Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_gost.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.47 Кб
Скачать
  1. Ес теориялары (г. Эббингоуз, в.А. Зинченко, а.Р. Лурия).

Ес теориясы.

I. Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе

субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.

Ассоциацияның 3 түрі бар:

1)Іргелестік – бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.

2)Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді.

3)Қарама-қарсылық – бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады.

II. Физиологиялық теория. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады.

III. Физикалық теория . Бұл теория бойынша нерв импульстері , нерв клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер тек қозудың өтуіне байланысты сақталады.

IV. Биологиялық теория . Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты. Есте сақтау процессі екі сатылы болады:

1.Нерв системасында қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол нерв клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді .

2.Бірінші сатының негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК – қышқылымен байланысты.

Бірінші саты бірнеше секундқа немесе бірнеше минудқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады.

Екінші саты бұл ұзақ мерзімд есте сақтаудың негізі болып табылады.

  1. Ойлау туралы түсінік.

Ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты жағдайларда бағыт-бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.

Ойлау үдерісі құбылыстарының арасында ерекше мәнге ие болғандары:

1) ойлау іс-әрекеттері – белгілі міндетті шешуге бағытталған ой әрекеттері мен амалдарының жүйесі.

2) ойлау амалдары: салыстыру, қорыту, бейнақтылау, топтастыру, жүйелестіру және нақтылау;

3) ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік;

4) ойлау түрлері: тәжірибе-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және теориялық –бейнақты;

Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсікқабылдаупроцестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Г.Эббингауз ойлауға өзінше анықтама бере отырып, бұл процесс адамның тұрақты идеясы және құйын мен идеялык шабысы арасындағы құбылыс деп бағалады. Ойлаудағы күйын мен шабыс жайыңдағы Эббингауз бен оның пікірлестерінің бағытын біздер ассоциация психологаясының шарықтау шегіне жеткен көрініс деп атаймыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]