Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия Кітап толытай с изменениями.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.11 Mб
Скачать

Мазмұны

1. Жарықтар ........................................................................................... 3

2. Жедел аппендицит……………………………………………………. 22

3. Жедел холецистит ……………………………………………………..

4. Жедел панкреатит …………………………………………………….

5. Асқазан және ұлтабардың жара ауруы ..........................................

6. Асқазан және ұлтабардың тесілген жарасы ....................................

7. Асқорыту жолдарының жоғарғы бөліктерінен қан кету................

Асқазан-ішек жолдарының жарасынан қан кету

8. Ішектің жіті түйнелуі ........................................................................

9. Хирургиядағы тромбоздар және эмболиялар.

Шажырқай қантамырларының тромбозы мен эмболиясы ................

10. Жіті перитонит ...................................................................................

11. Өкпе абсцесі және гангренасы .........................................................

12. Бронхоэктаз ауруы .............................................................................

13. Плевра эмпиемасы ............................................................................

14. Варикоз ауруы. Көктамырлардың даму кемістіктері .......................

15. Аяқ артерияларының облитерациялаушы дерттері .........................

16. Тік ішектің және аноректалдық аймақтың хирургиялық дерттері .. «ң

17. Сүт безінің аурулары .........................................................................

18. Азинвазивті хирургия .......................................................................

Жарықтар

Орыс тілінде «грыжа» атауы «грызть» деген сөзден шығады, яғни, жарықтардың түзілуі барысында және жарықтарда пайда болатын жағымсыз субъективті сезімдерді бейнелейді. Ертеректегі отандық хирургияға арналған әдебиеттерде – «кила» деген тағы бір атау кездеседі. Бұл атау гректің «Kele» деген сөзінен шығады. Сөзбе-сөз аударғанда «бұтақ», «өсінді» дегенді білдіреді. Цельс «Kele» атауын латын тіліне аударып, жарықтар мен соларды зерттейтін ғылым герниологияның қазіргі атауына берілген – «Hernia» терминін енгізді.

Жарықтар дегеніміз, ішкі ағзалардың іштен туа немесе жүре пайда болған қақпалар арқылы шығуы. Осындай классикалық анықтамасын берген Корнелий Цельс (б.э. 30-50 жж.). Ішкі ағзаларға тек ішектер ғана емес құрсақ қуысының басқа ағзалары, мидың тіндері де, өкпе де жататын болғандықтан бұл ағзалардың да бұлтиып шығуын жарықтар деп атайды. Бұл тарауда талданатын тек құрсақ қабырғасының жарықтары.

Құрсақ қабырғасының жарығы немесе іштің жарығы деп, құрсақ қуысында орналасқан ағзалардың ішперденің париеталдық жапырақшасымен бірге бұлшықет-шандыр қабатының табиғи саңылаулары арқылы немесе операция, жарақат салдарынан болған саңылаулары арқылы сыртқа шығуын атайды.

Іштің сыртқы жарықтарынан ішкі ағзалардың эвентрациясын және түсуін (пролапс) ажырату қажет. Эвентрация дегеніміз - ішкі ағзалардың құрсақ қабырғасының және париеталдық ішперденің саңылауы арқылы сыртқа шығуы. Эвентрация, әдетте, құрсақ қуысының жедел жарақаттарымен байланысты және жарақаттардан, операциялық әрекеттерден кейін пайда болады. Эвентерация негізінен операциялық әрекеттен кейін дамитындығын ескеретін болсақ, оның міндетті негізгі шарты - тері жамылғысының тұтастығы немесе терідегі тігістердің сөгілмеуі. Эвентерацияның мұндай түрі жабық немесе теріасты эвентерациясы деп аталады.

Терминологиялық талас тудырмау мақсатында, бірмезгілде тері жамылғысының саңылауы ( дефектісі) болатын ашық немесе толық эвентерация деген терминдерді жоққа шығару қажет сияқты. Мұндай жағдайларды ішкі ағзалардың түсуіне (выпадение) жатқызған орынды, өйткені, олар шынында сыртқа қарай түседі.

Сонымен қатар, әдебиетте мүшенің түсуі (пролапс) деп, ішкі ағзалардың немесе бөліктерінің табиғи саңылаулар арқылы сыртқа айналып шығуын, яғни олардың ішкі қабырғасының сыртқа айналып кетуін айтады (қынаптың, жатырдың, тік ішектің түсуі).

Құрсақтың ішкі жарықтары – дегеніміз құрсақ қуысы ағзаларының ішперденің, шажырқайдың қатпарлары мен қалталарына, сонымен қатар, көкеттің табиғи немесе жүре пайда болған тесіктері мен саңылаулары арқылы кеуде қуысына бұлтиып шығуы. Көкеттің жарықтары құрсақ қуысының жоғарғы қабырғасының жарығы болғандықтан, құрсақ қабырғасының басқа қабырғаларының жарықтарымен қатар тұрады. Сонымен қатар, көкеттің жарықтары, терінің астына емес, бір қуыстан екінші қуысқа шығатындықтан, ішкі жарықтарға жатады. Ал мұның өзі көкет жарықтарының клиникасының, диагностикасының және емінің басқа жарықтардан ерекше болуының себебі.

Құрсақ қабырғасының жарықтарының жіктелісі.

Барлығын қамтитын жіктелісті келтіру қиын. Құрсақ қуысының шартты түрде төрт қабырғасы бар екенін ескерсек, орналасқан жеріне байланысты жарықтарды былайша бөлуге болады:

I. Құрсақтың алдыңғы-бүйір қабырғасының жарықтары: шап, сан, кіндік, ақ сызықтың, семсер тәрізді өсіндінің, спигель сызығының және операциядан кейінгі жарықтар.

II. Құрсақтың артқы қабырғасының жарықтары (белдік жарықтар): Пти үшбұрышының және Грюнфельд-Лесгафт кеңістігінің жарықтары.

III. Құрсақтың жоғарғы қабырғасының жарықтары (көкет жарықтары):

  1. Көкеттің өз жарықтары

А) Іштен туа пайда болған жарықтар: көкеттің қабырға-белдеу бөлігінің жарықтары (Богдалек жарығы), көкеттің төс-қабырға бөілігінің жарығы (Ларрей-Морганьи жарығы).

Ә) Көкеттің жарақаттық жарықтары.

Б) Көкеттің босаңсуы (көкеттің невропатиялық жарықтары)

2. Көкеттің табиғи тесіктерінің жарықтары

А) көкеттің өңеш саңылауының жарығы;

Ә) Қысқа өңеш:

- іштен туа пайда болған

- жүре пайда болған

Б) Өңеш маңының жарықтары

IV. Құрсақтың төменгі қабырғасының жарықтары:

А) Шонданай

Ә) Жапқыш тесік

Б) Бұтаралық

  • алдыңғы

  • артқы

Жарықтардың этиологиясына байланысты жіктелуі:

А) Іштен туа пайда болған

Ә) Жүре пайда болған

  • операциядан кейінгі

  • қайталанған

  • жарақаттық

Жарықтардың клиникалық белгілеріне байланысты жіктелуі:

А) ішке қайта енетін (салынатын)

Ә) ішке қайта енбейтін(салынбайтын)

Б) қысылған

В) жекелеген

Г) көптеген

Жарықтардың клиникалық ағымына байланысты жіктелуі:

  1. Асқынбаған

  2. Асқынған:

а) ішке қайта енбейтін (салынбайтын)

ә) қысылған

б) құрсақ қабырғасының жарықтарының жарақаты

в) құрсақ қабырғасы жарықтарының қапшығының және оның ішіндегі

ағзалардың туберкулёзі

г) құрсақ қапшығының және оның қабықтарының ісіктері

д) жарық қапшығындағы бос және бөгде денелер

е) копростаз

ж) жарық қапшығы мен оның ішіндегі ағзалардың бейспецификалық қабынуы.

Этиологиясы және патогенезі. Жарықтардың пайда болуы, көптеген этиологиялық факторлар мен патогенетикалық процестердің өзара әсерінің қорытындысы болып табылатын күрделі патологиялық жағдай.

Жарықтардың пайда болуының негізгі шарты ретінде ұзақ уақыт бойы құрсақ қуысындағы қысым мен құрсақ қабырғасының белгілі бір аймақтарының қарсыласу күші арасындағы сәйкессіздікті атауға болады. Осы жерлерде құрсақ қуысының қысымының қайталап көтерілуінің нәтижесінде тіндер созылып, жарық қақпалары пайда болады. Ішперденің париеталдық жапырақшасы босаңсиды да, ол бұлтиып шығады – жарық қақпаларына сәйкес жерлерде сыртқы қабырғасы париеталдық ішперде болатын шұңқыр (воронка) түзіледі. Кейінірек құрсақ қабырғасының сыртқы жарығының элементі - жарық қапшығы пайда болады.

Жарықтардың пайда болуына ықпал етуші факторларды жергілікті және жалпы деп екіге бөледі.

Құрсақтың сыртқы жарықтарының дамуына бейімдеуші жергілікті себептер құрсақ қабырғасының құрылысының, әсіресе, оның «әлсіз» жерлеріндегі анатомиялық ерекшеліктерімен байланысты. Мұндай жерлерге немесе «жарық нүктелеріне» келесі анатомиялық аймақтар жатады: шап каналы, санның овалды (сопақ) шұңқырының, іштің ақ сызығы, кіндік, спигель сызығының, Пти үшбұрышының, Грюнфельд-Лесгафт төртбұрышының, жапқыш өзек (канал) аймақтары.

Жалпы себептерге жататындар:

  1. Бейімдеуші факторлар - конституционалдық сипаттағы ерекшеліктер (жалпы жеткілікті дамымау, әлсіз дене құрылысы, жеткіліксіз физикалық даму), тұқым қуалаушылық, жынысы, жасы, коллаген жүйесінің патологиясы.

  2. Жүзеге асырушы себептер: