- •«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы..................................................................4
- •III.Қаржылық есептілігі.
- •1.1. «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
- •Ұйым мүшелері
- •2.«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есебінің және аудитінің ұйымдастырылуы.
- •2.1 Ұйым капиталының есебі және аудиті
- •2.2Негізгі құралдар есебі мен аудиті
- •2.3 Инвестициялар есебі мен аудиті.
- •Аудит бағдарламасы:
- •2.4Қорлар есебі мен аудиті
- •Қорларды сатып алу аудитінің бағдарламасы
- •2.5Ақша қаражаттарының есебі және аудиті
- •2.6Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті
- •2.7 Міндеттемелердің есебі мен аудиті
- •2.8Шығындар есебі мен аудиті.
- •2.9 Табыстар мен шығыстар есебі мен аудиті және қаржылық нәтижені анықтау тәртібі.
- •2.10. Жылдық түгендеу
- •3.1. Қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі қолданылатын нормативтері мен стандарттары.
- •3.2. Бухгалтерлік балансты талдау
2.6Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті
Шаруашылық операциялардың нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттік мекеменің дебиторлық берешегі басқа мемлекеттік мекемелерді, заңды және жеке тұлғаларды қосқанда басқа тұлғалардан тиесілі сома ретінде анықталады.
Қарызгер берешекті келісілген уақытта төлемеген жағдайда, берешекті кешіктірілген болып табылады.
Есепті кезеңнің аяғында мемлекеттік мекеме жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешектің ағымдағы бөлігін мынадай жазбамен көрсетеді: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының кредиті.
Операциялық жалдаудан түсетін кіріс былайша көрсетіледі: 1270 «Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және 6220 «Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер» шотының кредиті.
Активті жалдауға беру мынадай жазбамен көрсетіледі: 2220 «Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» шотының дебеті және қаржылық жалдауға берілген активтің тиісті қосалқы шотының кредиті.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
- ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
- тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;
- вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;
- негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;
- ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;
- басқадай дебиторлық берешектер.
Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі.Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық берешектер «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» болып есептеледі. Дебиторлық берешектердің пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.
Келісімшарттың міндеттемелерін орындау мен дебиторлық берешектің шынайылығын тексеру |
Жабдықтау келісімшарттар, шарттарды, жабдықтаушыларды,шот- фактураларды, нарядтарды, тапсырыстарды тіркеу журналдары |
Дебиторлық берешек есебі, жабдықтауды және оларға төлеуді бақылау функцияларын орындауды талдау |
Есеп,аудит және ішкі бақылау стандарттары , нұсқаулықтар, бұйрықтар, өкімдер,бастапқы құжаттар, 1210 1220 1230 1240 1250 шоттар |
Мәлеметтерді жинау мен Дебиторлық берешек түрлері, көлемі және мерзімдер бойынша |
Сатып алушылармен, есеп беретін адамдармен,банк қызметкерлерімен және басқа дебиторлармен есептесулерді түгендеу материалдары |
Дебиторлық берешектің жағдайын дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу, өткізу жолымен тексеру |
Бас кітап,10 журнал-ордер,1290«күмәнді талаптар бойынша резервтер» аналитикалық есептің 1200 бөлікшесінің 1210 «сатып алушылармен тапсырысшылардың кысқа мерзімді дебеторлық берешегі»шотары бойынша мәлеметтерді банк бас шысының дебиторлық берешекті есетен шығаруға арналған бұйрық |
Дебиторлық берешектің жаратылысы мен көлемін талдау және төлемеу себептерін анықтау |
|
Күмәнді талаптар бойынша резервті жасаудың негізділігі мен оларды пайдаланудың дұрыстығын тексеру |
|
Дебиторлық берешекті уақытылы өтеудің заңдылығы мен шынайылы -ғын талдау |
1журнал-ордер,сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудыңесебі жөніндегі тізімде -ме,1210шоттары бойынша аналитикалық есеп мәліметтері |
Сатып алушылармен,тапсырыс беру-шілермен,есеп айырысуды атқару -дың,вексельмен төлегендегі опера -цияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру |
Контрагенттермен шарттар, төлем тапсырмалары, банк көшірмелері, анықтамалық -нормативтік ақпарат |
Есептеулерді реттеу мен дебиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныс -тар жасау, резервтердің, бсқарудың жағдайын бағалау |
Талдамалы есепесулер және олардан шығатын тұжырымдар мен аудитордың ДБ басқаруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар |
Баланс көрсеткіштерінің дебеторлық берешек есепшоттары бойынша.бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігін тексеру |
Баланс 1210 1290 1220 1230 1240 1610 1270 бас кітап шоттары бойынша |
