жетiлдiрiлмеуi қоршаған ортаның ластануына алып келедi.        Мұнай өндiру аудандарында қоршаған ортаның ластануы елеулi экологиялық проблемаға айналуда. Пайдалы шикiзатты жабық тәсiлмен өндiру кезiнде жыныс қабатын толық өңдеу жөнiндегi нормативтер бұзылады.        Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесiнiң елдің жалпы аумағымен салыстырғанда мардымсыз болуы, мұның өзi елдiң айрықша бағалы ландшафты мен табиғи қорықтық қор объектiлерiн сақтау мен қалпына келтiруге мүлдем жеткiлiксiз.        Су ресурстарын мемлекетаралық бөлуге ықпал ету тетiктерiнiң болмауы республиканың мүддесiне қысым жасайды.        Су шаруашылығын басқарудың қазiргi жүйесi оны реформалаудың мiндеттерiне жауап бермейдi.        Табиғат қорғау заңдарының әзiрленген стандарттары iс жүзiнде сақталмайды.        Қоршаған ортаның ластануын қадағалау пункттерiнiң жүйесi жеткiлiксiз.        Орман алып жатқан алқаптардың азаюы өрт, ағаш шабу нәтижесiнде, сондай-ақ орманды қалпына келтiру мен қорғаныс ағаштарын егу көлемiнiң азаюынан болып отыр. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]