- •Курстық жұмыс ертіс су бассейнінің экологиялық жағдайы
- •Мазмұны
- •1.Әдебиетке шолу
- •2. Зерттеу нысаны мен әдістері
- •3. Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
- •1.Әдебиетке шолу.
- •1.1.Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану
- •2.Зерттеу нысаны мен әдістері
- •2.1Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы
- •2.2Ертіс су экожүйесінің құрамы мен құрылымы
- •Суқоймалардың ихтиофаунасы
- •2.2.2Судың құрамындағы ұсақ организмдер
- •2.2.3. Су өсімдіктері
- •2.2.4. Қоректік тізбегінің сипаттамасы
- •3.Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау
- •3.1. Ертіс өзенінің су балансының динамикасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.Зерттеу нысаны мен әдістері
2.1Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы
Соңғы жылдары жеке орындардағы Ертіс суының сапасы жақсарған: бұл зерттеу институттарының шығарған қорытындысы. Сәйкесінше, жоғарға және экстремалды ластану көлемі азайды,бірақ сынамалар алынған көп жерлерде су ластанудың 4- класына жатады. Яғни ең лас су болып табылады. Ол мемлекеттің барлық аудандарында бірдей.Салыстыру үшін: ластанудың 5−деңгейінің өзі экстремалды жағдайдағы лас су, онда бұл су тіпті су емес, химиялық ерітінді болып табылады Ешкімге де құпия емес, Ертіс өзенінің ластанган өзен екені.Ертіс өзені үнемі экологиялық шиеленісу жағдайында. Басқа сөзбен айтқанда, ол өзіне түсетін ауырпалықты көтере алмайды және өзеннің экожүйесі деградацияға ұшырайды, яғни өз – өзін тазарту қабілетінен тұтастай айырылады. Ертіс өзеніне онға тарта шағын өзендер құяды. Олардың арналарымен көктемгі кездерде күл-қоқыстар үлкен өзенді әбден лайлап, судағы диоксидтер құрамын бірнеше есеге арттырып жіберетін көрінеді. Бұл өзі билік басында отырғандарға беймәлім дүние емес.
Ертіс өзеніне байланысты проблемалармен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, т.б. өкілетті органдар, ең бастысы Үкімет біршама уақыттан бері хабардар. Бірақ соған қарамастан, таң қалдыратыны — экологиялық апат алдында тұрған өзен тағдарына жоғары жақтан жанашырлық жоқ. Өзен арнасына күл-қоқыс, зиянды заттар тастап жатқандарға белгілі бір мөлшерде айыппұл салумен асқынып кеткен дерттің алдын алып, өзенді науқасынан айықтыру мүмкін емес. Оған Үкіметтік деңгейде кешенді бағдарлама қабылдап, Ертісті сақтап қалу жолындағы кезек күттірмейтін шараларды жедел түрде қолға алу, болашақта ұлттық резерват деңгейіне көтеру қажет.
Ертіс су бассейні аймағында 250 мың гектар суармалы егістік бар. Онда 4 миллиондай тұрғындар тұрады. Ғалымдардың зерттеуінше, Ертіс су бассейніндегі тұщы су қоры кейінгі 20 жылда күрт азайып, ондағы мегаполистер Ертіс өзені суын пайдалануды екі есеге арттырған. Шетелдердегі Ертіс өзенінің бөліктері қалай пайдаланылып, қорғалып жатыр? Ол бізге жұмбақ. Бірақ Өскемен, Семей, Павлодар сияқты ірі қалалар төңірегіндегі Ертіс жайы қалай? Нарықтық қатынастар мұнда да ашқарақтық, ашкөздік принципті әкелуі салдарынан жағдайы етпеттеген Ертіс еңсесін көтере алмай келеді. Тек былтырдың өзінде ғана Өскеменде Ертіс астымен өтетін бір дюкер (қоқыс, лас су ағатын тұрба) жарылып, Ертіске орасан зиян келді. Өскеменнің титан, магний, жез, мыс, цемент зауыттары сияқты кәсіпорындарынан әуеге ұшқан зиянды қалдықтар тонналап Ертіске сіңуде. Мәселен, 2005 жылғы мәлімет бойынша Ертіс өзені су бассейніне 3 тонна мыс, 2 тонна кадмий, бірнеше тонна жез, т.б. зиянды қалдықтар сіңіпті. Ал өткен жылы Семей ядролық полигоны аймағынан шыққан тритий өзен суын радиоактивті ауыр металмен улағанын халық жақсы біледі.
Семей қалалық, Өскемендегі санитарлық –эпидемиологиялық мекемелер мен ШҚО-ның табиғат қорғау департаменті бұл мәселе бойынша жыл сайын жорналшылармен кездесулер өткізіп, мәселені жариялап отырады. Табиғатты, Ертіс суын қорғауға байланысты облыстық, Экологияны қорғау департаменті титан, магний, цинк комбинаттарына миллиондаған теңге айыппұл салып, табиғатты қорғау прокуратурасына жөнелтеді. Мәселен, Семей аймағы бойынша өзен суын ластайтын былғары тері АҚ-на төрт миллион теңгеден астам айыппұл салынған. Әйтсе де бұл мекемеде осы кезеңде де өндірісте пайдаланылған су талапқа сай болмай тұр. Әсіресе көктем және жаңбырлы күндері қала көшелерінен оң жақ жағалаудағы тұрғын үйлерден жиналған лас суды ағызып әкететін дюкердің жағдайы дабыл көтерерліктей. Тозығы жеткен құбыр бір күні апатты жағдайға тап болса, онда Ертіске тәулігіне 50 мың текше метр лас су құйылады екен. Мемлекет тарапынан бұл күрделі мәселені шешуге 2002-2005 жылы үш млрд. теңгедей қаржы бөлінсе де, түйінді мәселе сол қалпында тұр. Семей қаласының әкімдігі осы істі түбегейлі шешуге еш дәрмен көрсете алмай отыр.
Ертістің суын бақылау Семей өңірінде 13 жерде өткеріледі. 28 су жүретін жүйеге бақылау орнатылған. Өткен жылдарда «Семей су каналы», «Семей былғары мех» комбинаты кәсіпорындарына су бассейнін ластағаны үшін көлемді айыппұлдар салынған.
Ал Семей өңіріндегі қазіргі ең өткір мәселе қаладағы қоқыс-лай су ағатын дюкер екені белгі-лі. Сол дюкердің негізгі желісі Семейдегі жаңа аспалы көпір астындағы су табанымен өтеді. Ол қала шетіндегі Мұқыр ауылды мекеніне барады. Мұнда арнайы тазалаудан өткен су қайтадан Ертіске құйылады. “Айғайлай-айғайлай қасқырдан да ұят болды” демекші, дюкер жыры басталғалы он жыл өтсе де, ол әлі бітер емес. 2003 жылдан бері мемлекет бюджетінен 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінсе де, дюкер құрылымы әлі «Семей су каналы» қазыналық мекемесіне өткізілген жоқ. Соның салдарынан ескі дюкерлер мен басқа құбырлардан (әсіресе көктемдегі) аққан лас су Ертісті тұншықтырып барады. Бұрын Ертісте 20-ға таяу түрлі балық кездессе, қазір оны тізбелеуге бір қолдың саусақтары-ақ жетеді. Педагогикалық институт экологтарының зерттеуі бойынша, Ертіс суында — мыс, жез, қорғасын, хром, т.б. ауыр металдардың құрамы қауіпсіздік деңгейінен жоғары екендігі, ал аммиак 8 есе, басқа сульфаттар 5,7 есе көбейіп кеткендігі анықталған. Соның салдарынан мұнда ақ қайран, шортан, шабақ сияқты балық түрлері ғана кездеседі. Оның өзінде де Ертіс сырын білетін қалалықтар көкбазарларда балық сатып алғанда тек Зайсан мен Бұқтырма, Шар су қоймаларынан ұсталған балықтарды ғана тұтынады. Себебі, Семейден төмен ұсталған балық еті ағзаға өте зиян екендігі дәлелденген.Жетпісінші жылдардың соңында Семей қаласының шетінде орналасқан әскери аэродромның жанармай қоймасынан жер астына сіңген авиа керосиннен қордаланған керосин көлі бүгінгі таңда Қазақстан экологтарын ғана емес, бүкіл әлемдік қауымдастықты алаңдатып отыр. 1997 жылғы зерттеу жұмысы жер астындағы жанар-жағармайдың көлемі алты мың тонна деген қорытынды жасады. Ұзақ жылдар бойы бұл апаттың алдын алу жұмысы қолға алынбаған. Тек 2002 жылы алматылық «Казгидек» фирмасы аталған проблеманы зерттеу мәселесін қолға алған. Бір жылдан кейін астаналық мамандар аталған проблеманы залалсыздандыру жұмысына кірісіп, оны залалсыздандыруға Үкімет тарапынан 36 миллион теңге қаржы жұмсалған болатын. Алайда, жер үстіне тек жүз тоннадай ғана жанармайды шығару мүмкіндігіне қол жеткізілді. Халықаралық сарапшылардың зерттеулеріне сүйенсек, Кеңестік дәуірдегі Семейдегі әскери аэропорттан төгілген авиация жанармайының жер асты суларын ластап, Ертіске жақындағаны жайлы баспасөзде аз жазылып жүрген жоқ. Керосин көлі әлі де жер астын кеулеп, мысықтабандап Ертіске жүз метрдей ғана қалған. Семей өңірі тұрғындары үшін ғана емес, көршілес Ресей үшін де аса қауіпті экологиялық апаттың зардабын қазір қала тұрғындары тартып отыр. Юность елді мекеніндегі Аякөз көшесінің тұрғындарының құдықтан су орнына керосин алып отырғандарына да бірнеше жылдың жүзі болды. Ертіс өзенінің бойында Өскемен титан магний өндіріс орны, Семей цемент зауыты орналасқан. Олардан шыққан ауыр металдар т.б улы заттар өзен суын ластайды. Өскемен,Зырян, Лениногорск қалаларымаңындағы жерлерде қорғасынныңмөлшері 100 ШМК,кадмий, мырыш 8-14 ШМК, мыс 10 ШМК ға жеткен. Семей өңірінің радиоактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерлерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 000т улы химиялық заттар қоршаған ортаға шығады.
1.сурет. Ертіс өзенінің орналасуы
Павлодар облысын, арысы Ресей мен Қытай сияқты алпауыт мемлекеттерді байланыстырып жатқан еліміздің күре тамыры Ертістің бүгінгі ахуалы кімді де болса бейжай қалдырмасы анық. Өзен суының шамадан тыс ластануы, деңгейінің жыл санап төмендеп бара жатқандығы, шекарааралық суларды пайдалануға қатысты туындаған проблемаларды бірлесіп шешуге Қытай мемлекеті тарапынан үшжақты келісімге (Қазақстан, Ресей және Қытай) қол қойылмауы бүгінде жағдайды біраз қиындатып тұр. «Ертіс өзені бассейнінің өзекті мәселелері» тақырыбында алғашқы болып баяндама жасаған Ауыл шаруашылық министрлігі Су ресурстары комитеті Ертіс бассейні инспекциясының бастығы Дәурен Тілеубаев өзен суының сапасы мен мөлшеріне ерекше тоқталды. Айта кету керек, Қытаймен су қатынастарын реттеу Қазақстанның экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды болып табылады. Осы бағытта еліміздің негізгі міндеттері мыналар: өзеннің қажетті су балансын сақтау, трансшекаралық су ағындарының су ресурстарын бірлесіп пайдалануда және қорғауда ортақ ұстанымды әзірлеу, олардың ластануын және сарқылуын болдырмау. Міне, осы міндеттерді біз қатаң сақтауымыз қажет. Бүгінде Қазақстан аумағына Қытайдан 24 трансшекаралық өзен ағып келсе, оның алтауы Ертіс өзенінің бассейніне қарайды. Сонымен қатар отырыс барысында Шығыс Қазақстанның гидроэнергетикалық әлеуетін арттырудың келешегі, су ресурстарын реттеу мен тиімді пайдалану жолдары, су-энергетикалық қауіпсіздік шараларын жүргізу, гидротехникалық құрылғылардың ахуалы, келешектегі Ертіс бассейнін сумен қамтамасыз етудегі проблемалар турасында орамды ойлар ортаға салынып, ұтымды ұсыныстар айтылды. «Ертіс өзені бассейніндегі сумен қам-тамасыз ету мәселелері» деген тақырыпта қысқаша баяндама жасаған «Казгипроводхоз институты» өндірістік кооперативінің қызметкері Равиль Вагаповтың сөзіне құлақ ассақ, аспан асты елінде салынған каналдар арқылы Ертіс суының біраз бөлігі ауыл шаруашылық мақсатында кәдеге жаратылмақшы. Ертіс өзенінің жағдайы біздің аймақ үшін үлкен проблема болып табылады... Қытай аумағында су арнасының салынуына байланысты ол жақтан ағып келетін су көлемі қысқару қаупі туындап отыр. Соның салдарынан өзен алабындағы экологиялық жағдай ушығып, Павлодардың сумен жабдықтау жүйесі үшін Ертістің суын пайдалану тіпті мүмкін болмай қалады. Ертісте орын алған жағдайға әсіресе су саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандар қатты алаңдаулы. Өзіміздің ғана емес, ресейлік мамандар да кейінгі кездері жиі дабыл қағатын болды. Жақында қос елдің білікті ғалымдары Ертістің тағдырына байланысты алаңдаушылықтарын білдірді.«Егер осы қалпымен кете беретін болса, енді бір 15-20 жылдан кейін Ертіс кеме жүзе алмайтын өзенге айналуы мүмкін» дейді мамандар. Ал тағы бір 20 жылдан кейін өзен суының қазіргімен салыстырғанда үштен бірі азаяды. Қытайдың жыл өткен сайын Ертіс өзенінен су алу мөлшерінің ұлғаюы жердің құрғауына, шабындықты аймақтардың азаюына әкеліп соғуы мүмкін. Егер іргедегі көршіміз суды қазіргіден көп алатын болса, судың көлемі азайып, жан-жануарларға қауіп төнеді. Балық өндірісі төмендейді. Өкініштісі сол – аспанасты елі үш елге ортақ өзеннен қанша көлемде су алып жатқанын айтпайды. Жұмған аузын ашпайды. Конвенцияға қол қоюдан да үзілді-кесілді бас тартып отыр. Ертісті өздерінің ыңғайына қарай пайдалануда. Бізге белгілісі – өзен бойында «Ертіс-Қарамай» атты арна салынған. Өздері техникалық мақсатта дегенімен, біздің білуімізше, бұл нысан суқойма ретінде ауыл шаруашылық мақсатында жұмыс істеуде. 1973 жылдан бері өзен суының сапасына мониторинг жүргізетін Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығының маманы Владимир Ушаковтың айтуынша, Ертіс өзенінен әр кезеңде, негізінен, мыс, мырыш, марганец, темір, азот нитриті мен азот аммонийі көп табылатын. Күн сайын өзеннен алынған су жеті ингредиент бойынша (ауыр металдар, синтетикалық заттар және т.б.) тексеріледі. 17 ингредиент бойынша әр он күн сайын, ал 23 ингредиент бойынша жылына бір рет көршілес Қытай мамандарымен ақпарат алмасады. Қазіргі кезде отандық және қытай гидрометеорология мамандары Ертіс өзеніндегі су сапасын тексерудің ортақ тәсілін әзірлеп жатқан жайы бар. Ертіс өзенінің басссейніне 2004 жылы 228 млн. м3/жыл су төгілсе, 2005 жылы 214 млн. м3/жыл су төгілді.
2005 жылдың І жарты жылдығында өндіріс төгінді суларының жалпы көлемі 38 527 мын. м3, тұрмыстық –шаруашылық су төгінділердің жалпы көлемі 31 866 мың м3, аралас су төгінділерінің жалпы көлемі 37007 мың м3 құрады. Бірінші жарты жылдықтағы болжау деректері сол деңгейде, жартыжылдық 2-ТП-сушар. түрі бойынша статистикалық есеп берушілік жоқ.Облысымыздың жер үсті және жер асты суларының ластануы- тау-кен өндіру және металлургия кәсіпорындарының Ертіс өзенінің су жинау алабының бассейніне кіретін жер үсті су ағындыларына жақын орналасқандықтан болып отыр. Негізгі ластаушы заттар ауыр металдардың тұздары, радионуклидтер, мұнай өнімдері, органикалық заттар болып табылады.Ертіс өзені бассейнінің ластануының негізгі көздері - аршынды жыныстардың құнарсыз үйінділері, тоғандардың су қорғау аймағында орналасқан қалдық сақтауыштар. Балық шаруашылық маңызы бар тоғандар үшін ондаған және жүздеген шектеулі рауалы концентрациясын ауыр металдардың, үйінділер мен қалдық сақтауыштардың сүзгі мен сусіңгіш суларының төгінділері құрайды. Көбінесе бұл үйінділер мен қалдық сақтауыштар мемлекеттің меншігінде және «тарихи қарыздар» болып саналады.
