Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikhologia_gost.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.47 Кб
Скачать
  1. Психология ғылымының пәні мен міндеті.

Жалпы психология антикалық кезеңнен баста у алып, философия аясында психологиялық зерттеулердің облысы ретінде қалыпьасты. ХХ ғасырда дербес ғылым ретінде қалыптаса бастады және 1879 жылы Лейпциг қаласында дүние жүзінде бірінші рет психологиялық лаборатория ашылды, онда эксперимент әдісі қолданылып өзіндік жеке мәртебеге ие болды.

ХIХ ғ. соңы — ХХ ғ. басында танымал ғалым Г. Эббингауз психология жөнiнде қысқа да дəл былай деген: Психология тарих алдында ұланғайыр, ал тарихы өте қысқа. Психика зерттеулерiнiң тарихы деп отырғанымыз психологияның фəлсападан бөлiнiп, жаратылыстану ғылымдарымен ұштасып, өзiнiң эксперименттiк зерттеулерiн ұйымдастыра бастаған дəуiрi. Бұл ХIХ ғ. кейiнгi ширегi болғанымен, психология бастаулары көз жетпес ғасырлар тереңiнде өрiс алды.

Пəн атының өзiде грек тiлiнен аударғанда психология — жан туралы ғылым (психо — «жан», логос — «ғылым») дегендi аңғартады. Кең тараған түсініктергетерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни ұғымдарға байланысты дниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде жан жөнiндегi дiни-мифологиялық көзқарастарға қарсы күрес iнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөн iндегi зерттеулер мен түсiнктер психологияның пəндк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да психология əуел бастан »жан» туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түандайды.

Дəл осы мəселенiң шешiмi тәңiрегiнде бiр-бiрiне ткелей қарсы философия бағыттары — идеализм мен материализм пайда болды. Идеалистер психиканы болмыс бастауы, өз бетiнше жасайтын, материяға тəуелсiз, белгiсiз бiр зат деп қарастырды. Ал материалистк танымда психика — туынды, материяға тəуелдi құбылыс.

Ғылымдағы күрделi мiндеттердiң бiрi — заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды көре бiлу. Ғылымдық қатал талап объективтк заңдарды ашып қана қоймастан, олардың əрекетт iк аймағы мен қолдану жағдайларын көрсете алу. Сондықтан да психология зертеулерiнiң объектiсi психологиялық деректер мен қатар психологиялық заң, заңдылықтар.

Сонымен бipre ескеретiн жəйт, заңдылық байланыстарды бiлу өздiгiнен заңдылықтарды iске асыратын нақты тетктердi ашып бере алмайды. Осыдан психологияның мiндетi — психологиялық деректер мен заңдылықтарды аша отырып, психологиялық iс-əрекеттi қозғаушы механизмдердi де анықтап бiлу. Ал ендi сол механизмнiң қандайда да психологиялық процестi орындайтын нақты анатомия-физиологиялық аппаратты iске қосуына байланыстылығынан, ол механизмнiң табиғаты мен əрекетiн психология басқа ғылымдармен бiрлкте зерттейдi.

Қорытындыласақ,  жантану  ғылымы  психология — психика деректерiн, заңдылықтарын жəне механизмдерiн зерттейтiн бiлiмдер саласы.

Психология пәні 1) іс-әрекет субъекті ретіндегі адам, 2) өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның жүйелі өз сапалары; 3) адам психикасының қалыптасуы мен әрекеттік қызметке келу заңдылықтары; 4) адамның болмысты бейнелеу қабілеттері және оны тануы; 5) соның нәтижесінде өзінің сырттай дүниемен өзара ықпалдасты байланыстарын реттей алуы.

Пәннің мақсаты: жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілік пен дағдыны қалыптастыру.

Пәннің міндеттері: 1) оқытылған психологиялық құбылыстардың заңдылықтары негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; 2) әр – түрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі-психологиялық талдаупроцесінде студенттерде танымдық дағдылар мен ептіліктерді дамыту; 3) Дүние жүзілік және Отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен таныстыру. 

Психологияның негізгі міндеттері:

- психикалық құбылыстарды сапалық тұрғыдан зерттеу;

- психикалық құбылыстардың қалыптасуы мен даму барысын талдау;

- психикалық құбылыстардың физиологиялық тетіктерін зерттеу;

- психологиялық білімдерді адам өмірі мен іс-әрекетіне жоспарлы ендіруге жәрдем ету.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]