- •2) Доғал - пайдалы қазба созылым немесе еңістік бағытында күрт аяқталады (мысалы, тектоникалық бұзылыс бойынша жылжу нәтижесінде немесе эрозиялық үдерістермен кесіліп кеткенде);
- •3) Күрделі - пайдалы қазба денесі жұқа қабатшалар мен желілерге тарамдалса немесе ретсіз шашырап кетсе.
- •4.1 Заңды тұлғаның құқық иеленуі. Заңды тұлғаның органдары
- •4.2 Заңды тұлғаның жекеленуі
- •4.3 Заңды тұлғалардың бөлімшелері мен өкілділіктері
- •4.4 Заңды тұлғаның пайда болуы
- •4.5 Заңды тұлғаның тоқтатылуы
- •1. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
- •5) Экологиялық факторлар.
- •2. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылары
- •2. Седиментация, диагенез, катагенез.
- •3. Пайдалы қазбалар қоры және оларды есептеу технологиялары.
- •Шөгінді тау жыныстарының кейбір айрықша және жатыс пішіндері. Кластикалылық дайкалар.Су
- •2. Метаморфизмді кендердің минералогиялық құрамына, бітіміне және құрылымына, кен денелерінің тигізер әсері
- •1 Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
- •3. Барлау, өндіру және біріккен барлау және өндіру құқығын беру тәртібі
- •3. Жер қойнауын пайдалануға операцияларын жүргізуді экологиялық негіздеу. Жергілікті халық пен жұмысшылардың қауіпсіздігі
- •3. Мемлекеттік Жер қойнауы қоры
- •Жер қыртысы
Жер қыртысы
Жер қыртысы деп- литосфераның жоғарғы қабаты , жер бетіндегі барлық сулар - гидросфера , жерден 20 шақырым биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын және бүкіл тірі ағзалардың өмір сүру аймағын айтамыз. Географиялық қабықтың пайда болуынан ірі табиғи кешендері материктер мен мұхиттар пайда болды. Дүние жүзінде 6 материк немесе құрлық бар.Олар : Еуразия ,Африка , Солтүстік Америка , Оңтүстік Америка , Аустралия , Антрактида.Мұхиттардың саны 4:Тынық , Атлант , Үнді , Солтүстік Мұзды мұхиттары. Жер бетінен оның ядросының ортасына дейінгі орташа радиусы 6371 км. Зерттеу барысында жер қыртысының бар болғаны 15 км-ге дейінгі тереңдігі ғана бұрғыланып (Кола түбегіндегі ұңғыма), оны құрайтын жыныстардың нақты үлгілері алынған. Жердің бұдан тереңде жатқан бөліктері, оны құрайтын жыныстардың құрамы мен қасиеттері жайлы түсшік, негізінен, жер сілкіну кезінде пайда болатын толқындардың қозғалу жылдамдығын, арнайы геофизикалық және сейсмикалықбарлау нәтижелерін саралау мен талдау негізінде қалыптасады.
Жердің ең беткі жұқа қатты қабығы — жер қыртысы. Оның орташа қалыңдығы мұхиттар астында 5 — 10 км, материктерде 35 — 40 км, ал биік таулы аудандарда 70 км-ге дейін жетеді.
2 Жер қыртысының химиялық құрамы. Жер қыртысының (16 км тереңдікке дейінгі аралықты қамтитын) химиялық құрамы жөніндегі алғашқы ғылыми еңбектің авторы — американ ғалымы Ф. Кларк (1889) болды. Ол өз еңбегінде әр түрлі тау жыныстарының алты мыңға жуық үлгілерін талдай отырып, олардың құрамының арифметикалық орта шамасын есептеп шығарды. В. Е. Ферсман Ф. Кларктың зор еңбегін өте жоғары бағалай отырып, жер қыртысында кездесетін химиялық элементтердің орта шамасын “кларк мөлшері” деп атауды ұсынды. Біздің елімізде жер қыртысының химиялық құрамын зерттеу жұмыстарымен айналысқан көптеген ғалымдардың ішінен В. И. Вернадский, А. Е. Ферсман, В. Г. Хлопин, А. П. Виноградов, А. А. Ярошевский есімдерін ерекше атап өтуге болады.
Төменде берілген IV. 1-кестесінен жер қыртысында кең таралған химиялық элементтердің орта сандық және сапалық мөлшерімен танысуға болады.
Жер қыртысының химиялық құрамы (процент есебімен, %)
Кестеде берілген сегіз элемент жер қыртысында кездесетін барлық химиялық элементтердің 98%-ін құрайды. Бұлардан басқа (А. Б. Ронов пен А. А.Ярошевскийдің санағы бойынша) жер қыртысында: Ті—0,52%, С—0,46%, Н—0,16%, Мп—0,12%, 5—0,11% шамасында кездеседі, ал қалған барлық элементтердің үлесіне — 0,37 %-і тиеді.
А. Е. Ферсман (1930) метеориттердің құрамын зерттеу нәтиже-леріне және жердің ішкі құрылысы туралы геофизикалық деректерге сүйене отырып, Жердін. жалпы химиялық құрамын есептеп шығарған.
Қейінірек американ геохимигі Б. Мейсон (1978) Айдан әкелінген тау жыныстарын зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, жердің жалпы химиялық құрамын өзінше анықтайды (IV. 2-кесте). Оның және А. Е. Ферсман кұрастырған кестелердегі айырмашылық шамалы ғана.
Жердің жалпы құрамын жер қыртысының құрамымен салыстырғанда, ауыр элементтердің, әсіресе темір мен никельдің мөлшері Жердің жалпы құрамында көп екендігін байқаура болады. Яғни бұл жердің ядро қабатында ауыр элементтердің көп болатындығын көрсетеді.
3 69-бап. Жер қойнауы туралы ақпаратқа иелiк құқығы
1. Жер қойнауының геологиялық құрылымы, ондағы пайдалы қазбалар, кен орындарының геологиялық параметрлерi, қор мөлшерi, игеру жағдайлары, сондай-ақ геологиялық есептердегi , карталардағы және басқа материалдардағы жер қойнауының кез келген ерекшелiктерi туралы ақпараттар, егер олар Республикалық бюджеттiң қаржыландыруы арқылы алынса - ол мемлекеттiк меншiкте, егер бұл мәлiметтер жер қойнауын пайдаланушының жеке қаржысына алынса - жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнде болып табылады.
1-1. Осы Заңның 18-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу жөнiндегi операцияларды жүргiзу барысында алынған ақпарат, қаржыландыру көздерiне қарамастан, мемлекеттiң меншiгi болып табылады және жұмыстарды жүргiзу аяқталған соң орындаушы оны жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға беруге тиiс.
2. Қаржыландыру көздерiне қарамай жер қойнауы жайындағы геологиялық және өзге ақпараттар мiндеттi түрде белгiленген стандартқа сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға сақтауға, жүйелеуге және жинақтап қорытындылауға өтеусiз тапсырылады.
3. Мемлекет меншiгiндегi жер қойнауы жайындағы геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және басқа мақсаттарға пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
3-1. Мемлекеттік меншiктегi геологиялық ақпараттың құны тарихи шығындар сомасының бір бөлігi ретiнде айқындалады. Тарихи шығындарды және геологиялық ақпараттың құнын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
4. Жер қойнауын пайдаланушының қаржысына алынған, осы баптың 2-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етiлген геологиялық ақпараттарды оқулық, ғылыми, коммерциялық және өзге мақсаттарда пайдалану тәртiбi мәлiмет иесi мен жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган арасындағы келiсiмiнен анықталады. Осы келiсiммен барлық геологиялық ақпараттардың немесе оның бөлiгiнiң құпиялық мерзiмi, сондай-ақ контрактының қолданылу кезiнде геологиялық ақпараттарды жер қойнауын пайдаланушының меншiгiнен Қазақстан Республикасының меншiгiне беру шарттары және мүмкiндiктерi анықталады.
5. Контрактының күшi тоқтатылған кезде, барлық геологиялық ақпараттар мемлекет меншiгiне көшедi. Жер қойнауын пайдаланушы, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті орган барлық құжаттарды және геологиялық ақпараттардың өзге де материалдық сақтаушыларын өтеусiз тапсыруға мiндеттi.
№ 25 емтихан билеті
1. Платформалық облыстар.Шеткі ойыстар. Тереңдік жарылымдар
2. Пайдалы қазбалардың морылу қабығы.
3. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтар.
