Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жаңажол кен орны.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать

Ұңғыманың техникалық жағдайы

Ұңғы техникалық жағынан дайын болу керек. Эксплуатациялық колоннаның пакерді отырғызу интервалында ешқандай бұзылыстары мен деформациялары болмауы керек. Префорацияланған интервалдан 50 м жоғары және төмен жерлердегі цементтік сақинаның эксплуатациялық колоннамен және қабат жынысымен ілінісу қанағаттанарлық болу керек, бұл ҚГЖ барысында колоннадан тыс ағыстардың болмауын қамтамасыз етеді.

Перфорация интервалы

Перфорацияланған интервал 20 – 25 метрден аспау керек. Бұлай болмаған жағдайда ҚГЖ–дың қабатты толық қамтуын қамтамасыз ететін қосымша техникалық және технологиялық шараларды жүргізуге тура келеді.

Скин – эффект

ҚТЕГЖ – ды жүргізгеннен кейін ұңғының өнімділігін арттырудың қолайлы факторы – онда скин–эффекттің болуы. ҚГЖ өнімділігі жоғары қабаттармен қоршалған өнімділігі төмен ұңғыларда жақсы эффект көрсетеді.

Қабатты гидравликалық жаруды жүргізу технологиясы

Қабатты гидравликалық жару үшін алдымен жыныстардың өткізгішітігі табиғи төмен немесе қабатты ашу кезінде ұңғының түп маңы аймағының фильтрациялық қабілеті нашарлауы әсерінен өнімділігі төмен ұңғыны таңдайды. Сонымен қатар, қабат қысымы мұнай ағысының ұңғыға жылжуын қамтамасыз етуі қажет. Жару шарасын жүргізбес бұрын ұңғының ағының зерттейді және оның қабылдауын және қабылдау қысымын анықтайды. ҚГЖ-ға дейінгі және одан кейінгі ағынды зерттеу нәтижелері және ұңғының қабылдауы туралы мәліметтер операцияның нәтижелері туралы қорытынды жасауға; жару қысымын, қажетті жару сұйықтығының мөлшерін анықтауға және жарудан кейінгі ұңғының түп маңы аймағының өткізгіштігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мұндай қабатшалар қиманың ең өткізгіштігі жоғары бөліктері болып табылады, себебі қабатты сазды ерітіндімен ашқан соң кей кезде жару сұйықтығы үшін өткізгіштігі аз болады. Алдын-ала қышқылдық өңдуден кейін мұндай қабаттардың фильтрациялық қасиеттері жақсарады да, жарықтардың түзілуіне қолайлы жағдай жасалады.

Тазартылған ұңғыға 3'' немесе 4'' сораптық құбырлар түсіріледі, бұл құбырлар бойымен жару сұйықтығы ұңғы түбіне жеткізіледі (сурет 2.3.1). Диаметрі кішілеу құбырларды түсірсе, қысымның жоғалуы артатындықтан жару процесі қиындайды. Шегендеуші колоннаны жоғары қысымның әсерінен қорғау үшін қабаттың үстіңгі жағынан пакер орнатады. Қысым көтерілген кезде пакердің колонна бойымен жылжуын болдырмау үшін құбырларда гидравликалық якорь орнатылады (сурет2.3.2). Құбырлар мен якорь ішіндегі қысым артқансайын якорь поршеньдері (1) қаттырақ шығып, шегендеуші колоннаға жабысады.

2.3.1 - сурет.ҚГЖ кезіндегі ұңғы жабдықтарының сызбасы.1-СҚК; 2-пакер;

3-гидравликалық якорь; 4-құю басы.

2.3.2- сурет. Гидравликалық якорь

Ұңғының сағасы арнайы баспен жабдықталады да, оған сұйықтықтарды айдау үшін қолданылатын агрегаттар жалғанады. Ұңғы маңындағы қондырғылардың орналасуы және бір-бірімен байланысуы сурет 2.3.3 көрсетілген.

Қабатты жару құбырларға жару сұйықтықтарын қабаттардың жіктелуіне (айырылуына) дейін айдалады, қабаттардың жіктелуі ұңғының қабылдауының артуынан байқалады. Егер жару әлсіз фильтрацияланатын сұйықтықтармен жүргізілсе, сонымен қатар түп маңы аймағы жыныстарының өткізгіштігі сазды ертінділермен ластануы әсерінен өте нашар болса, жарылу мезетінде айдау қысымының түсуі байқалады. Қабатты жарудан соң құм тасығыш сұйықтық пен құмды айдауға кіріседі. Құм тасығыш сұйықтықты жоғары жылдамдықпен және жоғары қысымда айдау тиімдірек, себебі бұл кезде түзілген жарықтар одан сайын ашылады. Құм тасығыш сұйықтықты құбырдың көлеміндей басу сұйықтығын айдау арқылы қабатқа баспы енгізеді, басу сұйықтығы ретінде өндіру ұңғылары үшін мұнай, ал айдау ұңғылары үшін су қолданылады. Осыдан соң ұңғы сағасын жауып, сағалық қысымның мәні түскенге дейін қалдырады. Сонан соң ұңғыны жуады, құмнан тазартады және меңгеруге кіріседі. Өңдеу үшін қажетті құм тасығыш сұйықтық мөлшерін жарыққа енгізуге қажетті құм мөлшері бойынша немесе оның сұйықтықтағы шекті концентрациясы бойынша анықтайды. Алғашқы жару кезінде жарыққа 5-6 т құм енгізу ұсынылады. Одан кейінгі жару кезінде құмның мөлшерін 10-20 т дейін көбейтеді. Шетелдік тәжірибеде жасалған жарықтарға 90 т дейін құм енгізілген. Сұйықтықтағы құмның концентрациялары келесідей болуы мүмкін: қабаттық жағдайлардағы тұтқырлығы 50-150 мн·сек/м2 мұнайлар және мұнай-сулы эмульсиялвр үшін 120-360 г/дм3;

- қоюлатылған мұнай және мұнай өнімдері үшін 600 г/дм3;

- керосинқышқылды эмульсиялар үшін 1200 г/дм3;

- қоюлатылған су үшін 360-600 г/дм3.

Өңдеу технологиясы және нәтижесі қондырғының сапасына байланысты. Жоғары өнімділік кезіндегі айдау қысымының мәні үлкен болса жақсы нәтиже беретіні анықтылды, бұл негізінен жоғары қысым кезінде жарықтардың жақсы ашылуымен және кең жарықтардың түзілуімен түсіндіріледі.

Терең емес ұңғыларды қабатты жаруды СКҚ-ды түсірмей немесе құбырларды түсіріп, бірақ пакерсіз іске асыруға болады. Бірінші жағдайда сұйықтық шегендеуші колонна бойымен, ал екінші жағдайда – құбырлар және сақиналы кеңістік арқылы айдалады. Мұндай технологияны қолдану барасында өте тұтқыр сұйықтықтарды айдау кезіндегі қысымды жоғалтуларды азайтуға болады.

Соңғы кезде қабаттарды су жаруға ең тиімдісі тұтқырлығы аз сүзілетін сұйық деп саналады, өйткені қабат бұл кезде бөтен заттармен ластанбайды, ал оларды құбырлармен айдау қысымы жоғары емес. Бұл жағдайда түптегі қысым тез өседі және жарық пайда болғаннан кейін де жоғары деңгейде сақталады, нәтижесінде жарықтар жақсы ашылады және құммен толтырылады.

Қабаттарды жару кезінде, тұтқырлықтың көтерілуі де, сұйықтардың сүзгіштігінің азаюы сияқты оларға сәйкес қосындылар енгізу арқылы болады. Қабаттарды жару кезінде, қолданылатын көмірсутекті сұйықтар үшін қоюлатқыштар болып органикалық қышқылдардың тұздары, мұнайлардың жоғары-молекулалық және коллоидтық ерітінділері (мысалы, мұнай гудроны және мұнай өңдеудің басқа да қалдықтары) табылады.

ҚГЖ кезінде қолданатын материалдар

ҚГЖ кезінде қолданылатын материалдарға жұмыстық сұйықтықтар мен бекіткіш материалдар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]