Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаңажол кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.88 Mб
Скачать

5 Қоршаған ортаны қорғау

    1. Атмосфералық ауаны қорғау

Атмосфераны тиімді қорғау үшін ҚР “Атмосфералық ауа туралы” заңына сәйкес атмосфералық ауаны қорғау бойынша келесі талаптар қарастырылған:

- ҚР нормативтік актілерін және қалдық тастаудың нормативтік шектерін сақтау;

- ұңғыманы сынау бағдарламасы минимумға жеткізілуі керек;

- ұңғыманы сынау барысында мұнайды өртеу үшін жанған өнімнің тарап кетуін қамтамасыз ететін алаулы оттықтарды қолдану;

- химиялық реагенттерді тасымалдаудың, сақтаудың жабық жүйелерін қолдану;

- мониторинг жүргізу.

Мұнай өндірісіндегі жағымсыз әсерді азайту үшін келесі шаралар орындалуы керек:

- мұнайды жинаудың арынды жүйесін герметизациялау;

- мұнай өнімдерін жинау және дринаждауға ЕПП-16 дренаждық сыйымдығын қолдану;

- СНИП Ш-42-80 сәйкес құбырлардың пісірілген қосылыстардың тігістерін бақылау;

- сырттық (изоляциялық жабын) және ішкі коррозияны басу.

Атмосфераны қорғау шаралары.

Атмосфераның зиянды заттармен ластануын азайту үшін қауіпсіздік техникасын сақтау қажет және қондырғылардың бұзылмауын, беріктігін қадағалау қажет. Сондай-ақ ластануды шектеу бойынша технологиялық шешім енгізу қажет. Атмосфераның ластануын шектеу бойынша жобада келесі негізгі технологиялық шешімдер қарастырылады: ТУ-39-РК1168001-97 сәйкесінше мұнай өнімінде күкіртті сутегінің құрамы аса шектеулі болуы керек.

Ауа атмосферасы сапасының критерийлері. Атмосферлық ауада, әсіресе төменгі қабаттарда, газ тәріздестерден басқа, әрқашан да физикалық қоспалар бар. Пайда болуы мен мөлшері, көлемі, химиялық құрамы және физикалық қасиеттерінің әр түрлілігіне қарай олар әрқашанда өлшеулі жағдайда тұрады, бұл шаң, ылғал, түтін, әртүрлі органикалық бөлшектер (микроағзалар), физикалық қоспалар атмосфералық процесстер қатарының дамуында үлкен рол атқарады. Антропогендік әрекеттің нәтижесінде ауа химиялық қосылыстардың әсерінен ластанады: көмірсутек диоксидімен, азот оксидтерімен, сынаппен, қалайымен т.б.

Ауа сапасы ПДК көрсеткішінің сапасы көмегімен бағаланады, j=Ci/ПДКi , коэффицент бойынша, мұнда Ci – заттардың концентрациясы, ал ПДКi – ластаушы заттардың максималды көрсеткіші. Ластану бірнеше ластаушы заттардың қатысуынан күшейеді, сонда осы ластаушылардың суммалық әсері есептеледі. Егер j тең немесе бірліктен көп болмаса, демек бұл ластаушылардан келетін қауіп болмайды немесе олар белгілі территориясында ғана жиналады, атмосфераның интенсивті ластануында жағымсыз метереологиялық жағдайдар (НМУ) үлкен рол атқарады:

- ауаның қауіпті жылдамдығыұйымдасқан қалдықтардан ластаушы заттардың тасымалдануы.

- желдің қауіпті бағыты, яғни тірі массивке бағытталған қалдықтың қайнар көзінен алған бағыт, егер бірнеше қайнары болса, онда ластаудың бағыты қауіпті болады.

- атмосфераның қауіпті тұрақты жағдайы, әрбір 100 метр сайын ауа температурасы, 1ºС-тан төмен түсіп кетеді, яғни лас ауаның жоғары қарай ығысуы шектеледі, сосын ол тез салқындап, жылы, жеңіл, таза ауа төмендей алмай, сол лас ауамен араласып кетеді.

- температуралық алмасу – ауа температурасының жерге жақын қабатында азаймай, керісінше биіктеп өсе беру жағдайы. Инверсиялық қабат тұман кезінде, бұлттану кезінде, суық және ыстық ауаның шұғыл өзгеруінен туындайды.

Мұнай және газ өндірісі кәсіпорындары. Ақтөбе облысында – «Ақтөбемұнайгаз»АҚ; Атырауда «Теңізшевройл»СП; «Теңізмұнайгаз»АҚ, Ембімұнайгаз, АтырауНПЗ; Қызылордаоблысында «Қарашығанақгазпром»АҚ, «Южнефтегаз»ГАО, кен орны, Маңғыстауда «Маңғыстаумұнайгаз» ПО, «Өзенмұнайгаз»ПО, кен орны, «Қаражанбастермнефть»НТДУкен орны, Оңтүстік Қазақстанда кен орны, «Шымкентмұнайоргсинтез»АҚ.

Автокөліктерден бөлінетін қалдықтардың негізгі массасын әлі күнге дейін көмірсутек оксиді, концентрациясы 75-тен 80%-ға дейін алмаса алатын оксид құрайды. Ал, қалған бөлігін көмірсутектер, азот оксидтері және басқа заттар құрайды.

Атмосфераны негізгі ластайтын заттар: күкірттісутек, көмірсутегі, меркаптандар, күкірт шаңдары, диэтаноламин (ДЭА), метил спирті, күкірттісутек тотығы, марганец қосылыстары, кремний қосылыстары, фторидтер, қаракүйе.

Мұнай кен орны, пештер және т.б. ластанудың 4-ші категориясына жатады. Мұнай дайындау және жинау пункттері 2–ші немесе 3–ші категориясына жатады. Атмосфераның ластану көздеріне мыналар жатады: пайдалану ұңғылары, өлшеу қондырғылары, мұнай резеруарлары, сепараторлар, пештердің түтін шығаратын трубалары, сораптар. Негізгі тікелей ластануға қатысы барлар мыналар: газды жағу факелдері, пештерден шығатын трубалар, резервуарлардың қысымды және вакуумды шығаратын клапандары, булану.

Су қоймасы және жер сфераларына жыл сайын 3 млрд тоннадан астам аса қатты өндірістік қалдықтар, 500 км3 қауіпті су ағындары және 1 млрд тонна шамасында әр түрлі химиялық құрамы мен көлемі бойынша әр түрлі аэрозолдар

төгіледі. Атмосфераның химиялық ластануы. Жаңажол кен орнының атмосфераға әсер ету көздері өнімді және көмірсутекті шикізатты өндіру, жинау және өңдеуге қажетті негізгі және қосымша өндірістердің жүйелері мен құрылымдары, технологиялық жабдықтар, қондырғылар болып табылады.

Жаңажол кен орнының өнеркәсіптік алаңында ластаушы заттардың 30 стационарды көзі анықталды, оның 25-і ұйымдастырылмаған.

Ұйымдастырылған көздерге қазандардың түтіндік мұржалары, топтық өлшеу қондырғыларының оттық жүйелері, өнеркәсіптік ғимараттардың вентиляциялық құбырлары жатады.

Ұйымдастырылмаған көздерге сальникті, фланецті қосылыстардың, бақылау және жапқыш – реттегіш арматураның тығыз емес жерлері; арматураның тығыз емес жерлері; жабдықтар мен қондырғылардың тығыз емес жерлері; қатты, сұйық және газ тәрізді орталардың ашық беттері жатады, ұйымдастырылған көздердің жалпы саны 5 (қалыпты режим) және ұйымдастырылмаған көздердің саны 25. Ластаушы көздер жер бетіндегі (2м), төмен (2 – 10м), температурасына байланысты сұйық (10 – 50) және ыстық (200 – 800) болып бөлінеді. Ауа сапасына деген санатарлық талапты қамтамасыз- етед

Жаңажол кен орнында жобаланған жұмыстар барысында атмосфераны негізгі ластау көздері:

- іштен жану қозғалтқыштарында жанармай жағу;

- ұңғыманы сынау барысында қабат флюидтерін алаулы оттықта жағу;

- қалдықтарды өртеу;

- мұнайы бар шламдарды жылулық десорбциялау;

- шаңдану.

Жаңажол кен орнында барлау жобасы бойынша атмосфераға тасталатын қалдықтарды бағалау үшін қалдықтардың стандартты факторлары қолданылған.

Ластаушы заттардың сандық көрсеткіштері

Жанажол кен орнындағы игеру кезіндегі кәсіпорынның әсер етуін бағалау үшін атмосфераға шығарылған зиянды заттардың көздерін тізімдеу жүргізілді, жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның атмосфералық ауаға әсеріннің көзі технологиялық құрылғылар, қондырғылар, негізгі және көмекші өндірістің жүйелері мен құрылымдары болып табылады. Соның ішінде штангалы тереңдік сораптың атмосфераны ластау мөлшері кестесінде көрсетілген.

Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту шаралары

Атмосфераға шығарылатын зиянды заттың шығарылуын азайту үшін негізгі шаралар келесілер:

- НТУ мерзіміне технологиялық регламент жасау;

- апаттық жағдайларға персоналды күреске үйрету;

- өрткеқарсы нормалар мен нрежелерді орындау;

- ЖЖТ төгілуін (жанар жағар май) болдырмау;

- өндірістік қалдықтарды белгіленген орындарда сақтау.

Ластаушы заттардың тастандыларын азайтуға тікелей бағытталған шараларға келесілер жатады:

Атмосфераның химиялық ластануы. Жаңажол кен орнының атмосфераға әсер ету көздері өнімді және көмірсутекті шикізатты өндіру, жинау және өңдеуге қажетті негізгі және қосымша өндірістердің жүйелері мен құрылымдары, технологиялық жабдықтар, қондырғылар болып табылады.

Жаңажол кен орнының өнеркәсіптік алаңында ластаушы заттардың 30 стационардыкөзі анықталды, оның 25 ұйымдастырылмаған.Ұйымдастырылған көздерге қазандардың түтіндік мұржалары.

Топтық өлшеу қондырғыларының оттық жүйелері, өнеркәсіптік ғимараттардың вентиляциялық құбырлары жатады.

Атмосфераның химиялық ластануы. Жаңажол кен орнының атмосфераға әсер ету көздері өнімді және көмірсутекті шикізатты өндіру, жинау және өңдеуге қажетті негізгі және қосымша өндірістердің жүйелері мен құрылымдары, технологиялық жабдықтар, қондырғылар болып табылады.

Жаңажол кен орнының өнеркәсіптік алаңында ластаушы заттардың 30 стационарды көзі анықталды, негізгі және қосымша оның 25-і ұйымдастырылмаған.

Атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтарды азайту шаралары.

Атмосфераға шығарылатын зиянды заттың шығарылуын азайту үшін негізгі шаралар келесілер:

- НТУ мерзіміне технологиялық регламент жасау;

- еңбекті қорғау шараларына үйрету;

- апаттық жағдайларға персоналды күреске үйрету;

- өрткеқарсы нормалар мен нрежелерді орындау;

- ЖЖТ төгілуін (жанар жағар май) болдырмау;

- өндірістік қалдықтарды белгіленген орындарда сақтау.

Ластаушы заттардың тастандыларын азайтуға тікелей бағытталған шараларға келесілер жатады:

- резервуарлар мен фазалар бөлінуінде (су-мұнай) сұйықтықтың деңгейін автоматты реттеу жүйесін қолдана отырып су қабылдау, мұнай тұтынуын, су тұтынуын пайдаланудың “буферлік режимі”. Бұл резервуарлардан көмір сутектерінің буларының жалпы тастандыларын 5 есе төмендетуге мүмкіндік береді.

- резервуарларда қатпайтын ауа клапондарын қолдану, есебінен көмір сутек буларының концентрациясын төмендету, ауа клапондары газ көбігінің қысымын 0-19,6гПа шамада ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]