Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕРТИС салта.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
917.84 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Биология және биотехнология факультеті

Молекулалық биология және генетика кафедрасы

Курстық жұмыс ертіс су бассейнінің экологиялық жағдайы

Орындаған:

3 курс студенті Боксенова С.Қ

Ғылыми жетекші:

Доцент Шымшықов Б.Е

Алматы 2011

Мазмұны

Кіріспе........................................................................................................................ 3

1.Әдебиетке шолу

1.1. Ертіс өзенінің су ресурстарын пайдалану.........................................................4

2. Зерттеу нысаны мен әдістері

2.1 . Ертіс суының сапасы, өзеннің ластануы..........................................................6

2.2 .Ертіс су экожүйесінің құрамы мен құрылымы.................................................10

2.2.1. Судағы балықтар мен жануарлары

2.2.2.Судың құрамындағы ұсақ микроорганизмдер...............................................13

2.2.3. Су өсімдіктері.....................................................................................................13

2.2.4. Қоректік тізбегігің сипаттамасы......................................................................13

3. Зерттеулер нәтижелері және оларды талқылау

3.1. Ертіс өзенінің су балансының динамикасы.......................................................14

Қорытынды...................................................................................................................19

Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................................20

КІРІСПЕ

Қазақстандағы 8 тұщы су бассейндерінің ең ірісі – Ертіс. Ол Семей-Павлодар аралығында 150-200 метрлік терең жер қыртысында жатыр. Көлемі – 360 мың шаршы шақырым. Осы су бассейні үстімен – Ерке Ертіс Сарыарқаны тіліп өтіп, Объ өзеніне барып қосылады. Ертіс өзені көршілес Монғолия мен Қытайдың Алтайындағы Манг тауынан бастау алып, Зайсан өзеніне келіп құяды. Бұл екі аралықты Қара Ертіс деп атайды, ол шамамен 750-дей шақырым.Өскемен, Семей, Павлодар сияқты 300 мыңнан астам тұрғындары бар ірі мегаполистердің осы су бассейнінде орналасқан 40-қа таяу аудандардың тұтынып жатқан су қорын нақты кім есептеп отыр екен.Ертістің басынан көрші Қытай мемлекеті де ірі өндіріс көзі бар Қарамай елді мекеніне ірі канал салып, Қара Ертістің суының төрттен бір бөлігін. яғни жылына 5 текше километрге дейін тұщы су көлемін бұрып алып жатыр дейді. Міне, осындай ашкөздік көзқарас салдарынан Ертіс суы тартылып барады. Осының әсерінен өзен бойындағы су электростансаларының энергия өндіру қуаты 27,5 пайызға азайып, 1480 млн.кв.сағат кем өндіруде.Бұл мемлекеттік қауіпсіздік жағдайына да әкеп тірейді.Бүгінде су мәселесі тек экономикалық қана емес, сонымен бірге ауқымды эко­ло­гиялық мәселе болып табылады. Сонымен бірге трансшекаралық су объектілерінің саяси маңызы өз алдына бір әңгіме. Со­ның бәрін Ертіс өзені бассейнінің қазіргі мысалынан айқын аңғаруға болады. Ертіс бассейніне түсіп отырған эко­ло­гиялық жүктің уақыт өткен сайын ауырлап бара жатқанын мұнда­ғы­лар жасырып отыр­ған жоқ. Қалалар мен елді мекендердегі тұр­ғындар санының уа­қыт өткен сайын арта түсуі, өнеркәсіптің дамуы өзен суының лас­тануына әкеп соқ­тырады. Мұндағы түрлі қоқыс қоймалары, ал олардың саны бүгінде жүзден асып кеткен, Ертіске қатер төндіріп-ақ тұр. Бүгінде жабылып қалған кеніштер де қатер ошағына айналуда.Бұл проблеманы шешпесе ол Ертіс су бассейнінің тартылып, Арал теңізізің жағдайына түсуіне алып келеді. Ол өз кезегінде сол жердің флорасы мен фаунасының жойылуына, өсімдіктер жамылғысының жойылып кетуіне алып келеді.Ертіс өзенінің қауіпке ұшырауы Ертіс өзенінің бойында орналасқан елді мекендер, қалаларды сумен, энергиямен қамтамасыз етуін тоқтатады. Себебі өзеннің мқлшері азайып кетсе,су қоймаларға су бармай қалады. Сол үшін Ертіс су бассейні тек қана Қазақстанның емес, Ресей, Қытайдың да проблемасы болып отыр.

Курстық жұмыстың мақсаты: Ертіс су бассейнін зерртеу.Экологиялық жағдайын анықтау. Зерттеу әдістерін меңгеру және зерттелетін нысанның жағжайымен толық танысу.Су эк кожүйесінің құрамымен танысу.

Курстық жұмыстың міндеті:Ертіс бассейнін қалыпты жағдайға әкелу. Су экожүйесін сақтап қалу.