- •Психология ғылымының пәні мен міндеті.
- •Қазіргі психологияның негізгі салалары мен бағыттары.
- •Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері.
- •Психиканың даму кезеңдері (а.Н. Леонтьев бойынша).
- •Бихевиоризм және необихевиоризм.
- •Жас ерекшелік дағдарысы және оның белгілері.
- •Гештальт психологияның негізгі түсініктері мен категориялары.
- •Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.
- •П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылы қалыптасу теориясы.
- •Шетелдік психологиядағы тұлғаның негізгі теориялары (психоаналитикалық, гуманистік, Кеттелл, Келли, Бандура).
- •Қарым-қатынас анықтамасы, қызметтері, құрылымы, түрлері, жақтары.
- •Түйсік – психиканың сенсорлық ұйымдасуының негізі ретінде.
- •Қабылдау – психиканың перцептивті ұйыдасушылық негізі ретінде.
- •Ес түрлері мен құрылымы
- •Ес теориялары (г. Эббингоуз, в.А. Зинченко, а.Р. Лурия).
- •Ойлау туралы түсінік.
- •Ойлаудың түрлері мен типтері.
- •Зейін түрлері.
- •Зейіннің негізгі қасиеттері.
- •Темперамент туралы түсінік.
- •Темперамент теориясы.
- •Қабілет және нышан.
- •Қабілеттің түрлері.
- •Сана: түсінік қызметі және құрылымы
Психиканың даму кезеңдері (а.Н. Леонтьев бойынша).
Бихевиоризм және необихевиоризм.
Әлемдік психологияда тұлға теориясына орай өз маңыздылығымен әйгіленген бағыт – бұл бихевиоризм. Бихевиоризмнің зерттеулері аясы – адам әрекет-қылығы, ал психология сол әрекет-қылықты күні ілгері болжау және қадағалауды міндетіне алған жаратылыстану ғылымының эксперименталды саласы есептелінді.
Бұл бағыт негізін қалаушы Д.Уотсон пікірінше, адам тумадан қарапайым реакциялар мен рефлекстерге ғана бейімделген, бірақ мұндай нәсілдік шарттар саны шектеулі, аз санды. Осыдан тек өкілінің барша әрекет-қылығы оқу-үйретудің нәтижесінде пайда болады.
Уотсонның анықтауынша, тұлға – әдетті дағдылар жүйесінің туындысы. Сондықтан да ғалым тұлға сипатын, оның практикалық қызметін ұзақ уақыт зерттеу барысында анықталған әрекеттерінің жиынтығынан байқауға болатынын алға тартады.
Бихевиоризм ұстанымына сәйкес, әрекет-қылық талдауы қатаң объективті сипатта болып, сырттай байқалатын жауап әрекеттерге (реакция) ғана негізделуі тиіс (объектив таным, қолға түспейтіндердің бәрі бекер, яғни адам ойы, санасы өлшестіруге, санаққа келмейді, осыдан 70 олар зерттеу нысаны бола алмайды). Адамның ішкі жан дүниесінде болып жатқанның бәрі – тылсым сыр. Шынайы зерттелетін нәрсе – бұл адамның тысқы әсерге болған жауап әрекеті, оның сырттай көрінетін әрекет-қылықтары және осы әрекеттерге мәжбүрлеуші қоршаған орта ықпалдары (стимулы) мен жағдайлары. Психологтың міндеті – жауап әрекетке орай ықтимал ықпалды анықтау, сол ықпалды пайымдау арқылы қандай жауап әрекет боларын болжастыру.
Сонымен, бихевиоризм тұрғысынан тек өкілінің бойында қоршаған тек өкілінің бойында қоршаған ортаға икемдесуге қажет жауап әрекетке байланысты қандай мүмкіндіктер болса, солардың бәрі түгелдей тұлғалық сипатты береді, яғни тұлға – бұл дағдылар, саналы басқарылатын инстинкттер, әлеуметтенген эмоциялар, жаңа дағдылар түзуге қажет бейімдесу қабілеті, қалыптасқан дағдыларды бекіту және сақтап қалу қасиеті;
Осыдан, тұлға - ұйымдасқан және ықтималды тұрақты дағдылар жүйесі. Дағдылар тұрақты әрекет-қылық негізі, сонымен бірге олар тіршіліктің өзгермелі жағдайларына бейімдескен, болмыс өзгерісіне сәйкес жаңа дағдыларды қалыптастырады.
Алайда, 30-шы жылдары бихевиоризм идеялары шайқала бастады. Америкада кезекті экономикалық дағдарыс басталды, жұмыссыздық, қайыршылық пайда болды. Әлеуметтік ортаны және оған адамның қатынасын ескеру керек болды: оның сыртқы реакциясын ғана емес, оның мотивтерін, көңіл-күйін, көзқарастарын. Атақты американдық психолог Роберт Вудвортс (1869-1962) былай деп жазды: «Біз көп жағдайда адамның аяқтарын, қолдарын және вокальдық мүшелерін ─ олардың тілектерін басқару арқылы ғана басқара аламыз». Ол мотивация туралы ілімді жасай отырып, бихевиоризм ұсынған «ынта-реакция» схемасын ығыстырып, оған аралық бөлімді ─ ағза және оның бағыттарын енгізді. Осылайша «қатаң» бихевиоризм шайқалып, мінез-құлық психологиясын қайта құру басталды. Оны Эдвард Толмен және Кларк Халл басқарды, ал жаңа бағыт «необихевиоризм» деген атауға ие болды. Олар психологиядан дәстүрлі ұғымдарды ─ бейне, мотив және т.б. шығарып тастауға болмайды деп санап, олар реакция мен ынтаныңарасында болады деп болжады. Осы мақсатпен олар «уақытша-айнымалылар» ұғымын енгізді. Бұл ұғым ретінде, тікелей ынталандырулар мен жауапты мінез-құлық арасында болатын, танымдық және себептік факторлар жиынтығы деп түсінілді. Бірақ мұның бәрі адамның үйренуінің психологиялық механизмдерін түсіндіре алмады.
Сонымен бихевиоризм психологияны ағзаның міне-құлқы туралы табиғи ғылымға айналдырғысы келді. Бірақ ағза оның схемаларынан ешқандай орын алмады. Бихевиоризм мен необихевиоризмнің барлық нұсқаларының басты қателігі ─ олардың әдістемелік негізі ─ «өмір лабиринтіндегі» адам мінез-құлқының детерминаторына теңестіретін, адамның механистикалық философиясы және позитивизм. Бұл екі әдістемелік көзқарастардың тұрақсыз болғанын осы нәтижелер көрсетіп отыр.
