- •Психология ғылымының пәні мен міндеті.
- •Қазіргі психологияның негізгі салалары мен бағыттары.
- •Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері.
- •Психиканың даму кезеңдері (а.Н. Леонтьев бойынша).
- •Бихевиоризм және необихевиоризм.
- •Жас ерекшелік дағдарысы және оның белгілері.
- •Гештальт психологияның негізгі түсініктері мен категориялары.
- •Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.
- •П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылы қалыптасу теориясы.
- •Шетелдік психологиядағы тұлғаның негізгі теориялары (психоаналитикалық, гуманистік, Кеттелл, Келли, Бандура).
- •Қарым-қатынас анықтамасы, қызметтері, құрылымы, түрлері, жақтары.
- •Түйсік – психиканың сенсорлық ұйымдасуының негізі ретінде.
- •Қабылдау – психиканың перцептивті ұйыдасушылық негізі ретінде.
- •Ес түрлері мен құрылымы
- •Ес теориялары (г. Эббингоуз, в.А. Зинченко, а.Р. Лурия).
- •Ойлау туралы түсінік.
- •Ойлаудың түрлері мен типтері.
- •Зейін түрлері.
- •Зейіннің негізгі қасиеттері.
- •Темперамент туралы түсінік.
- •Темперамент теориясы.
- •Қабілет және нышан.
- •Қабілеттің түрлері.
- •Сана: түсінік қызметі және құрылымы
Шетелдік психологиядағы тұлғаның негізгі теориялары (психоаналитикалық, гуманистік, Кеттелл, Келли, Бандура).
Жеке тұлға теориясы – бұл адам бойынша болатын ойлар мен гипотезалар жиынтығы.
Бұл теорияны негізгі екі функцияны атқарады: олар мінез-құлықты түсіндіреді және алдын-ала болжайды. Жеке тұлға теориясы адамның жеке басындағы мінез-құлықты зерттеп қалыптасқан жүйесіне түсініктеме береді.
Психодинамикалық теория. З.Фрейдтің (1856-1939 ж.ж.) психодинамикалық теориясы адамның мінез-құлқын психоаналитикалық қарым-қатынас арқылы негізделген.
Жеке тұлғаның Эго теориясы (Эрик Эриксон).Бұл теория бойынша, қоғамға және жеке адамдарға, олардың барлық өмірі бойында жеке басының қалыптасуы тепе-теңдік теориясына негізделген.
Эриксон теориясының артықшылығы – биологиялық жетілу жолдарының адам өмірінің барлық кезеңінде толастамайтынын, оның философиялық, психологиялық, тарихи, ғылыми, т.б. Әлеуметтік үрдістермен байланыстылығын анықтайды.
Джулиана Роттердің әлеуметтік – ілім теориясы. Әлеуметтік ілім теориясын Джулиана Роттер қоршаған ортаны зерттеу арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас түрлерінің әлеуметтік әсерін қабылдаудың нәтижесі деп түсіндіреді.
Альберт Бандураның әлеуметтік-когнитивтік теориясы. Бұл теория өзара детерминизмге негізделген. Ол жеке тұлғаның және әрбір адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезіндегі мінезіндегі өзгерістің ауытқу ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл теория бойынша мінез-құлық реакциясы мен айналадағылардың дамуы, ортамен бсыпайы түрде қарым-қатынас жасауға негізделген.
Джорж Келлидің жеке тұлғаның когнитивтік теориясы (1967).
Жеке тұлғаның когнитивтік теориясы бойынша адам бойында конструктивті заттар болады. Бұл арқылы ол қоршаған ортадағы интерпретациялық оқиғаны ұдайы жинайды. Бұл жиналған конструктивті заттар сол адамның мінезін айқындайды. Осы арқылы жаңа конструктивті ойлар қалыптасады.
Когнитивті теория гуманистікке жақын, бірақта кейбір маңызды айырмашылықтарды ажыратуға болады. Когнитивті теорияның негізін салушы американдық психологы Дж. Келли. Оның ойынша, адам өмірде қазір не болғанын және келешекте не болатынын білгісі келеді.
Когнитивті жеке теория интелектуалды процесіне адамның мінез-құлқына ерекше көңіл аударады.
Басты түсінік «конструкт» (ағыл. consturkt- құру,салу). Бұл түсінік өзін қосқанда барлық танымал танып білетін процестер. Конструктінің арқасында адамда тек әлемді ғана мойындайды. Сонымен бірге қарым-қатынас орнатылады. Осы қарым-қатынастағы конструктілері тұлға конструкті болып табылады. Конструкт- бұл өзгеше жіктелінетін үлгі біздің басқа адамдарды және өзімізді қабылдау.
Келлидің ойынша біздің әрқайсымыз болжам орнатып, оны тексеруге, бір сөзбен айтқанда мәселені шеше алуымыз қажет. Тұлға шек қойылған еркіне ие болады. Конструктивті жүйе адамда құралған өмірдің аз уақытында өзіне танымал шектер қойған.
Карл Роджерстің жеке тұлғалық феноменологиялық теориясы (1902-1987 ж.ж.). Бұл теорияның авторлары феноменологиялық бағыт адамның ішкі дүниесінің және рухының үйлесімділігін тапқанда ғана дұрыс болып табылады деген.Субъективтік әлем – оның феномені қоршаған ортаны уақыттың қай кезеңінде болмасын түсіне білуі Роджерс субъективтік қабылдау немесе адамның уайым тартуы жеке тұлғаның жекелей іс-әрекетінің мінезге тән өзгерісін дәлелдейді.
Отандық психологиядағы тұлғаның негізгі теориялары (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.С. Мерлин, В.Н. Мясищев).
Б.Г. Ананьев – тек өкілі, тұлға, даралық, іс-әрекет субъекті сияқты жекеленген категориялардың баршасын біріктіре, жалпыланған «адам» категориясын пайдаланғанды дұрыс көреді. Ол әрбір элементі өз құрылымшаларына ие адамның жалпы құрылымын ұсынады. Тек өкілі ретіндегі адам құрылымы осыдан өз ішіне жас және жыныстық, даралықты және тектік (дене құрылысы, жүйке қозғалысы және т.б. ерекшеліктер), психофизиологиялық қызметтер, органикалық қажеттер, нышандар мен темпераменттерді қамтиды.
Тұлғалық ұйымдасудың өзі де екі дәрежеде көрінетін біршама күрделі құбылыс: алғашқы, жоғары тұлға дәрежесі – бұл мәртебе, әлеуметтік роль, құндылықты бағыт-бағдарлар; ал екінші дәрежелі, жалпыға бірдей тұлғалық қасиеттер – әрекет-қылық тобы, сана және т.б.
