- •2) Доғал - пайдалы қазба созылым немесе еңістік бағытында күрт аяқталады (мысалы, тектоникалық бұзылыс бойынша жылжу нәтижесінде немесе эрозиялық үдерістермен кесіліп кеткенде);
- •3) Күрделі - пайдалы қазба денесі жұқа қабатшалар мен желілерге тарамдалса немесе ретсіз шашырап кетсе.
- •4.1 Заңды тұлғаның құқық иеленуі. Заңды тұлғаның органдары
- •4.2 Заңды тұлғаның жекеленуі
- •4.3 Заңды тұлғалардың бөлімшелері мен өкілділіктері
- •4.4 Заңды тұлғаның пайда болуы
- •4.5 Заңды тұлғаның тоқтатылуы
- •1. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
- •5) Экологиялық факторлар.
- •2. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылары
- •2. Седиментация, диагенез, катагенез.
- •3. Пайдалы қазбалар қоры және оларды есептеу технологиялары.
- •Шөгінді тау жыныстарының кейбір айрықша және жатыс пішіндері. Кластикалылық дайкалар.Су
- •2. Метаморфизмді кендердің минералогиялық құрамына, бітіміне және құрылымына, кен денелерінің тигізер әсері
- •1 Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
- •3. Барлау, өндіру және біріккен барлау және өндіру құқығын беру тәртібі
- •3. Жер қойнауын пайдалануға операцияларын жүргізуді экологиялық негіздеу. Жергілікті халық пен жұмысшылардың қауіпсіздігі
- •3. Мемлекеттік Жер қойнауы қоры
- •Жер қыртысы
1. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылау мiндетi жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын iздестiру және бағалау, өндiру кезiнде минералды шикiзатты ұтымды және кешендi пайдалану, өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану үшiн геологиялық зерттеу және жер қойнауы учаскелерiн бағалау кезiнде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады\
3. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылaу: 1) қорларды ашуды, дайындауды және қазып алуды қамтамасыз ететiн, кен орындарының бай учаскелерiн таңдап игерудi болғызбайтын жер қойнауын геологиялық зерттеу мен пайдалануды, кен орындарын игерудiң техникалық жобалары шешiмдерiнiң сақталуын бақылауды;
2) пайдалы қазбалардың сыртқа шығарылатын және жер қойнауында қалдырылатын қорлары мен оларды өндiру кезiндегi ысырапты есепке алудың дұрыстығын бақылауды қамтиды.
№ 8 емтихан билеті
Жазықты құрылымдардың жалпы сипаттамасы, анықтамасы. Жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері.
Кен жасайтын кен құрайтын кедергілердің типтері мен құрылымдары, олардың физикалық-химиялық сипаттамасы және гипергенез белдемінде орналасуы.
Геологиялық зерттеу жұмыстарының кенорындарды бағалау мен барлауда қолданылатын әдістері мен техникалық құралдары.
1 Жазықты қабаттар, жазықты жатысты қабаттардың негізгі белгілері Таужыныстарының көлденеңді жатысы деп қабаттасу беттерінің горизонтальды жазықтықпен сəйкес орналасуы. Жер қыртысында мүлтіксіз көлденеңді орналасқан қабаттар кішігірім болса да көлбеулікпен орналасып шөгінделеді. Еңістену бұрышы минуттармен, тіпті бірнеше градустармен өлшенеді. Сондықтан жалпы жазықты жатыстар дегеннің өзі шарты түрде ғана болып келеді. Қабаттардың жазықты жатыстары түрі - қабат беттерінің жер бетіне көлденеңді немесе соған жақын орналасуы. Таужыныстарының бұл жатыс түрі эффузивті-шөгінді, шөгінді жыныстардың алғашқы бұзылмаған түрі болып саналады. Қабаттардың көлденеңді жатысы кезінде аттас қабат шекараларының абсолюттік биіктіктері өзара жақын болып келеді. Оны жер бедері горизонттарымен көрсетілген топографиялық картада қабаттармен стратиграфиялық кешендердің горизонтальдарға сəйкес немесе оларға параллелді орналасуынан байқаймыз. Қабаттардың көлденеңді жатысы кезінде қабаттасу беттері көлденеңді жер бедерінің бүгілістері мен иілістерін қайталайды, яғни құрамы мен тегі бірдей биіктік деңгейлерінде орналасады. Көлденеңді жатысты қабаттарда əрбір төменгі қабат жоғарғыға қарағанда, көне болып келеді, соңғылар жер бетіне шығып жатпайды. Жер бедерінің көлденеңді бөліктерінде жас, ал ойысты жерлерінде көне жыныстар орналасады, көлденеңді жатысты қабаттар кең аймақтарды алып жатады. 2 Геологиялық барлау жұмыстарының сатылары мен міндеттері (2006 жылғы бекітілген классификаторға дейінгілері).Геологиялық барлау жұмыстарының күнделігіне сай жұмыстар көп сатылы болып келеді. Тікелей барлау жұмыстарының сатыларына келсек:1)Іздеу-бағалау жұмыстары; 2)Алдын-ала барлау жұмыстары; 3)Дәлдікті барлау (детальная); 4)Игерімдік барлау (эксплуатационная).Жаңа классификатор бойынша геологиялық бағалау, геологиялық барлау және игерімдік барлау деп бірнеше барлау сатыларын біріктірген.Игеруге қосылған кен орындар ішін де барлау жұмыстары ұйымдастырылады. Кен орындардың шет жақтарында және төменгі горизонттарында іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу ұдайы орындалады.Әрбір барлау сатысының өзіндік мақсаты, міндеттері, әдістерінің ерекшеліктері бар. Осындай сатылығына байланысты барлау жұмыстарының принциптеріне тікелей байланыс көрсетеді.
Барлау принциптері -Пайдалы қазба кенорындары көбінесе қасиеттері әр түрлі және өзгергіш табиғи денелерден тұрады. Бірақ әр кенорын өзінің дербестігімен ерекшеленгенімен, оларды барлаудың негізіне барлығына ортақ бірегей принциіптер қойылады. Геологиялық барлау процесі өндіргіш күштері дамуының белгілі бір деңгейінде жүргізіліп, бір мақсатты - жер қойнауында пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік қорын анықтауды көздейді. Кенорындарды барлау өте қымбат әрі ұзақ процесс, ол көптеген мамандардаң қатысуы мен материалдық ресурстардың едәуір шығынын қажет етеді. Сондықтан геологиялық барлау басты принципті - халық шаруашылығына тиімділікті басшылыққа алады. Бұл принциптер мыналар:1)Нақты мәліметтерге бірте-бірте жету; 2)Жалпыдан нақтыға көшу;3)Зерттеулердің толықтығы;4)Жұмыстардың тиімді болуы; 5)Зерттеулердің жаппай емес таңдаулы болуы; 6)Ең аз материалдар мен еңбек шығындары; 7)Ең аз уақыт шығындау.Кенорындарды барлау дегеніміз комплексті зертгеулер болып табылады. Олар кенорындардың өнеркәсіптік мәнін анықтауға қажет жұмыстарды атқаруды көздейді. Жер койнауындағы бөлікшені геологиялык зерттеу, оны жобалауға дейінгі өнеркәсіптік игеру сатысында барлаумен аяқталады.
Барлау мәселелері- Барлаудың соңғы мақсатына, яғни оның сандық түрде өрнектелген нәтижесіне пайдалы қазбаның қорын есептеу жатады. Сондықтан барлаудың басты мәселесі кенорындар құрамындағы пайдалы қазбаның саны мен сапасын анықтау болып табылады. Пайдалы қазбаның мөлшері оның кеңістіктегі көлемін анықтау арқылы есептелуі мүмкін. Осыған байланыста бұл мәселені шешу үшін, барлау процесінде пайдалы қазба денелерінің пішіні, өлшемдері, жатыс жағдайлары мен бұзылғандығы зерттеледі.Пайдалы қазба сапасының көрсеткіштері оның өнеркәсіпте қолданылуына байланысты болады. Мәселен, металл рудалары мен агрохимиялық шикізат үшін маңызды - пайдалы және зиянды компонеттер мен қосылыстардың мөлшерін анықтау, құрылыс материалдары үшін - физикалық қасиеттері, минералдық отын үшін -жылу бөлгіштігі мен күлділігі және т.б. анықталады. Пайдалы қазбаның сапасы оны ара қарай өңдеу жағдайы мен мүмкіндіктеріне қарай, яғни технологиялық сапасына байланысты бағаланады. Пайдалы қазбаның сапасын бағалау үшін барлау процесінде оның заттық (минералдық және химиялық) құрамы, кұрылымдық-бітімдік сипаттамасы, физикалық-химиялық қасиетгері мен барлық сапалық көрсеткіштерінің кеңістікте таралу ерекшеліктері анықталады.Сонымен қатар экономикалық-географиялық сипатты мәліметтер: ауданның өнеркәсіптік игерілгендігі, климат, бедер, энергетикалық ресурстар, көлік мүмкіндіктері, ауызсумен жөне техникалық сумен қамтамасыздығы, құрылыс материалдарының болуы және т.б. да қажет. Осы айтылғандар бойынша, барлаудың негізгі мәселесіне кенорынды игеру үшін қажет және жеткілікті геологиялық, кен-техникалық және экономикалық ақпарат алу жатады.
Барлау торының тығыздығы- Тиімді (рациональды) барлау жүйесінде қазындылардың арақашықтығы барлау сатысына, түріне, кенорынның физика-географиялық орналасу жағдайына, кен-денелерінің өлшемдеріне пайдалы қазбаның сипаты мен оның құндылығына байланысты. Кен денелері кенорын көлемінде өзгермелі болғандықтан әр блок бойынша тордың тығыздығы да әртүрлі болады. Мысалы, қарапайым кенорындарды дәлдікті барлау сатысында қазындының арақашықтығы 1000-1500 м болады. Ал, күрделі кенорындарда қазындының арақашықтығы 500-200 м-н кем болмауы керек. Ал өте күрделі кенорындар үшін тордың тығыздығы 50-25 м-ге дейін жиілейді. Кенорындардың әр түрлі өнеркәсіптік-генетикалық, типтерін барлаудың ерекшіліктері берілген геологиялық тапсырма бойынша және сол бөлікшедегі географиялық-экономикалық жағдайға баланысты болады.
Барлау міндеттері- Барлау жұмысының негізгі міндеті келесідей мәселелерді шешу арқылы орындалады: 1) кен денесін ашу немесе қиып өту; 2) оның жатыс жағдайын анықтау; 3) Пайдалы қазба кен денелерінің шоғырларын, контурын анықтау; 4) Пайдалы қазбаны сынамалау, сынамалау жұмысын жүргізу; 5) Кен денелерінің ішкі құрылымын зерттеу. Барлау міндеттері жалпыдан нақтыға көшу принципімен анықталады. Барлаудың негізгі жобасы болып кен орынның қалыптасуына геологиялық болжам жасау. Кен денелерінің орналасу заңдылығына, оның морфологиясына және жатыс жағдайына, заттық құрамына, пайдалы қазбаның сапасы мен қасиеттеріне, сонымен қатар, сиыстырушы жыныстың қасиеттеріне сипаттама беріп, геологиялық болжау жасау. Геологиялық барлау процесі кезінде геологиялық болжау мәліметтері нақтыланады. Кенорынды барлау кешенді жұмыстар жүйесін ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Оның құрамына міндетті түрде ірі масштабта жер беті немесе жер астының геологиялық түсіруі, геофизикалық зерттеулер, пайдалы қазбаны сынамалау жұмыстары, гидрогеологиялық зерттеулер. Топографиялық немесе маркшейдерлік жұмыстар кіреді. Осы аталған зерттеулер кешені, барлау қазындылары, бұрғылау ұңғымалары, канава, штольня немесе т.б. көмегімен іске асырылады. Әр нысанаға кешенді геологиялық барлау, барлаудың тиімді экономикалық эффектілік принципі арқылы анықталады. Мұнда уақыт шығыны, материалдық немесе қаржы, еңбек шығыны ескеріледі. Рациональды барлау кешенін таңдау, жұмыстың көлемі мен әдісін таңдау кенорындарының табиғи геологиялық, физика географиялық немесе т.б. экономикалық жағдайларына, барлаудың техникалық мүмкіндіктеріне немесе барлау сатысына қойылған нақты шешілетін тапсырмаға байланысты болады. Табиғи жағдайдың ішінен негізінде кенорынның геологиялық құрылымы, оның ішінде күрделігі мен өзгермелік дәрежесінің маңызы зор болады.
Барлау жүйелері немесе техникалық құралдары- Қазбалардың түрлері мен сипаты бойынша жіктеледі және төмендегі мәселелерді шешеді:Барлау жұмысы кезінде еңбек шығыны, материалдық қаржы, уақыт шығыны көбінесе тау-кен жұмысын жүргізуге немесе бұрғылау жұмыстарын жүргізуге кетеді. Бірақ олар барлау жұмыстарының міндеттерін шешуде толық немесе дәл ақпарат бере алады. Сондықтан жұмыс түрін таңдар алдында жақсылап ойлана негіздей отырып, қанша бұрғылау жүргізетіндігі, оның тереңдігі және орны анықталуы керек.
Барлау жүйесі- Барлау жүйесі деп біз барлық жұмыстар түрінің міндеттерін шешетін барлау қазбаның саны, түрі, тереңдігі кеңістікте орналасуы; қазбалардың жүргізілу реті, оны жүргізуге кететін шығын мен уақыт шығынын үнемдеу деп түсінеміз. Осыдан барып барлау жұмысының жүйесінде жеке элементтерді бөлуге болады.1)Барлау қазбалары (олардың түрлері мен сипаттамасы);2)Қазбаларды орналастыру реті (барлау торының пішіні);3)Барлау торының тығыздығы.
Барлау торының тығыздығы- Мұндай жағдайда барлау тығыздығын жиілету, тордың пішінін өзгерту. Қазындыларды топтар бойынша бөлу керек. Барлау торының пішіні іздеу-барлау сатысына дұрыс геометриялық болып келеді. Алдын ала барлау сатысында жеке белдемдер мен блоктардың сипаттамаларына байланысты жұмыс контурын шектеу үшін тор тығыздығын жиілетеді. Ал, дәлдікті барлау кезінде алдында жүргізілген жұмыс сатысында анықтан жеке блоктарда кеннің табиғи типтерін шектеу үшін тордың тығыздығы әрқайсына жеке-жеке жүргізіледі. Қазындының тереңдігі барлаудың берілген тереңдігі мен кенорынның ерекшелігіне байланысты. Қазіргі уақытта қазындының мах-ды тереңдігі 1000-1200 м.
Барлау сатыларының негізгі мәселелері- Алдын-ала барлау материалдары негізінде, кенорынның масштабтарын бағалау мақсатында қорды шамалап есептеу (СІ мен С2 категориялары бойынша) жүргізіледі, сонымен қатар техникалық-экономикалық баяндама (ТЭБ) жасалды. ТЭБ-да кенорынға өнеркәсіптік баға беріледі, қордың өнеркәсіптікке жатпайтын жарамсыз бөлігін нақтылау үшін алдын-ала кондициялары негізделеді. Егер кенорынның өлшемдері өте үлкен болса және оның барлық ауданында ары қарай барлау жұмыстарын жүргізу тиімсіз саналса, оның түбегейлі барлау жүргізетін бөлікшелері анықталады (негізделеді).
Барлау жұмыстарының жүйесі- Барлау жүйесінің элементінен кешенді қарастыру керек. Барлау жұмыстарының жүйесін тиімді таңдау көп факторларға байланысты. Кенорындардың геологиялық көрсеткіштері өзгермелі болған жағдайда барлау торы тығыз болуы; қазбаның ауыр түрін пайдалану қажет болады. Көптеген кенорындар үшін жетекші фактор олардың құрылымы. Құрылым ерекшеліктеріне байланысты барлау жүйесі таңдалады. Басқа жағдайда мұндай факторларға кенденелерінің тереңде жатуы, ал өте күрделі кенорын үшін жетекші фактор ПҚ-ң құндылығы болып табылады.
Белгілері(барлау жүйесінің)- Бұл жағдайда барлау жүйесін таңдау сынаманың қажетті тығыздығы мен типіне байланысты болады. Барлау тығыздығын таңдау кезінде жетекші факторды анықтаудан басқа, жалпы жағдайда да ескеру керек.1) Егер корреляциялық белгілер байқалса, мысалы, кен денесі қалыңдығы мен пайдалы қазба немесе пайдалы компонент сапасының заңды байланысы байқалса, онда мұндай корреляциялық байланысты барлау торын қарапайымдауға пайдаланады;2) Жетекші барлау факторы сипатының кенорын бойынша немесе оның бір бөлігінде, тіпті кенденесінде, сонымен қатар қанаттарында, тереңдігінде, тектоникалық зоналарда және т.б. өзгерген жағдайында барлау жүйесін өзгертуге тура келеді. Барлаудың негізгі тектоникалық құралдарына тау-кен қазбалары, бұрғы ұңғымалары жатады. Сонымен қатар іздеу барлау қазбаларын жүргізбей-ақ жердің терең бөлігінде құрылымы мен құрамы жөнінде мәлімет беретін геофизикалық бақылауларда пайдаланады. Оған пайдалы қазбаның химиялық, минералогиялық құрамын, құрылысын зерттейтін ақпараттар жатады.
Барлау жүйелері - техникалық жарақтар комплексі. Олардың көмегімен жеткілікті айқын және толық түрде мыналарды анықтау мүмкін: пайдалы қазбаның пішіні, өлшемдері, жатыс жағдайлары, сапалық сипаттамалары, оның мөлшері мен өндірудің кен-техникалық жағдайлары, яғни барлаудың негізгі мәселелері шешіледі. Барлау жүйелері негізгі үш топқа бөлінеді: бұрғылау, кен үңгіме және кен үңгіме-ұңғыма жүйелері.Іздеу-барлау үңгімелерінің орналасуы. Геологиялық қималар жүйесі барлау үңгімелерінің геологиялық құжаттамасын талдау негізінде жасалады. Сондықтан бұл үңгімелер белгілі сапалық керсеткіштерінің орналасу ерекшеліктері туралы жеткілікті дұрыс пікірді қамтамасыз ету керек.Үңгімелерді орналастырудың екі тәсілі бар: - сызықтар (қималар, профильдер) бойынша; - тор бойынша. Барлау үңгімелері тор бойынша орналасқанда, олар тордың түйіндерінен орын алады. Барлау торы пішіні бойынша үш түрге бөлінеді: квадрат (шаршы), тік бұрышты және ромбалы (үш бұрышты). Тордың түйіндері арқылы жүргізілген сызықтар арқылы қималар жүйесі жасалады, бұл арқылы пайдалы қазба денесінің көлемдік сипаттамасын беруге болады.
Барлау үңгімелерінің орналасуы- Барлау үңгімелерінің орналасуы пайдалы қазба пішініне, жатыс жағдайларына және қасиеттерінің өзгергіштігіне байланысты анықталады. Барлау үңгімелерінің кенорын бойынша орналасуын сандық тұрғыдан сипаттау үшін барлау торабының параметрлері деген түсінік пайдаланылады. Барлау торабының параметрлері үш көрсеткіш бойынша сипатталады: барлау тереңдігі; барлау торабының тығыздығы; барлау торабының жиілігі. Барлау тереңдігі пайдалы қазбаның барлау үңгімелерімен жер бетінен қандай тереңдікте кездескенін(ашылғанын) көрсетеді. Ол, біржағынан, пайдалы қазбаның таралу тереңдігіне, екінші жағынан, егер қазба өте үлкен тереңдікке созылса- техникалық-экономикалык жағдайларға байланысты. Екінші көрсеткіш бойынша барлау тереңдігі кенорынды еңістігі бағытында игеру мерзіміне немесе қолданылатын жарақтардың техникалық мүмкіндіктеріне қарай алдын-ала анықталады.Барлау торабының тығыздығы (Sо ) кенорынның барлық ауданының (S) пайдалы қазбаны толық қиып өткен барлау үңгімелерінің санына (n) қатынасымен өрнектеледі, яғни S0 =S/n. Барлау торабының оңтайлы параметрлері үш тәсілмен анықталады: ұқсастық, эксперименттік және аналитикалық.
Борттық және өнеркәсіптік мөлшерлері(кен геологиясының)-п.қ.-ның қоры және кенорнындағы пайдалы компоненттің орташа мөлшері өзгеруі мүмкін.Сонымен қатар игеру және қайта өңдеу көрсеткіштері төмендейді. Осының барлығы кенорынды игеруден технико-эканомикалық көрсеткіштерге әсер етеді.Ең тиімді әдіс кен денесінің борттық мөлшерін контурлағанда ол өнеркәсіптік минималды мөлшерден кем болмауы қажет, егер кем болса банкротқа ұшырайды.Минималды өнеркәсіптік мөлшер 1 т пайдалы қазба өндіргендегі, байытудағы өзіндік құн мен салыстырылып есептеледі.Мұндай есептеулер бірнеше формулаларды игеру арқылы іске асырылады.Кондиция бекіту құзіретті орган- мемлекеттік қор жөніндегі комиссия.Кондициялар әрбір кенорынға,минералдық шикізатқа пайдалы қазба мен пайдалы компанентке жоғарыдан келтірілген факторлар бойынша жеке-жеке бекітіледі.
Барлау жұмысының негізгі нысандары- Кенді нысандардың құрылымдық деңгейлері мен олардың көрсеткіштері.Барлау мақсатында кенорындарды күрделігіне сай топтастыру.Кенорындардың өнеркәсіптік типі деп игеруге қосылған үлгі болып табылатын кенді нысандарды атайды. Кен орындардың өнеркәсіптік маңызын көрсететін факторлар көп. Соларды біріктіре отырып, келесідей топтарға бөлуге болады: 1)Географиялық; 2)Геологиялық; 3)Тау-кен техникалық; 4)Экономикалық факторлар.
