- •Тақырып №1. Кіріспе. Кодтардың шығу тарихы
- •Тақырып №2. Информацияның өлшемдері
- •Тақырып №3. Энтропия
- •Тақырып №4. Фано-коды.
- •Тақырып №5 Префикстіқ қасиет. Бірмәнділік
- •Тақырып №6. Ауыстыру тәсілдері
- •Тақырып №7. Алмастыру тәсілі
- •Тақырып №8. Периодты кілтпен берілген көп алфавитті ауыстыру шифры
- •Тақырып№10. Циклдық кодтар.
- •Тақырып№9.Сызықтық кодтар
- •Тақырып №11. Қаныққан кодтар.Кодтарды бағалау
- •Тақырып №12. Архиваторлар. Лемпель – Зив тәсілі
- •Тақырып №13. Хаффман коды
- •Тақырып №14. Арифметикалық кодтау
- •Тақырып №15. Сөздік әдістер
Тақырып №15. Сөздік әдістер
Сөздік әдісте символдар тізбегі таңдап алынады, және оларды сөздікте сақтайды. Ал барлық тізбектер белгіше ретінде кодталады. Сөздік әдістер: статистикалық немесе динамикалық болуы мүмкін. Біріншісі тұрақты; кейде ол сөздікке жаңа тізбектер қосылады, бірақ та ешқашанда жойылмайды. Динамикалық сөздік файлдағы тізбектерден құралады және ол тізбектерді сөздікке енгізуге және жоюға болады.
Қарапайым мысал ретінде ағылшын тілінің сөздігін қарастыруға болады. Ол ағылшын мәтінін сығуға арналаѓан. Сөз енетін файлдан оқылып сөздіктен ізделінеді. Егер ол сөз табылса сµздіктен табылса оның индексі немесе сөздік белгісі шығатын файлға жазылады, әйтпесе сығылмаған күйдегі сөз жазылады.
Нәтижесінде шығынды файл индекстер және сөздер қатарынан құралады, сондықтан олардың арасында айырмашылықты құра білу керек. Тағы бір әдіс – ол жазылатын файлға тағы да бір қосымша битті қосу. 19 биттік индекс сөздіктегі сөздерді көрсету үшін жеткілікті. Сондықтан егер оқылған сөз сөздіктен табылса, онда жиырма биттік сілтемені, табылмаса 1 саны жазылады, содан кейін сөздің ұзындығы және сөздің өзі жазылады.
Мысалы, bet сөзі сөздікте 1025 нөмірімен жазылған болсын. Онда ол 20 биттік санмен кодталған болады 00000000010000000001. bet сөзі сөздіктен табылмасын. Онда шығынды файлға келесі биттер тізбеі жазылсын 10000011011110000110010101110100.
Динамикалық сөздік тиімдірек болып есептелінеді. Мұндай әдіс кішігірім бос сөздіктен басталады, және оған енетін файлдан сөздер қосады және ескі сөздерді жояды. Мұндай алгоритм қайталанудан құралады. Содан кейін әрбір сөз сөздіктен ізделінеді. Егер сөз табылмаса, онда шығындыда сәйкесінше белгісі көрсетіледі, әйтпесе шығынды файлға сығылмаған сөз жазылып, ол сөздікке қосылады.
Соңғы қадамда тексеріс жасалады. Ескі сөзді жою керек пе әлде жоқ па. Бұл алгоритмнің 2 маңызды ерекшелігі бар:
Алгоритм тізбекке тек қана іздеу және салыстыруды ғана қолданады.
Декодер өте қарапайым. Бұл әдісте декодер берілген файлды оқиды, оқылған үзінді белгі бола ма екенін анықтайды.
