- •Психология ғылымының пәні мен міндеті.
- •Қазіргі психологияның негізгі салалары мен бағыттары.
- •Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері.
- •Психиканың даму кезеңдері (а.Н. Леонтьев бойынша).
- •Бихевиоризм және необихевиоризм.
- •Жас ерекшелік дағдарысы және оның белгілері.
- •Гештальт психологияның негізгі түсініктері мен категориялары.
- •Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.
- •П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылы қалыптасу теориясы.
- •Шетелдік психологиядағы тұлғаның негізгі теориялары (психоаналитикалық, гуманистік, Кеттелл, Келли, Бандура).
- •Қарым-қатынас анықтамасы, қызметтері, құрылымы, түрлері, жақтары.
- •Түйсік – психиканың сенсорлық ұйымдасуының негізі ретінде.
- •Қабылдау – психиканың перцептивті ұйыдасушылық негізі ретінде.
- •Ес түрлері мен құрылымы
- •Ес теориялары (г. Эббингоуз, в.А. Зинченко, а.Р. Лурия).
- •Ойлау туралы түсінік.
- •Ойлаудың түрлері мен типтері.
- •Зейін түрлері.
- •Зейіннің негізгі қасиеттері.
- •Темперамент туралы түсінік.
- •Темперамент теориясы.
- •Қабілет және нышан.
- •Қабілеттің түрлері.
- •Сана: түсінік қызметі және құрылымы
Зейіннің негізгі қасиеттері.
Зейін қасиетері: тұрақтылығы, шоғырлылығы, көлемі мен ауысуы.
Зейін тұрақтылығы оның уақыт аралығында шоғырлы сақталу мерзімімен анықталады. Іс-әрекет барысында субъекттің өзі сезбейтін, бірақ іс өніміне әсер етпейтін қысқа мерзімді зейін тербелістерінің болуы да заңды.
Зейін шоғыры (концентрация) зейін тобының бір нысанға бағытталып, оның аймағына енбейтіннің бәрін елемеуімен сипатталады.
Зейіннің бөлінуі бір уақытта бір не одан көп іс-әрекеттерді орындау мүмкіншілігін беретін психикалық әрекеттердің ұйымдасу сипаты.
Зейін көлемі – бір уақытта анық та айқын қабылдануы мүмкін өзара байланыспаған заттар саны.
Зейін ауысуы – жаңа мақсаттың белгіленуімен психикалық әрекет бағдарының саналы әрі ниетті өзгеріске түсуі. Кейде зейін іс-әрекеттің нәтижесіне орай толық ауысуы – не аяқталмаған ауысуға түсуі мүмкін.
Зейіннің жеке – даралықты ерекшеліктері – бірнеше жағдаяттарға байланысты. Олар: жоғары жүйке қызметінің типі, тек өкілінің психикалық даму жағдайы, оның күнделікті психикалық қалпы, үйреншікті қызметінің шарттары.
Темперамент туралы түсінік.
Темперамент – тек өкілінің психикалық белсенділігінен көрінетін психодинамикалық қасиеттерінің бірлігі, яғни психикалық жауап әрекеттерінің жеделдігі, шапшаңдығы, қарқыны.
Академик И.П.Павлов темпераменттің физиологиялық негіздерін талдай отырып, бұл психикалық қасиеттің жүйке жүйесі типіне тәуелділігін, бас миы қызметінің жеке жүйке үдерісі – қозу мен тежелуге байланыстылығын дәлелдеді. Жүйкенің қозу мен тежелу күші, тепе-теңдігі және қозғалмалылығы тумадан, әр адамда әрқилы.Осы қасиеттердің ара қатынасына орай И.П.Павлов жоғары жүйке қызметінің 4типін ажыратты: «ұстамсыз» ( жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы басым – холерик темпераментіне сәйкес) ; «тіршең» (жүйке жүйесі күшті, қозғалмалы, қозуы мен тежелуі тең – сангвиник темпераментіне сәйкес); «байсалды» (жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі тең, селқос – флегматик темпераментіне сәйкес); «әлсіз» (жүйке жүйесі нашар, тежелуі басым, қозғалысы кем – меланхолик темпераментінің негізі).
Темперамент атауларын ғылымға алғаш ежелгі грек дәрігері Гиппократ (460-377ж. б.э.д.) енгізген. Ол темперамент түрлерін адам ағзасындағы әрқилы сұйықтықтардың басымдылығына қарай ажыратқан: қаны (сангвис) басым – сангвиник (қайратты, жылдам, өмірі шуақ, көпшіл, қуанышқа да , күйзеліске де бірдей төзімді; сары өті (холэ) – холерик ( ашушаң, шыдамсыз, қызбалы, ұстамсыз, күйгелек, көңіл кейпі ауыспалы; шырышы( флегма) басым – флегматик (байсалды, жайсаң, ұстамды, бір істен екіншісіне ауысуы қиын, жаңа жағдайларға бейімделуі ауыр); қара өті (мелайнахолэ) басым (запыранды) – меланхолик (тұйық, ұяң, көңілшек, тартыншақ, тез шаршайды, қиындыққа төзімсіз).
Темпераментте біріге көрінетін жүйкелік қасиеттер тобы тек өкілінің бірнеше психикалық ерекшеліктерін береді:
1. Психикалық үдерістер шапшаңдығы мен жеделдігі, психикалық белсенділік, бұлшық ет – моторлы қимыл, қозғалыстар түрі.
2. Сыртқы ауыспалы жағдайларға бейімділік, икемшілдік не бір -беткейлік.
3. Әрекет-қылықтың бір тарапты сырттай әсерлерге басыбайлылығы (экстраверсия) не адамның өз ішкі дүниелік сезімдері мен ұғымдарына тәуелділігі (интроверсия).
4. Сезімталдық, көңілшектік, қабылдағыштық, көңіл қызбалығы мен шарпулылығы және олардың тұрақтылығы.
Кейбір темперамент түрлерінде аталған сапалар жеке адам болмысына орай «араласа» көрінеді.
Әрқилы өмір жағдайлар
