Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан билети Агырыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.97 Кб
Скачать

2. Седиментация, диагенез, катагенез.

3. Пайдалы қазбалар қоры және оларды есептеу технологиялары.

3 Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм(өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.

Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.

Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.

1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.

Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.

10 емтихан билеті

1. Деформацияланған тау жыныстардың физикалық негізі

2. Ірі түйірлі, ұсақ түйірлі және майда түйірлі сынықты таужыныс кенорындары.

3. Геологиялық материалдарды сараптау: пайдалы қазба сапасын бағалаудың геологиялық негізделуі және сенімділігі; шикізатты өңдеу технологиясының зерттелуі және таукен инженерлік шарттарының зерттелуі.

11 емтихан билеті

1.Деформациялар және кернеулер. Деформация түрлері

2. Делювийлік шашылымдар пайда болуының жағдайлары және геологиялық құрылымы.

3. Кенорынды экономикалық бағалауға әсер ететін факторлар: қоры, минералды шикізат сапасы, оның технологиялық қасиеттері, өндірудің таукендік шарттары, кенорын ораналасқан ауданның географиялық экономикалық және экологиялық жағдайлары

12 емтихан билеті

1. Қабаттардың қатпарлы жатыс пішіндері

2. Ең маңызды тұз кенорындарының мысалдары.

3. Минералды шикізат коньюктурасы.

13 емтихан билеті

  1. Қатпарлар және олардың элементтері. Антиклиндер мен синклиндер. Қатпарлардың

морфологиялық жіктелуі

2. Көмірдің негізгі ингредиенттері. Ең негізгі көмірлі алаптар.

3. Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың заңнамалық базасы.

1 Қатпарлар — бүйірлік (тангенциальдық) күштер мен вертикальдық қозғалыстардың әсерінен пайда болған Жер қабығы қабаттарының ыдырамай толқынданып иілуі. Қатпарлар пайда болған жағдайда қабаттардың бір бөлігінің имесі жоғары қарап (антиклинальды қатпар), ал екінші бөлігінің имесі төмен қарап (синклинальды қатпар) орналасуы мүмкін. қатпар тік, колбеу, жатпа және төңкерілме болып түзіледі.

Қатпарлардың морфологиялық типтері — кез келген типтегі қатпарларды пішіні, құрылыс және мөлшер ерекшеліктері тұрғысынан жүйелеу түрлері:

1) осьтік жазықтығының еңістену дәрежесі және қатпар қанаттарының еңістену бағыты тұрғысынан қатпарлар тік, еңіс, аударылған және жатаған болып бөлінеді;

2) катпар құлпының пішін ерекшелігі және катпар қанаттарының еңістену бағытына қарай айдар тұрқылас, желпуіш түрқьшас және қауашык тұрқылас қатпарлар дараланады;

3) қатпар құлпының пішін ерекшелігі тұрғысынан үшкір, жұмыр және түрен тұрқылас қатпарлар сараланады;

4) қатпардың қатпарлану дәрежесіне қарай сүйірдоғал, жабық және ашық қатпарлар белгілі;

5)қатпар қанаттарының еңістену бұрышына сәйкес доғал бұрышты, тік бұрышты және изоклиндік қатпарларды оқшаулауға болады;

6) қатпардың қатпарлану пішіні- не қарай қарапайым және күрделі қатпарлар ерекшеленеді;

7) осьтік жазықтығының пішіні мен еңістену дәрежесіне қарай қатпарлар симметриялы және жалқыпішінді қатпарларға жіктеледі;

8) қатпар ұзындығы мен енінің өзара катынас мөлшері тұрғысынан иілмелі қатпарлар, брахиқатпарлар және күмбездер (мульдалар) деп саралауға болады. кешенмен байланысты эндогендік кендіформация тобы

2 Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмір үш генетикалық топқа бөлінеді: гумолиттерсапропелиттерсапрогумолиттер.

Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен

Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200-ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. тонна шамасында бағаланады, оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. тонна, қоңыр көмір 92,8 млрд. тонна. Барланған қорлар 60 млрд. тонна шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. тонна. Олардың 63%-ы тас көмір (оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан (ҚарағандыЕкібастұз, Майкөбен). Ірі кен орындары – Шұбаркөл (қоры 2,2 млрд. тонна), Борлы (0,5 млрд. тонна), Самара (1,3 млрд. тонна), сондай-ақ, Теңіз-Қоржынкөл көмір алабы (шамамен 2,7 млрд. тонна). Торғай энергетикалық қоңыр көмір алабының қоры 52 млрд. тонна, оның барланғаны 7 млрд. тонна. Оңтүстік Қазақстанда Іле және Төменгі Іле қоңыр көмір алаптары орналасқан. Іле алабының геологиялық қорлары 14,8 млрд. тоннаға бағаланады, барланған қоры 0,9 млрд. тонна. Төменгі Іле алабының геологиялық қоры 9,9 млрд. тонна, оның 3 млрд. тоннасы барланған. Шығыс Қазақстанда Қаражыра (Юбилейное) (қоры 1,5 млрд. тонна), Кендірлік (1,6 млрд. тонна, барланғаны 250 млн. тонна) кен орындары белгілі. Кендірлікте көмірден басқа жанғыш тақтатастар бар. Оның жалпы қоры 4 млрд. тонна, барланғаны 20,3 млн. тонна. Қазақстанның батысындағы ең ірісі –Мамыт қоңыр көмір кен орны. Жалпы геологиялық қоры – 1,5 млрд. тонна, оның 0,6 млрд. тоннасы барланған.

Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының 1000-нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темірхром,марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. тонна. Оның 93% мөлшері бес ірі кен орында: ҚашарСарыбайСоколов, Әйет, Лисаковта шоғырланған. Бұл кен орындарының барлығы Солтүсік Қазақстанда (Торғай ойысының солтүстік-батыс бөлігінде) орналасқан. Орталық Қазақстанда пайдаланылып келе жатқан Батыс ҚаражалҮшқатын мен Кентөбе кен орындарының барланған қоры 300 млн. тоннадан асады. Оңтүстік Қазақстанда Иірсу (қоры 327,7 млн. тонна) мен Абайыл (28,3 млн. тонна) кен орындары барланған. Батыс Қазақстанда (Солтүстік-Шығыс Арал маңы) ең ірісі – баланстан тыс оолитті қошқыл теміртас кентасты Көкбұлақ кен орны (1,9 млрд. тонна), сонымен қатар титан-магнетитті кентастарының болжамдық қоры 1 млрд. тонна болатын Великов ірі кен орны бар. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны (шамамен 230 млн. тонна). Қорлардың барлығы Кемпірсай кенді ауданында (Мұғалжар тауы) шоғырланған. Аса ірі хромит кен орындарының қатарына Алмас-Жемчужина кен орны жатады (қоры 100 млн. тоннадан асады).

Бұл алапта кобальт-никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. тоннадан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. тонна деп бағаланады. Қорлар негізінен (99%) Орталық Қазақстанның Атасу кенді ауданында шоғырланған (Батыс Қаражал, ҮшқатынҮлкен Қытай, Қамыс кен орындары). ҚаратауБайқоңырКіндіктасЖетісу Алатауындағы көмір-кремнийлі тақтатас қабаттарында орналасқан ванадий кендері мен Батыс және Солтүстік Қазақстандағы, жердің беткі қабаттарында жатқан титан кендерінің де маңызы аса зор.

шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

14 емтихан билеті