- •«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы..................................................................4
- •III.Қаржылық есептілігі.
- •1.1. «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
- •Ұйым мүшелері
- •2.«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есебінің және аудитінің ұйымдастырылуы.
- •2.1 Ұйым капиталының есебі және аудиті
- •2.2Негізгі құралдар есебі мен аудиті
- •2.3 Инвестициялар есебі мен аудиті.
- •Аудит бағдарламасы:
- •2.4Қорлар есебі мен аудиті
- •Қорларды сатып алу аудитінің бағдарламасы
- •2.5Ақша қаражаттарының есебі және аудиті
- •2.6Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті
- •2.7 Міндеттемелердің есебі мен аудиті
- •2.8Шығындар есебі мен аудиті.
- •2.9 Табыстар мен шығыстар есебі мен аудиті және қаржылық нәтижені анықтау тәртібі.
- •2.10. Жылдық түгендеу
- •3.1. Қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі қолданылатын нормативтері мен стандарттары.
- •3.2. Бухгалтерлік балансты талдау
2.10. Жылдық түгендеу
Түгендеу жылдық қаржылық есептілікті жасау алдында, материалдық жауапты адамдарды ауыстыру кезінде, ұрлау немес теріс пайдалану, сондай ақ мүлікті бүлдіру фактісін анықтаған кезде, өрт немесе табиғи апаттар және өзге төтенші жағдайлар болған жағдайда, мемлекеттік мекемені таратқан, заңды тұлға ретінде қайта ұйымдастырылған кезде жүргізіледі.
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» мемлекетті мекемесіндегі түгендеуші мынадай мерзімдерге машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын, аспаптарды, өндіріс мен шаруашылық құрал саймандарын, материалдық емес және өзге де ұзақ мерзімді активтерді жылына кемінде бір рет бірінші қыркүйектен кешіктірмей, ғимараттарды, құрылыстарды мен басқа да жылжымаймын активтер объектілерін жылына кемінде бір рет бірінші қыркүйектен кешіктірмей жүргізеді.
Түгендеу жүргізу үшін мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады, түгендеу жүргізудің бастау және аятау мерзімдері белгіленеді. Комиссия бас бухгалтердің тікелей қатысуымен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасынан құралады. Түгендеу комиссиясы бас бухгалтерді қоса алғанда, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің арасынан үш адам құрамында құрылады. Түгендеу комиссиясын мемлекеттік мекеменің басшысы белгіленген мерзімде есептеу объектісінің іс жүзінде болуын толығымен және нақты тексеру үшін жағдайлар қамтамасыз етеді. Түгендеу кезінде анықталған мүліктің нақты бар болуының бухгалтерлік есепке алудың директордың алшықтықтары Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2010 жылғы 3 тамызда №393 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне сәйкес реттеледі. Артық шыққан негізгі құралдар, қорлар, ақша қаражаттары және басқа құндылықтар кіріске алынуға және қаржылық нәтижені есептеуге жатады.
3.1. Қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі қолданылатын нормативтері мен стандарттары.
Қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі 2 ге бөлінеді:
Трансформациялау әдісі- өткен есепті кезеңнің көрсеткіштерін түзету арқылы жүзеге асырылады.
Конверсия әдісі немесе парраллельді есеп жүргізу әдісі екі жүйеде де есеп жүргізу арқылы қаржылық есептілікті қалыптастырады.
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті жасауы және беруі бекітілген нысандарға және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6352 болып тіркелген) Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы және ұсынуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесіне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8913 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең қаржы жылы болып табылады. Қайта құрылған мемлекеттік мекеме үшін бірінші есептілік жыл оның мемлекеттік тіркеу кезінен сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезден басталады. Жылдық қаржылық есептілік есептіден кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жасалады. Жарты жылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі жағдай бойынша жасалады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынылады.
Есептеу және қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есептілігін жасаудың принциптері болып табылады. Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі. Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді. Түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстыруға келетіндік қаржы есептілігінің негізгі сапалы сипаттамасы болып табылады. Түсініктілік – қаржы есептілігінде ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Орындылық – шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпарат орынды және оларға оқиғаны бағалауға көмектесуі, олардың өткен бағалауларын растайтын немесе түзететін болуы тиіс.
Сенімділік – пайдаланушылар ақпаратты ақиқат сияқты қабылданғанда елеулі қателер мен бұрмалаулардың болмауы. Салыстыруға келетіндік - әр кезеңде және әртүрлі мемлекеттік мекемелерде ақпаратты салыстыру мүмкіндігінің болуы. Біркелкі операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелерге бір болып табылады әдіснама бойынша есептеледі.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары:
Толассыздық, есептеу, түсініктілік, маңыздылық, мәнділік, дұрыстық, шындық , қатесіз ұсыну, бейтараптылық, жүйелілік.
Қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайда мен зияндар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
5) түсіндірме жазба.
