Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
teoria_kodir.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.66 Кб
Скачать

Тақырып №5 Префикстіқ қасиет. Бірмәнділік

Алдыңғы тақырыпта қарастырылған мысалға екі түрлі кодтау жүргізейік. Осы жазуларда және -те соңғы 0-ді алып тастайық та, олардың орнына 1 саныны орналастырайық. Осылай жасау мүмкін тиімдірек болатын шығар.

0 10 110 111 1 - түр

0 1 11 111 2 - түр

Мұнда әрбір хабар бұрынғысынша әр түрлі тізбектермен кодталады. Енді бізге осы сөзді робот немесе машина орындау керек болсын. Егер робот үшін А1 –алға, А2 –артқа, А3 –солға, А4 –оңға жүру болса, онда ол төмендегі команданы қалай түсініп орындау тиіс: 0 1 1 0 1 1 1 0 1. . .Алғашқы мән 0-ге тең болғандықтан робот алға жүреді, бірақ келесі жүретін жолы анықталмаған . Себебі робот 1 немесе 11 мәнінің қайсысын алу керегін нақты анықтай алмайды. Біздің кодтауымызда оның екеуі де кездеседі.

Яғни әрбір кодталған символдан кейін оны екінші символдан ажырататын белгі болуы тиіс. Бұл белгі бос орын немесе басқа арнайы алынған белгі болса, онда біздің кодтық мәтініміздің көлемі ұлғайып кетеді.

Сондықтан кодтық мәтінде жеке кодтық сөздерді тағайындап алады. Кодтық символдардың тізбегі тек бір ғана тәсіл арқылы кодтық сөздерге бөлінеді. Бұл кодтаудың ең қарапайым және жиі қолданылатын түрі префиксті кодтау деп аталады. Мұнда кез келген кодтық сөз екінші кодтық сөздің жазылуының бастапқы жерінде кездеспейді. Егер код префиксты болса, олар арқылы жазылған кез келген сөзді оқығанда бір кодтық сөздің қай жерден басталып, қай жерде аяқталатынын білеміз. Фано тәсілі бойынша алынған код префикстік код болып табылады. Онда әрбір код өзге кодтың бас жағында ешқашанда кездеспейді.

Префикстік кодтың негізгі қасиеті оның бір мәнділігі. Осы қасиет арқылы кез келген кодталған тізбекті шешуге болады.

Негізгі әдебиеттер: [1, 2, 6, 9]

Қосымша әдебиеттер:[11, 12]

Тақырып №6. Ауыстыру тәсілдері

Ауыстыру тәсілі өте ертеден белгілі және жиі қолданылатын шифр болып табылады. Оларда хабарламаның (әріптер, сөздер,…) жеке бөліктері басқа бір әріпке, символға, санға және т.б. ауыстырылады. Сонымен қатар ауыстыру шифрленген хабарлама бойынша жіберілетін хабарламаны қалпына келтіруге болатындай орындалады.

Айталық, мысалы, хабарлама орыс тілінде шифрленсін және сонымен қатар ауыстыруға хабарламаның әрбір әріпі жатады деп есептелінсін. Бұл жағдайда, формальды түрде, ауыстыру шифрын келесі түрде беруге болады. Алғашқы алфавиттің әрбір әріпі үшін символымен белгіленетін сәйкес жиын құрылады. Егер болғанда және жиындары қиылыспайтын болса, онда кез келген екі әртүрлі жиын бірдей элементке ие болмайды. жиыны әріпі үшін шифр белгіленген жиын деп аталады.

а

Б

В

Я



(1)

кестесі ауыстыру шифрының кілті болып табылады. Осыны біле отырып, шифрлеу сияқты шифрді қайта шешуді орындауға болады.

Шифрлеу кезінде ашық хабарламаның біріншіден бастап әрбір әріпі жиынының кез келген символымен ауытырылады. Егер хабарлама бірнеше әріпінен тұратын болса, онда оның әрбіреуі -дан алынған кез келген символмен ауыстырылады. Осыны есепке ала отырып (1) кілтінің көмегімен бір ашық хабарлама үшін шифрлеудің әр түрлі варианттарын алуға болады.

Негізгі әдебиеттер: [3,6, 9, 10]

Қосымша әдебиеттер:[11, 12]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]