- •1.Персоналды басқаруДың теориялық- әдістемелік негіздері
- •1.2. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі персоналды басқару ерекшеліктері
- •1.3. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
- •2. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесінің персоналын басқару жағдайын талдау
- •2.1. Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау
- •2.2. Мемлекеттік қызметтегі кадрларды іріктеу жүйесін талдау
- •3.Мемлекеттік қызмет персоналын басқаруды жетілдіру
- •3.1. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі персоналды басқарудың шет елдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
1.3. Мемлекеттік қызмет персоналын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі
Мемлекеттік қызмет тиімділігі – іс-әрекеттің қаншалықты қажетті нәтижеге алып келетіндігін сипаттайтын басқарушылық іс-әрекеттердің, шешімдердің қасиеті. Мемлекеттік қызметтің осы және басқа да іс-әрекеттердің бағасы және олардың тиімділігі бағалау критериіне тәуелді.
Сөзсіз «бағалау» «мемлекеттік қызмет тиімділігі» түсінігінің негізгі элементі болып табылады, себебі, ол қоғам дамуының деңгейін, мемлекеттік қызметтің функционалдану деңгейін сипаттайды. Сондықтан да, бағалау нақты критерилер бойынша жүзеге асуы тиіс. Мемлекеттік қызметкердің тиімділігін қамтамасыз ететін баға өз құрамына:
1)баға субъектісі; 2)баға объектісі; 3) мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау критерилері, яғни жұмысшының қызметі сәйкес келетін нақты талаптар, олардың жеке қасиеттері, еңбек нәтижесі ғылыми құрылған.
Бағалау критерилері – бұл, мемлекеттік қызметтің мемлекеттік мансабын иемденетін қызметкерге берілетін талаптар болып табылады. Мемлекеттік қызметкердің жеке қасиеттерінің конкретизациясын ұстанымдық нормалармен басқарылатын жетекші, аттестациялық комиссия жүзеге асырады.
Басқару жүйесі үшін критерий басқару тиімділігін анықтауға міндетті, яғни талдау арқасында көрсетілетін қызмет пен басқарудың деңгейі мен сапасы анықтауға, оның қоғам қажеттіліктеріне сәйкестенуі арқылы басқару көрінісін бағалау.
Дәл сапа есебі басқару критериін сәйкес белгілердің сандық көрсеткіштерін өлшейтін басқа көрсеткіштер арасында ерекшелендіреді. Негізінен, критерилер тиімділік ұғымымен байланысты, оны өзіне нақты анықтаулар мен нақтылаулар арқылы орналастырады, сонымен қатар алынған әлеуметтік нәтижелер мен оған жету барысындағы шығындар арасындағы қарым-қатынасты сипаттайды. Мемлекеттік қызмет жұмысының сапалы және объективті бағасы маңызды, себебі елдің дамуы оның құзырына тәуелді.
Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін іске асыру мақсатында әзірленген.
Әдістеме орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында персоналды басқару жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.
Персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүзеге асырады.
Орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аудандық бөлімшелерін қоспағанда, облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары персоналды басқару тиімділігін бағалау объектісі болып табылады.
Агенттікке қатысты персоналды басқару тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі іске асырады.
Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін Агенттікте орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның кіші тобы болып табылатын жұмыс тобы құрылады. Жұмыс тобының құрамы Агенттіктің бұйрығымен бекітіледі.
Персоналды басқару тиімділігін бағалау есепті (күнтізбелік) жылдың қорытындылары бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бекіткен кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Персоналды басқару тиімділігін бағалауды өткізу үшін ақпаратты Агенттікке орталық мемлекеттік органның аппараты, облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің аппараттары Кестесіне сәйкес қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.
Орталық мемлекеттік және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарда персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға және бағаланушы мемлекеттік органдарға ұсынылады. Президент Әкімшілігі дайындаған Агенттікте персоналды басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылады.
Персоналды басқару тиімділігін бағалау үшін ақпарат көздері болып табылады:
1) мемлекеттік органдардың статистикалық деректері және автоматтандырылған электрондық өткізу жүйесінің мәліметтері;
2) уәкілетті органдар жүргізген тексерістердің барысында алынған мәліметтер;
3) мемлекеттік қызметшілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижелері;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің ақпараты.
Мемлекеттік органның персоналды басқару тиімділігін бағалау мынадай өлшемдер бойынша іске асырылады: сурет
1) адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі;
2) мемлекеттік қызметшілерді оқыту;
3) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының тиімділігі;
4) мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату
5) мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі
Кесте 1 - Мемлекеттік органның персоналды басқару тиімділігін бағалау өлшемдерінің шекті мәндері кесте сызу
№ |
Бағалау өлшемі |
Әр өлшемнің бағалау баллдары |
|
1 |
Адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі |
32 |
|
2 |
Кадрлардың ауысушылығы деңгейі |
14 |
|
3 |
Мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату |
6 |
|
4 |
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының тиімділігі |
24 |
|
5 |
Мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі |
24 |
|
Жалпы баға: |
100 |
||
«Адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі» өлшемі бойынша баға мына формуламен есептеледі:
К1 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4
К1 – осы өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;
Р1 – «кадрлардың ауысушылығы деңгейі» көрсеткіші;
Р2 – «мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші;
Р3 – «мемлекеттік органдағы жұмыс уақытының нақты ұзақтығы» көрсеткіші.
Р4 – «еңбек демалысын өз уақытында беру» көрсеткіші.
Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 32 балл болып саналады.
Кадрлардың ауысушылығы деңгейі көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
Р1= k
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (14-ке тең);
a – есепті кезеңде жұмыстан шығарылған мемлекеттік қызметшілердің саны;
b – мемлекеттік органның штат кестесіне сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың орташа
саны;
5 – қатаңдық көрсеткіші.
Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 14 балл болып саналады.
«Мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату» көрсеткіші
Р2 = k
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең);
a – осы мемлекеттік органның қызметкерлері ішінен осы мемлекеттік органда жоғары
лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің саны;
b – осы мемлекеттік органда конкурс бойынша және кадр резервінен тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны (С-5, С-О-6, D-5, D-O-5 санаттарын қоспағанда).
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының тиімділігі»
өлшемі бойынша бағалау мына формула бойынша есептеледі:
К3 = Р1 + Р2 + Р3 + Р4
К3 – аталған өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;
Р1 – «сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші;
Р2 – «сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші;
Р3 – «сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші;
Р4 – «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша деклорацияны мемлекеттік органның сайтында жариялаған басшылық лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің үлесі» көрсеткіші.
Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 24 балл болып саналады.
«Мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі» өлшемі бойынша бағалау мына формула бойынша есептеледі:
К4 =k(r1 + r2 + r3 + r4 +r5 + r6)
К4 – осы өлшемі бойынша мемлекеттік органның бағасы;
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (4-ке тең);
r1 – қызметкерлердің мемлекеттік орган қызметіне қатысу дәрежесі;
r2 – көтермелеу жүйесімен қанағаттану дәрежесі;
r3 – мансаптық өсу мүмкіндіктерімен қанағаттану дәрежесі;
r4 – еңбектің ұйымдастырылуымен қанағаттану дәрежесі;
r5 – персоналды іріктеу тәртібімен қанағаттану дәрежесі.
r6 – мемлекеттік қызметшілерді бағалау жүйесімен қанағаттану дәрежесі.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 24 балл болып саналады.
«Мемлекеттік қызметшілерді оқыту» өлшемі бойынша баға мына формуламен есептеледі:
К2 = k (a/b + c/d)
К2 – мемлекеттік органның осы өлшем бойынша бағасы;
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (10-ға тең);
a – есепті кезеңде өтуге тиістілер ішінен тақырыптары мемлекеттік органның алдына
қойылған мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ қызмет бағытына сәйкес келетін біліктілікті
арттырудан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны;
b – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшiлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығына сәйкес, есепті кезеңде біліктілікті арттырудан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілердің саны;
с – есепті кезеңде өтуге тиістілер қатарынан қайта даярлаудан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны;
d – тиісті есепті кезеңге Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы қалыптастыратын оқытылатындардың контингентіне сәйкес қайта даярлаудан өтуге жататын мемлекеттік қызметшілердің саны.
Біліктілікті арттырудан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілер болмаған жағдайда, a/b = 1.
Қайта даярлау курстарынан өтуге тиісті мемлекеттік қызметшілер болмаған жағдайда, c/d = 1.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 20 балл болып саналады.
«Мемлекеттік органдағы жұмыс уақытының нақты ұзақтығы» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
Р3 = k (2 – a/b)
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең);
a – мемлекеттік органда орташа адам-сағат саны;
b – еңбек заңнамасымен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы (аптасына 40 сағат).
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.
«Еңбек демалысын өз уақытында беру» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P4 = k a/30 b/90
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең);
a – есептік кезеңде мемлекеттік органдағы жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы күнінің орташа саны;
b – есептік кезеңде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген мемлекеттік қызметшілердің үлесі;
30 – бастапқы мәні;
90 – бастапқы мәні.
«Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P1 = 6 – 0,4 а
a – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болған мемлекеттік қызметшілердің саны;
0,4 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.
Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.
«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P2 = 6 – 0,3 а
а – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған қызметшілердің, оның ішінде құқықбұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болған мемлекеттік қызметшілердің саны;
0,3 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.
Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.
«Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P3 = 6 – 0,2 а
а – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны;
0,2 – бағалау қатаңдығы көрсеткіші.
Егер алынған нәтиже минус белгісімен болса, мемлекеттік органға осы көрсеткіш бойынша 0 мәні қойылады.
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.
«Жеке табыс салығы және мүлік бойынша деклорацияны мемлекеттік органның сайтында жариялаған басшылық лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің үлесі» көрсеткіші бойынша баға мына формуламен есептеледі:
P4 = k a/b
k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең);
a – жеке табыс салығы және мүлік бойынша деклорацияны мемлекеттік органның сайтында жариялаған басшылық лауазымдарды атқарып отырған (комитет төрағалары, олардың орынбасарлары, департамент директорлары, аппарат басшылары, олардың орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің басшылары, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың басшылары) мемлекеттік қызметшілердің саны
b – басшылық лауазымдарды атқарып отырған мемлекеттік қызметшілердің саны (есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша).
Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.
Персоналды басқару тиімділігі бойынша қорытынды баға мемлекеттік органдардың қорытынды бағасы барлық өлшемдер бойынша алынған есептердің нәтижелерін қосу жолымен анықталады:
О = К1 + К2 + К3 + К4
О – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың персоналды басқару бойынша қорытынды бағасы.
Персоналды басқару бойынша бағалау нәтижелері туралы қорытынды:
бағаланатын мемлекеттік органның атауын;
барлық өлшемдер бойынша бағалау кестесін;
мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін өлшемдер бойынша талдауды;
тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтуы тиіс.
Алынған нәтижеге сәйкес мемлекеттік органның қызмет тиімділігі анықталады. Мемлекеттік орган қызметі тиімділігінің жоғарғы дәрежесі бағалаудың 90-100 балына, орташа дәрежесі – 70-89,99 балға, төменгі дәрежесі 50-69,99 балға сәйкес келеді. Бағалау нәтижесі бойынша 49,99-ден төмен балл алған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз деп саналады.
Тагы кесте бар
