- •Психология ғылымының пәні мен міндеті.
- •Қазіргі психологияның негізгі салалары мен бағыттары.
- •Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері.
- •Психиканың даму кезеңдері (а.Н. Леонтьев бойынша).
- •Бихевиоризм және необихевиоризм.
- •Жас ерекшелік дағдарысы және оның белгілері.
- •Гештальт психологияның негізгі түсініктері мен категориялары.
- •Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы.
- •П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекетінің сатылы қалыптасу теориясы.
- •Шетелдік психологиядағы тұлғаның негізгі теориялары (психоаналитикалық, гуманистік, Кеттелл, Келли, Бандура).
- •Қарым-қатынас анықтамасы, қызметтері, құрылымы, түрлері, жақтары.
- •Түйсік – психиканың сенсорлық ұйымдасуының негізі ретінде.
- •Қабылдау – психиканың перцептивті ұйыдасушылық негізі ретінде.
- •Ес түрлері мен құрылымы
- •Ес теориялары (г. Эббингоуз, в.А. Зинченко, а.Р. Лурия).
- •Ойлау туралы түсінік.
- •Ойлаудың түрлері мен типтері.
- •Зейін түрлері.
- •Зейіннің негізгі қасиеттері.
- •Темперамент туралы түсінік.
- •Темперамент теориясы.
- •Қабілет және нышан.
- •Қабілеттің түрлері.
- •Сана: түсінік қызметі және құрылымы
Ойлаудың түрлері мен типтері.
Психология ғылымында ойлау түрлерін ажыратуға байланысты алғашқы қабылданған генетикалық топтастыру әдісі. Бұл бойынша ойлау әрекеті дамуының үш деңгейі еленген:
- тәжірибе – әрекетті ойлау – нақты заттармен тікелей байланыса, ой қызметін орындау түрі;
- көрнекі-бейнелі ойлау – елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрі;
- сөздік – логикалы немесе сөздік – рәмізді ойлау – абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі.
Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау үдерісі келесі түрлерге бөлінеді:
Вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз (абстракт) ойлау.
Бағыт-бағдарына орай ойлау үдерісінің келесі түрлері белгілі: теориялық және тәжірибелік. Болмыс құбылыстарын түсіндіре баяндау бағытынан теориялық ой туындайды да болмысқа өзгеріс ендіру, қайта жасау бағытында тәжірибелік (практикалық) ой пайда ету қажеттігі алға тартылады.
Ойды тереңдей жалпылаудан эмпирикалық және теориялық ойлар бөліне көрінеді.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау күнделікті қызмет, тіршілік әрекеттері негізінде алғашқы қорыту, жалпылау мүмкіндігін береді. Мұндай қорытулар абстракциялаудың ең төменгі деңгейінде орындалады.
Теориялық ойлау жалпыланған қатынастарды ашады, таным нысанын өзіне тән қажетті байланыстар жүйесінде зерттейді, нәтижеде – адамның жасампаздық іс-әрекеттерін қамсыздандырушы әрқилы құбылыстардың даму заңдылықтары нақты айқындалады.
Логикалық (қисынды) ойлау – логикалық амалдар (салыстыру, жүелеу, қорыту және т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі.
Синкретикалық (біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес, сырттай ұқсастық белгілері бойынша өзара байланыстырылады.
Шешілетін мәселе және орындалатын іс-әрекеттердің стандартты не стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыралады: алгоритмдік, дискурсив, эвристикалық және шығармашыл ойлау.
Алгоритмдік ойлау – типтік мәселелерді шешуге қажет алдын ала белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан ойлау түрі.
Дискурсив ойлау - өзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген ой әрекеті түрі.
Шығармашыл ойлау – соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.
Эвристикалық ойлау – қалыптан тыс мәселе, міндеттердің шешімін табуға бағытталған өнімді ойлау үдерісі.
Танымдық үдерістер өздерінің өту сипаттары бойынша шұғыл сезімдік (интуитивтік) және аналитикалық (талдауға негізделген) болып бөлінеді.
Шұғыл сезімдік (интуитивті) ойлау сипаты: өтуі шапшаң, толық түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.
Ойлаудың арнайы бір түрі – аутистикалық ойлау – психикалық сырқаттармен байланыста көрінеді (мысалы, ақылдан адасу, ес ауу жағдайында). Өмірде мұндай сырқатты ойдың өтпелі формалары көптеп кездеседі: нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз, шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.
Зейін түрлері.
У. Джемс зейіннің келесі түрлерін қарастырады: 1) сезімдік (сенсорлы) және ақыл-естік (интеллектуалды); 2) тікелей нақты, егер нысан өздігінен көңіл тартатын болса, және туынды (жанама); 3) ырықсыз не енжар, күш жұмсауды қажет етпейтін және ырықты (белсенді) – ерік қосумен болатын.
Ырықсыз зейін қандай да затқа ешбір ниетсіз-ақ бағдарланады және ол үшін ерік күшін қажет етпейді.
Ырықты зейін немесе ерікті зейін нысанға әдейі, белгілі мақсат қоюмен бағытталып, саналы да ерік жұмсаумен қалаған қажет уақыт аралығында орындалып жатады.
Егер іс-әрекет адамды қызықтыратын болса, ырықты зейін үйреншікті зейінге өтеді де, енді ерік күші тіпті қажет болмай қалады. Ырықта зейін сияқты бұл зейін түрі белсенді сезімімен, мақсат бағдарлылығымен және ниеттілігімен ерекшеленеді. Аталған үш зейін түрлері өзара ауысып, іс-әрекет бабына, мақсатына орай қызмет жасауы мүмкін.
В.Н. Страхов өз еңбектерінде өзіндік бағдарлау деген зейіннің және бір түрін атап көрсетеді.
Өзіндік бағдарлау нысаны жеке адамның өз бойындағы әрекет-қылық сипаты, өзінің сөйлеу және қатынас мәнері, әлеуметтік рөлі және т.б. болуы мүмкін. Зейіннің бұл түрі арнайы қызмет те атқарады, мысалы, тұлғаға өз бойындағы әрекет-қылық, мінез өзгерістерін өзінше байқап, өзіндік ақпараттарды жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай зейіннің қалыптасуы үшін адам біршама күш-қуат жұмсап, жаттығуы қажет.
Сыртқа бағытталған зейін – тысқы ортадағы мәнді заттар мен олардың маңызды тұстарын бөліп қарастыруға жұмсалады.
Ішке бағдарланған зейін – психиканың өз қорындағы ниетті нысандарды бөліп алу қызметін атқарады.
Зейін әрдайым адамның ұстанымдары мен оның әрқандай іске бейімділігі және дайындығына байланысты. Ұстаным, ниет тұлға ағзаларының сезімталдығын, барша психикалық іс-әрекеттің деңгейін арттырады.
Зейін жеке-даралықты және ұжымдық болып та ажыралады. Ұжымдық зейін бір қызметпен шұғылданып, бір мақсатқа жұмылған орындаушылар арасында қалыптасады, мұндайда топтағы бір мүшенің ықпалы басқалар зейініне өзгеріс ендіруі мүмкін.
