- •Курстық жұмыс ертіс су бассейнінің экологиялық жағдайы
- •Мазмұны
- •1.Әдебиетке шолу
- •2. Зерттеу нысаны мен әдістері
- •3. Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
- •1.Әдебиетке шолу.
- •1.1.Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану
- •2.Зерттеу нысаны мен әдістері
- •2.1Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы
- •2.2Ертіс су экожүйесінің құрамы мен құрылымы
- •Суқоймалардың ихтиофаунасы
- •2.2.2Судың құрамындағы ұсақ организмдер
- •2.2.3. Су өсімдіктері
- •2.2.4. Қоректік тізбегінің сипаттамасы
- •3.Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
- •3.1. Ертіс өзенінің су балансының динамикасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Әдебиетке шолу.
1.1.Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану
Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы тартылған. Осы бесжылдықта Ертіс өзенінің суын Ертіс – Қарағанды каналы арқылы Қарағандыға жеткізу арқылы іске асуда. Бұл су егін , бау – бақша,мал суаруға және т.б жағдайларға пайдаланылады. Осы канал құрылысы Теміртау су қоймасына да жеткізіледі. Бұл канал Теміртаудағы комбинатты сумен қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, суы ішуге, қаладағы бау – бақшаны суландыруға пайдаланылады. Сонымен қатар көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуык). Басты кемежайлары: Өскемен, Семей, Павлодар, Омбы, Тобыл, Ханты- Мансийск. 1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шульба СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды. Ертіс алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады. Ертістің суы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс - Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады.
Жалпы Ертіс өзенінде балық шаруашылығы жақсы дамыған. Соған байланысты қарапайым халық балық аулау кәсіпшілігімен айналысады. Сонымен қатар егін шаруашылығы да қарқынды даму үстінде.Әсіресе суармалы егістік алқаптары көп. Ертіс су бассейні аймағында 250 мың гектар суармалы егістік бар. Тағы айта кетсек Ертіс өзенін су қоймаларға да пайдалануда. Ертіс өзенінің жағалауында орналасқан елді мекендер, қалалар Электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Ертіс өзенін транспорт ретінде де қолданады. Бірақ осы жағдайлар да өз кезегінде зиянын тигізеді. Ертіс өзенінің бойындағы халықтар ертеден жер шаруашылығымен айналысады. Ол өз кезегінде өзеннің экожүйесіне әсер етіп, топырақтың эрозиясына алып келеді. Соның салдарынан елді мекендерде лас ағынды сулар қолданылады.Қазіргі таңда Ертіс су бассейнінің суын тазарту және оның экожүйесін қалпына келтіру басты міндет болып отыр.Біріккен мемлекеттік жүйеде өткізілген экологиялық бақылау мониторингінің нәтижесінде химиялық көрсеткіштері жағына су нашар болып су экожүйесінің құртылуына алып келіп жатыр деген қорытындыға келді. Ертіс экожүйесінің жағдайы туралы толық көрсеткішті химиялық және биологиялық мониторинг бере алуы мүмкін. Биомониторингтің артықшылығысол, су организмдерінің қауымдастығына тек қана әртүрлі фаторлар әсер етіп қоймайды,сонымен қатар судың ластануы да өз кесірін тигізеді. Балық шаруашылығы, энергетика, су жолдары, сумен қамту, өзен суының сапасы мен деңгейі – осының бәрі Ертістің бүгіні мен болашағына байланысты болып отырған өзекті мәселелер. Су ресурстары комитеті Ертіс бассейндік кеңесі инспекциясының бастығы, кеңестің төрағасы Дәурен Тілеубаев өзен суын пайдалану барысы жайында хабарлама жасап, өткен қыста қардың көп болуынан Ертістің суы артып, қазіргі күні суы азайып кеткен Бұқтырма су қоймасының деңгейі 40 текше шақырымға дейін көтерілгенін айтты. Былтыр оның деңгейі бар-жоғы 29 текше шақырым болыпты. Бассейндегі су шаруашылығы жағдайының жақсарғанына қарамастан, оның су ресурстарын реттеу мен пайдалану, гидротехникалық құрылғылардың жағдайы, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері үнемі бақылауда болуды қажет етіп отыр. Көктемдегі су тасқыны тағы бір үлкен проблеманы алға тартты, ол – облыстың су қоймаларының жиналып қалған топан суды өткізе алмайтындай жағдайда болып отырғандығы. Олардың көпшілігінің техникалық жағдайы нашар, иесіз қалғандары да көп. Сондықтан жергілікті әкімдіктер су қоймаларының кімнің иелігінде екенін анықтауы тиіс. Ертіс бассейндік кеңесінің жылына екі рет өткізіліп келе жатқан кезекті отырысында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы В.Чернецкий, «Ұлы Ертіс» су пайдаланушылар ассоциациясының вице-президенті Н.Рысбай, Павлодар облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Зайсан –Ертіс облысаралық балық шаруашылығы инспекциясының, басқа да қадағалап, реттеуші органдардың басшылары өзен суының сапасын арттыру, балық түрлерін сақтап, молайту тәрізді табиғат қорғау мәселелеріне кеңінен тоқталды. Ертіс суының ластануына қаладағы өнеркәсіптік су қалдықтарының да кері әсері тиіп келеді. Өскемен қаласындағы өнеркәсіптік суларды тазартып, жер асты суларын қорғау үшін қазіргі күні республикалық бюджет есебінен Халықаралық қайта құру және даму банкісінің қаражатына экологиялық инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жобаға 69 миллион АҚШ доллары жұмсалмақ. Ертіс бассейнінің суы 2002 жылдан бері тартыла бастаған. Бұқтырма су қоймасы суын пайдалануды реттеу Үкімет бақылауына алынып, облыстағы су ресурстарын тиімді пайдаланудың жолдарын қарастыратын жұмыс тобы құрылып, болашақта Бұлақ, Белокатунь су электр стансаларын салу, Шүлбі су жолы шлюзіне қорғаныс құрылғыларын тұрғызу, облыстағы гидрологиялық желілерді ұлғайту жолдары қарастырылып, әзірлік шаралары жүргізілу үстінде. Кеңес отырысында айтылғандай, атқарылып жатқан табиғат қорғау шараларының бәрі аймақтағы су шаруашылығы жағдайының тұрақты болуына өз ықпалын тигізіп отыр. Бірақ байлығын үш ел бірдей көріп келе жатқан Ертіс өзенін сақтап, пайдалану бойынша ҚХР, Ресей Федерациясы мен біздің елдің арасында проблемаларды бірлесе шешетін үш жақты келісім әлі күнге дейін жасалынбай келеді. Ертістің барлық бөлігі кеме жүзуге қолайлы. Жолаушылар және жүк таситын өзен кемелері Қытай шекарасына дейін барады. Ертістің суын электр қуатын өндіруге пайдаланады. Ең ірі СЭС (Өскемен, Бұқтырма және Шүлбі) Кенді Алтайдың өндіріс орындарына электр қуатын береді. Ертіс балыққа бай және онда кәсіптік маңызы бар шоқыр, сыла, бекіре, шортан, сазан, табан балық, алабұға, қара балық ауланады. Жақында көксерке және байқал түркесі өсіріле бастады. Ертіс өзені республиканың халық шаруашылығы үшін маңызы ерекше, бірақ мүмкіндігі әлі де жеткілікті пайдаланылмай келеді. Ертіс суының көбі текке Обь өзеніне ағып кетіп жатыр. Сондықтан халық игілігіне жарату мақсатымен суының бір бөлігі Ертіс - Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға әкелінді. Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, бірақ онда су тапшы. Жазда кеуіп қалатын біраз ұсак өзендер халықтың және шаруашылықтың өсіп келе жатқан талабын қанағаттандыра алмайды. Сондықтан ұзындығы 458 км, тереңдігі 5-7 м-ге дейін жететін Ертіс - Қарағанды каналы 1974 жылы іске қосылды. Канал арқылы Ертістен 75 м3/сек су келеді. Каналдың екінші кезеңі Жезқазғанға дейін тартылады. Павлодар, Қарағанды облыстарын сумен қамтамасыз етуде рөлі зор. Ертістің сол жақ салалары Есіл мен Тобыл өзендері Қазақстанның солтүстік аймақтарын басып өтіп, Ертіске республика шегінен шыққаннан кейін барып құяды.
Ертіс өзенінде үш ірі ГЭС бар. Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі ГЭС-тері. Бұл үшеуінің жалпы қуаты 1689 МВт.
Бұқтырма су қоймасы – жобалау ауданы 550000 га (5500 км²);
Шүлбі су қоймасы – 25500 га (255 км²);
Өскемен су қоймасы – 37000 га (370 км²);
ШҚО жергілікті маңызы бар су қоймалары:
. Кеңестер Одағы тұсында Ертіс бойында алып бөгеттер салынып, Бұқтырма мен Өскемен, Шүлбі ГЭС-тері пайдалануға берілді. Павлодардың Ақсу өңірінен Ертіс-Қарағанды каналы тартылды: оның ұзындығы -500 шақырым, тереңдігі -5-6 метр, ені - 40 метр. Осы каналмен 22 су сорғыш стансалар секундына 110 текше метр суды 420 метр биіктікке көтеріп, каналмен Қарағандыға қарай жылына 2260 текше метр су әкелінеді. Ал Бұқтырма, Шүлбі ГЭС-тері маңдарындағы егін шаруашылығы — тек суармалы әдіспен күн көрген ауыл шаруашылығы нысандары
Өскемен су қоймасы. Көлемі 37 шаршы км, ені 0,2 – 1,2 км, ең терең жері 46 метр, мұнда 655 млн текше метр су жиналады, ал оның пайдалы көлемі 68 млн текше метр.Су қоймасы терең, орташа тереңдігі 17 м.Тереңдік плотинаға қарай өсе түседі. Қойма суын жаппай пайдалану жыл сайын наурыз айында басталады да сәуір айының екінші онкүндігінде су деңгейі 4 метрге төмендеген. Мамыр айында 1,8 метрге, ал тамыз қыркүйек айларында 1,7 – 2,2 метрге төмендейді.Қоймада балықтың 22 түрі бар. Егер қойма ұтымды пайдаланылса,одан жылына 140 т астам балық алуға болады.
Бұқтырма су қоймасы. Көлемі 5490шаршы км, ені 40 км.ең терең жері 80 м . Мұнда 49,6 текше метр км су жиналады. Бұл су қоймасы энергетика, балық өндірісі, ауыл шаруашылығы және су транспорты саласында маңызды орын алады. Су қоймасы 1960жылдың сәуір айынан бастап тол бастады. 1962 су қойма жасалды. Қойма суы тұщы, жұмсақ, сәл сілтілі, ол гидрокарбонат класына, кальций тобына жатады. Бұқтырма суы 0,2 – 6 литр тереңдікке дейін мөлдір болып жатады. Суында ерітінді оттегі қажетті мөлшерде, суда көмірқышқылы жоқ, қышқылдануы өте төмен, бір литрде 1,76 – 10 мм оттегі бар, сілтілігі мейлінше төмен. Суында йод, бром, және бор жоқ, ал фтор аз. Балдырлардың 279 түрі кездеседі. Ең көп өсетін балдырлар диатомды.262 түрлі жәндік. өмір сүреді, оның 132 колавроткалар, 77 сабақ мұртты шаяндар, 52 ескек аяқтылар, қалғандары қабыршақты шаяндар. Су қоймада балықтың 36 түрі бар. Су қойманы ұтымды пайдаланса, жыл сайын 20 000 т балық аулауға болады.
