Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕРТИС салта.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
918 Кб
Скачать

2.2.2Судың құрамындағы ұсақ организмдер

Ертіс өзенінде фитопланктондар кездеседі. Оларды зерттеу үшін биоманиторинг жүргізілген. Фитопланктондар су қоймалардағы органикалық заттарды ғана жасап қоймай,су қасиетін және су қасиетін қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Фитопланктондарды зерттеу су тазалаудағы процестерді ұғынуға және су қоймаларға қатысты көптеген проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Фитопланктондарың түрлік құрамы,құрылымы және көптігі су обектісінің санитарлық және экологиялық жағдайын, және қоректік деңгейін бағалауда басты көрсеткіш болып табылады.Биомониторигн нәтижесінде алынған мәліметтер су бассейндерінде табиғатты қорғауға арналған шараларды өткізуге және жоспарлауға қажет. Әсіресе Ертіс сияқты трансшекаралық өзендерде маңызды қасиетке ие.

Зерттеуде мынандай талаптар қойылған:

- Фитопланктондардың түрлік құрылымы мен құрылысын зерттеу;

-Жоғарғы және Ортаңғы Ертістің қоректік статусын анықтау

-Сол жердегі фитопланктондардың қалыптасу заңдылықтарын және бағытын анықтау

- Биомониторинг арқылы Ертістегі фитопланктондарды зерттеу әдістерін жасау және фитопланктондардың орнын анықтау [1],[2],[5]

2.2.3. Су өсімдіктері

Су ішінде көп тараған балдырлар,кладофора, су қынасы, сонымен қатар тұңғиық су гүлі, т.б өсімдіктер.Су ішінде батып өсетін өсімдіктердің омыртқасыздардың қорегі болуымен қатар, олардың экологиялық маңызы зор. Табан балық пен қара балық осы шалан арасында ұрық шашады.Осы өсімдіктердің ,әсіресе шөппен қоректенетін балықтар мен жас шабақтар үшін сиректеу өскені пайдалы. Аталған өсімдіктердің құрамында «С» витамині болады. Сонымен қоса химиялық элементтер бар.

2.2.4. Қоректік тізбегінің сипаттамасы

Ертіс өзеніндегі қоректік тізбек қарапайым түрде жүреді. Фитопланктондарды ұсақ балықтар қорек етеді. Оларға шабақ,т.б балықтарды атауға болады. Ал ұсақ балықтарды өз кезегінде ірі балықтар жеп, қоректік тізбекті жалғастырады. Балықтар өмір сүруін тоқтатқанда олардың қаңқаларын судағы микроорганизмдер ыдыратып, органикалық заттарға айналдырады. Осылай қоректік тізбек үздіксіз жүріп отырады.

1.сурет. Ертіс суындағы қоректік тізбектің сипаттамасы

3.Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау

3.1. Ертіс өзенінің су балансының динамикасы

«Казгидрометтің» гидрологтары Қара Ертістің ағысының үздіксіз мониторингін жүзеге асыруда. Оның ағысының төмендеуі өткен ғасырдың 90- жылдарында басталған. 2005 жылға дейін ол жылына 1,1–1,8 куб км құраған. Соңғы жылдары (2006–2008) ҚХР территоиясындағы су тұтынудан Қара Ертістің ағысының азаюы жылына 2,5–3,5 куб км ге артқан және осылай Қытайдан Қазақстанға келетін Қара Ертіс өзенінің су ресурстарының жиынтығының қысқаруы 1998-2008 жылдар аралығында 25 куб км құраған. Яғни, Ертістің шынайы ағысы 11,0–11,4. Ол көрсетілген жылдарда 5,5 куб кмге дейін қысқарған Ол біздің территорияға үлкен зиянын тигізеді. Ертіс өзенінің таудан жазықтыққа шыққандағы су ағынының жылдамдығы секундына 933текше м болса, Тобыл ауданының тұсында секундына 2 177текше метрге жетеді.Ал, су мол айларда (маусым)секундына 6 133 текше метр болса,ақпан айында секундына 294метрге дейін төмендейді.

Жалпы алғанда, Ертістің суының көлемі жыл өткен сайын таяздап барады. Түрлі зиянды әрекеттер өзеннің су балансының төмендеуіне әкеліп соғуда.

Зерттеулер нәтижесі бойынша Ертіс су бассейнінің ағысының орташа көлемі барлығы 33,5, сырттан келетіні 9,8,Республика рерриториясында қалыптасқаны 23,7 км3/жылына.

Өскемен қаласындағы Ертіс өзені мен Үлбі өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Рет са- ны N

Су объекті- сі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

шека- расы- ның ұзын- дығы, (шақы- рым)

алаңы, (га)

орташа ені (метр)

шекара- сының ұзынды- ғы, (шақы- рым)

алаңы, (га)

орташа ені (метр)

1.

Өскемен қаласындағы темір жол көпірінен бастап Новоявленка ауылына дейінгі солжағалау учаскесіндегі Ертіс өзені (2005 жылғы жоба)

   14,35

   1325,3

   500-2800

   29,3

   450,0

   20-75

2.

Ертіс өзенінің Өскемен ГЭС-інен бастап Пограничная көшесінің тұстамасындағы жаңа автомобиль көпіріне дейінгі оң жағалауы (2006 жылғы жоба)

    12,70

    980,01

    300-1600

    19,38

    221,02

    10-140

3.

Өскемен қаласының аумағындағы Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және солжағалаулары (2006 жылғы жоба)

   19,75

   2028,92

   160-1600

   27,87

   592,59

   20-380

4.

Глубокое ауданының аумағындағы Үлбі өзенінің Каменный Карьер кентінен бастап Ертіс өзенінің ойысына дейінгі оң және солжағалаулары (2006 жылғы жоба)

    15,49

    1601,5

    400-1600

    18,83

    858,54

    30-500

Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

№ р/с

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Шекара- сының ұзындығы, (шақырым)

Алаңы, (га)

Орташа ені (метр)

Шекарасы- ның ұзындығы, (шақырым)

Алаңы, (га)

Орташа ені (метр)

1.

Семей қаласында- ғы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзені

25,40

2326,6

350- 2690

25,16

345,24

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 116-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Їкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына, «Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 28 маусымдағы № 506, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2999 бұйрығына, «Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» жобасына сәйкес және су объектілерін ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ шыққан болатын. Белгіленсін:       1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;       2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.       2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) «Семей қаласындағы Восход кентінен бастап Мирный кентіне дейінгі учаскедегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекараларын белгілеу» жобасын мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын деген болатын. Қазіргі таңда біз үшін өзекті мәселе - Ертіс өзені суына тәуелділігіміз. Ертіс өзені суының қорын пайдалануда Қазақстанның 17 млрд текше метр үлесі бар. Бұл ретте Кеңес үкіметі кезінде Сәтпаев атындағы канал салынған болатын. Қазір оның 30%-ы ғана қолданыста. Бұл суды біз ауыл шаруашылығы қажеттілігіне, ауыз су ретінде пайдаға асырудамыз. Аталған каналдың құрылысын жалғастырып, Жезқазған арқылы Сарысу өзенімен қосып, сонау Қызылорда облысы арқылы Арал теңізіне дейін жеткізуге болады.

Практикалық маңызы. Автордың зертеулері «Бұқтырма су қоймасындағы балық өнімділігін арттыру және балық қорының рационалды эксплуотациясының биологиялық основасын жасау» аясында жүргізілген.(1973-77жж) .Ал одан кейінгі жылдары, яғни 1978-1980жж, бұл шара Бұқтырма су қоймасының балық қорын су режимінің өзгеру жағдайында пайдалану аясында да өткізілді. Бұл жұмыстың нәтижелері жыл сайын Алтай бөлімшесінің КазҒЗИБШ ң(Өскемен қаласы) есептерінде жарияланып отырады және Бұқтырма су қоймасының балық қорын арттыруда және сол жолжа балықтардың өнімділігін көтеруде қолданылады. 2003-2004 жж Бұқтырма және Шүлбі су қоймаларының фитопланктондарды зерттеу материалдары Алтай филиалының Балық шаруашылығының ғылыми зерттеу Орталығында «Биоалуантүрлілікті сақтау жолдарын жасау және Трансшекаралық бассейндердегі балық ресурсын тұрақты пайдалану туралы экологиялық мониторинг» деген атпен енген болатын .[2],[3]

1998, 2000 және 2003 жж автордың зерттеулері барысында табиғат ресурстарын басқару басқармасының және Ом облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау басқармасының тапсырмасымен Омскідегі гидрометерология және мониторинг орталықтарынмен бірігіп, өзен экожүйесінің биомониторингі үшін бақылау пунктері жасалды Биомониторинг тапсырмаларын шешу үшін фитопланктондардың құрылымдық көрсеткіштері туралы бағалау жүргізілді және оларды қолдану туралы рекомендация берілді.Зерттеу материалдары «Ом облысының қоршаған ортасының жағдайы туралы »баяндамасында шыққан. (1998 и 2000 жж.). [1,2]

Қытайлықтар суға аса мұқият екен. Кез келген трансшекаралық өзенді алып қарасақ, Қытай жағында судың топыраққа сіңіп кетуіне жол бермеу үшін жағасы бетонмен немесе таспен қапталған. Бізде жағалаулар  табиғи қалпында, қалай болса солай тұр. Су буланғанымен қоймай, жерге де сіңеді. Көктемде қар ери бастағанда қытайлықтар қар суын жинап алады. Еңістерге шағын бөгеттер жасап, суды жинайды, сосын сорғымен қайта сорып, суқоймаларға қосады», – дейді М.Иманжанов.

Шынын айту керек, бізде мұндай шаралардың бірі де қолға алынбайды. Қар суын қойып, жай судың өзіне ие бола алмай отырғанымыз жасырын емес. Қанша судың желге ұшқаны бір Аллаға ғана аян.

Сонымен, Ертісті құтқарудың жолдары қандай? «Казгипроводхоз» суды қорғау және су шаруашылығы институтының жасаған есептеулеріне сүйенсек, Ертіс өзенін сақтау мен қорғау шараларына 111,6 миллиард теңге көлемінде қаржы қажет. Ертіс өзенін зерттеуде өазаөстандық зерттеушілер бір бірімен бірлесіп үнемі мониторинг өткізіп отырады.Ол жұмысқа ТЖМ және СЭС мамандары да ат салысады.Ал Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлесіп зерттеу жұмыстарыныңбіршама маңызды нәтижелерінің бірі бұл Повлодарлық «Химпром» зауытынан шыққан ластағыштардан өзенді залалсыздандыру.Біздің Орталықтың мамандары, сол жаққа мониторинг жүргізу үшін барған,сынаппен жүрген. Өндіріс орнының құрылғанында бір жылдың ішінде Ертістің жағалауларында сынаптың орындары пайда болған.Ол қала халқына үлкен зардаптар әкеліп жатыр.Ресей елінің және кейбір арктикалық елдердің араласуынан соң сынаптың жиналуы шоғырланған: терең траншея қазылып,іші сазбен толтырылады. Енді ол жерде үнемі тексеру жұмыстары жүргізіліп отырады. Прогноздардың айтуына қарасақ, таяудағы 50-60 жылда Ертіс өзенінің жағалауындағы халықтарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ, бұл үшін бүкіл Ресейлік және Қазақстандық өндірушілерге грунтты қайта қазып, ол жерден сынапты алып шығу керек . Мамандар үш мемлекетке ортақ су арнасын құтқарудың тағы бір жолын ұсынып отыр. Ол – өзен саласына басқа өзеннің арнасын бұру. Мұндай ұсыныс Кеңес өкіметі кезінде айтылған көрінеді. Алайда айтылған күйі қалған. Аяқастынан құлаған алып империямен бірге әлгі идея да құрдымға кеткен. Дегенмен соңғы кездері ғалымдар өміршеңдігін жоймайтын мәселені қайта көтере бастады. Ертіс өзендері мен оның тармақ­тары­ның су ресурстары бүгінгі күні өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық, балық, ауыл шаруашылықтарында кеңінен пайдалануда. Оның сыртында электр энергиясын өндіру, судағы жол қатынасы және бар. Экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақса­тымен су қоймаларында жыл сайын атқа­рылып жататын шаралар өз алдына.Жұмыс материалдары және нәтижелері ғылыми практикалық, бүкілресейлік және халықаралық «Орта Азияның және Қазақстанның балық шаруашылығының биологиялық негізі» , «Диатомды балдырлар – қоршаған ортаның және климаттың өзгеруінің индикаторы» (Иркутск, 1993); «XXI ғ. Табиғат және табиғатты пайдалану(Омск, 1999)» , « Ертіс су бассейнінің ресурстарын рационалды пайдалану (Омск, 2004);», «Ертіс өзенінің ластану проблемасы»атты конференцияларда талқыланған.[4,5,6]

Бұқтырма су қоймасының фитопланктондарын зерртеу нәтижелері бойынша оның экожүйесі экологиялық модуляция жағдайында. Сонымен қатар, суқойманың ластану жағдайының өсуі ,органикалық заттармен ластануы су деңгейінің төмендеуіне және су экожүйесіне қауіп төндіріп, деградацияға алып келуде.Ал Шүлбі су қоймасында бірінші рет фитопланктондарына зерттеулер жүргізіліп, оның төртік құрамы мен құрылымы, жаздық фитопланктонның басым түрлері анықталған. Фитопланктондардың көптік көрсеткіштері бойынша су қойманың қоректік статусы орнатылды.Және ең алғаш рет Орталық Ертістің фитопланктондарының реттелген ағыны жағдайында және антропогендік әсердің артуы жағдайында систематикалық зерттеу жүргізілген Ең алғаш рет маусымдық және жыларалық динамика, фитопланктондардың биомассасы мен таралуы зерттелді.фитопланктондардың түр құрамының, құрылымының және көптігінің өзгерісі көрсетілді. Алынған мәліметтердің барысында өзеннің жаңа трофикалық немесе қоректік статусы анықталды. [4]

\