- •Курстық жұмыс ертіс су бассейнінің экологиялық жағдайы
- •Мазмұны
- •1.Әдебиетке шолу
- •2. Зерттеу нысаны мен әдістері
- •3. Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
- •1.Әдебиетке шолу.
- •1.1.Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану
- •2.Зерттеу нысаны мен әдістері
- •2.1Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы
- •2.2Ертіс су экожүйесінің құрамы мен құрылымы
- •Суқоймалардың ихтиофаунасы
- •2.2.2Судың құрамындағы ұсақ организмдер
- •2.2.3. Су өсімдіктері
- •2.2.4. Қоректік тізбегінің сипаттамасы
- •3.Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
- •3.1. Ертіс өзенінің су балансының динамикасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2Ертіс су экожүйесінің құрамы мен құрылымы
2.2.1. Судағы балықтар, жануарлар.
Ертіс өзенінде бекіре балық (Сібір бекіре балығы мен карп тәрізді бекіре балық),албырт балық, (ақбалықтар,муксун,Сібір ряпушкасы), карп тәрізділер (аққайран, ақтабан,шабақ,қызылқанат,тарғақ балық,Сібір табаны және алтын табан және т.б), шортан балықтар(шортан), алабұға тәрізділер (алабұға, көксерке, таутан, нәлім) кездеседі.
2.сурет. Бекіре және карп тәрізділер
Жоғарғы Ертіс бассейні континентальды суайдындарын бар зоогеографиялық бөлу бойынша батыс сібір учаскесінің сібір округі мұзды-теңізді провинциясына жатады. Қазіргі кезде ихтиофауналық кешен 22 тұқым және 18 тұқымдасқа жататын балықтың 26 түрімен берілген. Оның ішінде бағалы сирек түріне, генофондын жойылып кету қауіпінен сақтауды қажет ететін стрелядь, сібір бекіре балығы, кәдімгі таймень мен ақбалық-нельма жатады. Бассейн шегінде осы балықтардың түрінің таралу кеңістігі суретте көрсетілген.
3.сурет. Балықтардың түрінің таралу кеңістігі
Стерлядь, бекіре балық және нельманың ертістегі популяциясы қазіргі уақытта тек Ертіс өзеніндегі СЭС-ның каскадынан төмен жерінде мекен етеді.1940 жылға дейін сібір бекіре балығы өндірістік статистикада Зайсан өзеніндегі кәсіпшілік нысан ретінде танылған.1930 жылдары орташа есеппен жылына 0,7 тонна бекіре ауланған.1940 ж-дан кейінгі мәліметтер өндірістік статистикада жазылмаған, ал 80 ж. бекіре балығы Бұқтырма суқоймасының ихтиофаунасынан мүлдем жоғалып кетті. Қазір Ертіс өзенінде мүлде сирек кездеседі, брокеньерлермен толық жетілмегендері ауланады. Ал Сібір стерляды керісінше жоғарғы Ертісте кәдімгі түр ретінде кездеседі, бірақ кәсіптікке тыйым салынады. 2001 ж. өзен арнасында бақылау аулау кезінде стрелядь барлық түсімнің 3-тен 6%-ға дейінін құрады. Ақбалық-нельма өзенде Шүлбі СЭС плотинасынан төмен жерде ғана өте сирек кездеседі.
Жоғарғы Ертіс экожүйесіне антропогенді әсер, бір қатар жасанды су тоғандарын құру, балықтардың миграциялық жолдарын платинамен бөгеу, судың өндірістік ағындырмен ластану, ихтиофаунаның құрамын қайта құру және т.б. бағалы сирек балықтар түрлері суқоймалар ихтиоценоздарынан және Ертіс өзенінен гидротораптар арасынан ығыстырылды. Ақ балық «бұқтырма-зайсан» популяциясы (дұрысы – «зайсан-қараертістік») 1956 жылдан бері өндірістік сатистикадан тіркелмеген (30-ыншы жылдардағы аулаудың орташа көлемі – 26 тонна, 40-ыншы жылдарда – 4 тонна). 80-інші жылдардың аяғында ақ балықты бірлі-жарым Зайсанда Қара Ертіс сағасында аулаған, кейіңгі жылдары бір балық болса да ауланды деген мәліметтер жоқ. Таймень өндірістік статистикада ешқашан тіркелмеген. Кәдімгі таймень қазіргі уақытта Ертіс өзенінің оң жақ салалары – Оба, Үлбі, Күршім, Бұқтырма өзендерінде кездеседі.
Суқоймалардың ихтиофаунасы
Биоөнімнің басым көлемі суқоймаларда қалыптасады, ал өзендер балық қорын қайта өндіруде маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ Жоғарғы Ертіс бассейіні толық бір макроэкожүйені құрайды. Сондықтан бассейннің жеке бөліктерінің биоценоздарының байланыстылығы, генофондтардың ауысу жолдары және мүмкіндіктері туралы сұрақ өте маңызды болып табылады. Кестеде бірқатар су қоймаларындағы ихтиофаунаның құрамы берілген және өзендерде биоәралуандылық көп екендігі білінеді. Өзендердегі ихтиоценоздың құрамы сыртқы әсерлерге төзімді болып келеді, ал су қоймаларына қарағанда жерсіндірілгендер мұнда жергіліктілерден аз басымдыққа ие.
Қолдану түрі |
Жалпы лимит |
Балық түрлері, тонна |
шаян |
|||||||||
табан |
алабұғаь |
мөңке |
шортан |
торта |
көксерке |
ақ қайран |
оңғақ |
көкшұбар |
тарақ балық |
|||
Әуесқойлық спорттық)балық аулау |
2,0 |
0,9 |
0,4 |
0,02 |
0,15 |
0,28 |
0,1 |
0,15 |
- |
- |
- |
1,0 |
«ҚазБШҒЗИ» ЖШС Алтай филиалы, ҒЗҮА |
0,25 |
0,08 |
0,04 |
0,02 |
0,02 |
0,05 |
0,03 |
- |
0,01 |
- |
- |
0,1 |
Бақылау балық аулау |
0,1 |
0,04 |
0,01 |
0,01 |
0,01 |
0,01 |
0,01 |
- |
0,01 |
|
|
0,1 |
Кәсіпшілік балық аулау |
15,88 |
3,68 |
3,31 |
2,93 |
1,5 |
2,71 |
1,43 |
0,05 |
0,27 |
|
|
26,8 |
Жиыны: |
18,23 |
4,7 |
3,76 |
2,98 |
1,68 |
3,05 |
1,57 |
0,2 |
0,29 |
- |
- |
28,0 |
Ертіс өзені ШҚО шегінде
Ал жануарлар әлеміне келсек... экономикалық реформалардың басталуымен және Қазақстанға шекараның ашылуымен шет ел туристерінің, олжаға қызығушылардың, ағылып келуі байқалды. Олжалық іс жануар әлемін тиімді қолдану және оның қорғау органынан пайдаланушыға айналған аңшылардың қоғамдық бірлестіктерін де қызықтырды. Элиталы жануарларды олжалау құштарлығы күшті, көбінесе орта жастағы, ең бағалы өндірушілердің элиминациялануына әкеледі. Аңшылық шаруашылықта жақсы генофонд құрып барады, өсудің құрылымы тұрақсыздануда, ол аңдардың санының азаюына әкеледі.Маралдың көбеюі жойылу қаупінде тұр, олардың саны тек қана олжалық жолмен ғана емес, сонымен қатар брокеньерлік аңшылықтың әсерінен төмендеп барады, өйткені оның мүйізі ҚХР өте үлкен сұранысқа ие болып отыр. Жануарлардың негізгі түрлерін тіркеу мәліметтері бойынша мекен етуге қолайлы жердегі көптеген аңдар мен құстардың саны мүмкін мөлшерінен төмен болып отыр. Сонымен қатар қабандар, еліктер, қырғауыл
