- •Психология ғылымының пәні мен міндеті.
- •Қазіргі психологияның негізгі салалары мен бағыттары.
- •Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері.
- •Психиканың даму кезеңдері (а.Н. Леонтьев бойынша).
- •Бихевиоризм және необихевиоризм.
- •Жас ерекшелік дағдарысы және оның белгілері.
- •Гештальт психологияның негізгі түсініктері мен категориялары.
- •Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.
- •П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылы қалыптасу теориясы.
- •Шетелдік психологиядағы тұлғаның негізгі теориялары (психоаналитикалық, гуманистік, Кеттелл, Келли, Бандура).
- •Қарым-қатынас анықтамасы, қызметтері, құрылымы, түрлері, жақтары.
- •Түйсік – психиканың сенсорлық ұйымдасуының негізі ретінде.
- •Қабылдау – психиканың перцептивті ұйыдасушылық негізі ретінде.
- •Ес түрлері мен құрылымы
- •Ес теориялары (г. Эббингоуз, в.А. Зинченко, а.Р. Лурия).
- •Ойлау туралы түсінік.
- •Ойлаудың түрлері мен типтері.
- •Зейін түрлері.
- •Зейіннің негізгі қасиеттері.
- •Темперамент туралы түсінік.
- •Темперамент теориясы.
- •Қабілет және нышан.
- •Қабілеттің түрлері.
- •Сана: түсінік қызметі және құрылымы
Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері.
Психологияның негізгі даму кезеңдеріне сәйкес оған берілген анықтамаларды қарастырайық.
1-кезең – психология жан жөніндегі ғылым. Психологияға мұндай анықтама бұдан екі мың жылдай бұрын берілген. Ежелгі адамзат жан бар деген ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір құбылыстарын дәйектеуге тырысқан.
II-кезең – психология сана жөніндегі ғылым. XVII-ғасырда жаратылыстану ғылымдарының өркендеуімен пайда болды. Адам өзінің ойлау, сезу және ниеттеу қабілеттерін сана категориясымен баламаластырған. Ал сананы зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін өзі бақылап (интроспекция), одан алған деректерін баяндау болған.
III-кезең – психология әрекет-қылық жөніндегі ғылым. XX ғасырда пайда болды. Психология бұл кезеңде өз міндетіне эксперимент жасап, тікелей нақты көруге мүмкін болғандарды ғана, яғни адамның мінез әрекеттерін, қылық-қимылдарын, сыртқы әсерге жауап қозғалыстарын зерттеуге алды, бірақ оларға себепші болған мотивтерді ескеруді қажет деп білмеді.
IV-кезең – психология шынайы заңдылықтарды, психика көріністері мен тетіктерін зерттеуші ғылым ретінде танылды.
Психология - психиканың дамуы мен әрекетке келуі және оның көрінісінің жеке-дара типологиялық ерекшеліктері жөніндегі, сонымен бірге адамның қоршаған ортамен өзара ықпалдасты байланыстарының жалпы заңдылықтары туралы ғылым.
Психологиядағы зерттеу әдістері.
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын білдіреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері – бақылау және эксперимент.
Бақылау – зерттеудің ғылыми әдісі – деректі суреттеп баяндаудан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі – психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау – зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы.
Сырттай бақылау – әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция) – адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең бастысы – эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс-әрекетіне белсенді араласуы.
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті – жан дүниелік іштей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол жеткізу.
Зертханалық эксперимент – арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал.
Табиғи эксперимент – еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді.
Тестілеу әдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау.
Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
Құжаттарды талдау әдісі – адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құжаттарды талдау әдістері сапалық және сандық болып ажыралады. Сапалық талдауда баяндалған мәтіндік ақпарат сандық көрсеткіштерге келтіріліп, кейін математика-статистикалық өңдеуге түседі. Бұл ғылымда контент-талдау атауын алған.
Құрастырып жобалау әдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулерде кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Осы жолмен қабылдаудың, жадтың, қисынды ойлаудың кейбір қырларын қолдан жобалап жасауға, сондай-ақ психикалық іс-әрекеттің бионикалық модельдерін тұрғызуға болады.
Сауалнама әдісі – әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оның мәні – объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау.
Өмірнамалық әдіс – кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Адам өміріндегі күнделікті оқиғалар талданып, болашақта кезігер жағдайлар болжастырылады, өмірлік кестесі түзіледі, каузометриясы жасалады.
Каузометрия (лат. causa-себеп, грек. metro-өлшем) –оқиғалар арасындағы қатынастардың себептік сарабы, тұлғаның психологиялық мерзім –кезеңдерінің талдауы беріледі, оқиғаларға қатысы бар жағдайлар анықталады, тұлға дамуының не тоқырауының кейбір кезеңдерінің бастау оқиғалары айқындалады.
Жас ерекшеліктері психологиясында салыстырмалы-генетикалық әдіс қолданылуда. Бұл әдістің мәні – психикалық заңдылықтарды жеке адамның психикалық дамуының әр кезеңдерін салыстыру арқылы зерттеу.
Социометрия – әлеуметтік психологиядағы зерттеу әдісі – бірлікті іс-әрекетке не оқиғаға араласу (араласпау) мүмкіндіктерін анықтау мақсатында шағын топтың әрбір мүшесін жеке сауалға тарту әрекеттері. Бұл әдіс нәтижелері топтағы қатынастар құрылымын графикпен бейнелейтін соц иометриялық кесте, социограмма, сондай-ақ топтағы психологиялық қатынастарды сандық көрсеткіштермен танытуға болатын социометриялық индекстер күйінде өрнектеуге болады.
Жеке тұлғаның бағыт-бағдарына әлеумет ықпалын зерттеу үшін жасақталған топ әдісі қолданылады.
Тұлғаның мәнді әлеуметтік сапа-қасиеттерін диагностикалау мақсатында эксперттік бағалау және тұлғаны топпен бағалау әдістері пайдаланылуда.
Тұлғаны топпен бағалау әдісі – адам мінездемесін топ мүшелерінің өзара бағалауы арқылы алу. Бұл әдіс топтағы адамдардың өзара таныстығы мен бірлікті іс-әрекеті және қатынасы нәтижесінде топтың әрбір мүшесі жөнінде қалыптасқан топтық санаға негізделген.
Қандай да психологиялық проблеманы зерттеуде сол мәселеге сәйкес зерттеу тәсілдері мен ережелері, яғни нақты зерттеу әдістері қолданылады. Олар: болжам ұсыну, эксперименталдық тәсіл мен соған сай материал, сыналушылардың бастапқы бақылау және эксперименттік топтарын айыру, эксперимент серияларын анықтау, эксперименталды материалдарды статистикалық өңдеуден өткізу.
