Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан билети Агырыс.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.97 Кб
Скачать

3. Барлау, өндіру және біріккен барлау және өндіру құқығын беру тәртібі

19 емтихан билеті

  1. Жарықтардың жалпы сипаттамасы (анықтамасы: байқалу дәрежесіне қарай бөлінуі - ашык, жабық,

жасырын).

2. Кеннің минералдық құрамының ерекшелігі.

3. Жер қойнауын пайдалануға операцияларын жүргізуді экологиялық негіздеу. Жергілікті халық пен жұмысшылардың қауіпсіздігі

20 емтихан билеті

  1. Жарықтардың жіктелуі - геометриялық (бітімдік ерекшеліктері мен колбеулік бқрышына

байланыстары), генетикалық (неотектоникалық және тектоникалық жарықтар), кливаж (анықтамасы, түрлері), қатпарлы құрылымдармен арақатынастық зандылыктары

2. Титаномагнетит магнетит-ильменит кендерінің пайда болуы.

3. Мемлекеттік Жер қойнауы қоры

21 емтихан билеті

1. Үзіліп жылжыған тау жыныстар кабаттары

2. Скарнды денелердің геологиялық позициясы, құрылымы және минералдық құрамы.

3. Жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттері мен құқықтары.

22 емтихан билеті

  1. Ауысулы үзілістердің анықтамалары және жіктелуі. Лықсымалар мен ығыспалар анықтамасы,

элементтері және жүйесі.

2. Морылу процестерінің геологиялық, физикалық-химиялық және гидрогеологиялық жағдайлары.

3. Мұнай, жерасты сулары, бағалы металл және бағалы тастар мен тағы да басқа пайдалы қазбаларды барлау және өндіру операцияларын жүргізу кезіндегі құқықтық қатынастар ерекшелігі.

23 емтихан билеті

  1. Бастырулар (анықтамасы, элементтері және пайда болу ерекшеліктері), Тектоникааық бүркемелер

(анықтамасы, морфологиясы) сүйретілу жазыктығы, аллахтон және автохтон тектоникалық терезе және қалдықтар, шығу тегі

2. Пайдалы қазбалардың конвергенттігі

3. Жер қойнауын пайдалану құқығы, оның пайда болуы. Барлау, өндіру және біріккен барлау және өндіру құқығын беру тәртібі.

3 Қазіргі таңда  жер қойнауын  құқықтық  қорғау  ережелер ойдағыдай  сақталып  отыр  деп  айту қиын. Тау- кен өнеркәсібі саласындағы  компаниялардың  қазба байлықты  расуа  етіп  игеруі, мұндай- газ компанияларының  қалдықтарды  өзен — суға құйып, теңіз  қайрауын ластап  жатқанынан  әр бір  2-ші Қазақстандық  хабардар. Осы  орайлас тақырыптарды  дипломдық  жұмысымның  негізгі  өзектілекттері  етіп  алдым. Бұл бір  дипломдық жұмыс аясында  ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғамдағы күн тәртібінен  түспей  тұрған  өзекті  де  көкейкесті  проблемаларға  айналғаны біраз  уақыт болды. Әрине ауызды қу шөппен  сүртуге болмас, үкімет  тарапынан  біраз қолға алынып жатқан жақсы бастамалар бәрібір екеуіне тоқталсақ  қоршаған ортаны қорғау  министрлігінің  құзыреттілігінің   кеңейтілуі және  бірқатар өкілеттіктердің  берілуі. Мысалы: Ауаға, суға, топыраққа зиянды лас қалдықтардың  тасталғаны үшін  жауаптылықтың сол аталмыш кәсіпорынның тоқтатылуына  дейін    жалғасын табуы жақсы  жалғасын тапса дейміз.

3-тарау. Жер қойнауын пайдалану құқығы

      10-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығы

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн берiледi:

      1) жер қойнауын Мемлекеттiк геологиялық зерделеу;

      2) барлау;

      3) өндiру;

      3-1) бiрлескен барлау және өндiру;

      4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.

      2. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн.

      3. Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiндегi кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы бойынша жүзеге асырылады.        Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.  11-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.        2. (алынып тасталды)

      3. Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар.        Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар.        Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.08.11. N 467 -I Заңымен.

      11-1-бап. Жер қойнауын пайдалануды шектеу

      1. Жер қойнауының жекелеген учаскелерін пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша елдің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында шектелуі немесе тыйым салынуы мүмкін.

      2. Елді мекендердің аумақтарында, қала маңы аймақтарында өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерінде жер қойнауларын пайдалануға, егер мұндай пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі, шаруашылық объектілеріне немесе қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін болатын жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ішінара немесе толық тыйым салынуы мүмкін.

      3. Ерекше қорғалатын аумақтардың шектеріндегі жер қойнауларын пайдалану Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын аумақтары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

24 емтихан билеті

1. Жер қыртысынын жалпы сипаттамасы, Геосинклиндік облыстар

2 Химиялық элементтерінің жер қыртысында жылыстануы (миграциясы) мен жинақталуының (концентрациясының) жалпы заңдылықтары.

3. Жер қойнауы туралы ақпараттарға иелік ету құқығы.

1 Жер — Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн. км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осіненайналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5,975•1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см³, көлемі 1,083 млрд. км³, ауданы 510,2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінікбойынша Жер осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер

құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді.