- •Психология ғылымының пәні мен міндеті.
- •Қазіргі психологияның негізгі салалары мен бағыттары.
- •Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері.
- •Психиканың даму кезеңдері (а.Н. Леонтьев бойынша).
- •Бихевиоризм және необихевиоризм.
- •Жас ерекшелік дағдарысы және оның белгілері.
- •Гештальт психологияның негізгі түсініктері мен категориялары.
- •Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.
- •П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылы қалыптасу теориясы.
- •Шетелдік психологиядағы тұлғаның негізгі теориялары (психоаналитикалық, гуманистік, Кеттелл, Келли, Бандура).
- •Қарым-қатынас анықтамасы, қызметтері, құрылымы, түрлері, жақтары.
- •Түйсік – психиканың сенсорлық ұйымдасуының негізі ретінде.
- •Қабылдау – психиканың перцептивті ұйыдасушылық негізі ретінде.
- •Ес түрлері мен құрылымы
- •Ес теориялары (г. Эббингоуз, в.А. Зинченко, а.Р. Лурия).
- •Ойлау туралы түсінік.
- •Ойлаудың түрлері мен типтері.
- •Зейін түрлері.
- •Зейіннің негізгі қасиеттері.
- •Темперамент туралы түсінік.
- •Темперамент теориясы.
- •Қабілет және нышан.
- •Қабілеттің түрлері.
- •Сана: түсінік қызметі және құрылымы
Жас ерекшелік дағдарысы және оның белгілері.
Гештальт психологияның негізгі түсініктері мен категориялары.
Гештальтпсихология (нем. gestalt - пішін, тұтастық)- шетелдік психологияның сенсуалистік бағыты, 1912 ж. Германияда пайда болған. Гештальтпсихологияның ізашары X. Фон Эренфельс (1859-1932) болып табылады. Басты өкілдері: М. Верттеймер (1880- 1944), В.Келер (1887-1967) және К. Коффка (1886-1941).Ассоциациялық психологияға қарама-қарсы гештальтпсихология түйсікті емес, қайта қайсыбір психикалық құрылымды, тұтас түзілімді, яғни "гештальттарды" бастапқы және психиканың негізгі элементтсрі деп санайды. Гештальтпсихология бойынша, олардың қалыптасуы қарапайым, симметриялы, томаға тұйық тұлғалар түзу қабілеті бейнебір іштей тән психикасына бағынады. Гештальтпсихология теориясы индивидтісыртқы ортадан және оның практикалық қызметінен бөліп алу болып табылады. Психикалық түзілімдердің тұтастығын гештальтшілдер, сайып келгенде, иманенттік субъективтік "заңдармен" түсіндіреді, мұның өзі оларды идеализмге жақындатты. Кейіннен идеялары (әсіресе "гештальт" ұғымы) материалистік-психологар (Л.С.Выготский және басқалар.) Гештальтпсихологияның теориялық тұрғыдан негізделмейтін жақтарын қарастырды. Гештальт структура, құрылым, тұтастық, жүйе. Гештальтпсихология сананың алғашқы бөлшектері түйсінуі де, елесте емес, кейбір тұтас түрдегі "психологиялық құрылымдар" (гештальттар) деп санайды. Сондай құрылымдар сананың жемісі деген пікірді қолдайды.
Гештальтпсихология (нем. гештальт — бейне, құрылым, бiр тұтас форма) — ХХ ғ.бас кезi нде Германияда пайда болған идеалистi к психологияның бiр бағыты. Басты өкi лдерi: М. Вертхаймер, В. Келлер, К. Кофман, К. Левин. Гештальтпсихология механикалық жаратылыстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативтi психологияға қарсылық бiлдiру рухында туды. Гештальттылар «элементтер психологиясына» қарсы əрбір психологиялық процестiң бiртұтастығы мен өзiндк сапасын жақтады. Олар тұтасты (гештальт) элементтерден тiптi өзгеше жаңа, өзiнiң iшкi заңдылығынан туып, өзгерiп отыратын, түсiндiрiп болмайтын, тек баяндауға ғана келетiн құбылыс деп пайымдайды. Гештальтпсихологияның тұтастық идеясы динамикалық ситуация мен оның формальды құрылымының бiр бүтiндiгi негiзiнде iс жүзiне асырылды. «Гештальт» ұғымын алғашқы ендiрген Эренфельд. Оның айтуынша, бұл сгым мынадай мазмұнды қамтиды: айталық, бiрнеше дыбыстi тiркендiргiштерi iркестip берiлдi дейін. Сонда, бұл дыбыстар бiр-бiрiмен байланыссыз əсерлер ретiнде қабылданбай, белгiлi құрылымы бар, сол дыбыстардың «гештальты» болып табылатын «əуен» ретiнде қабылданады.
Гештальтпсихология бағытының осал тарапы психологиялык; күбылыс бейне мен оны туындататын нақты əрекет арасындағы байланысты жок. шығарғандығы. Гештальттылар ұғымы бойынша бейне тек өз заңдылықтарына бағынатын ерекше мəндi құбылыс саналды, оның нақты заттық дүниемен байланысы сыр күйiнде қала бердi. Осы екi маңызды категориялардың (бейне мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты талдаудың ортақ жүйесiн бере алмағандықтан, гештальтпсихология ғылыми мектебi соғыс алды жылдарында тарады.
