Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан билети Агырыс.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.97 Кб
Скачать

4.5 Заңды тұлғаның тоқтатылуы

Заңды тұлғалардың тоқтатылуының негiздерi.

Заңды тұлғалардың қызметтiң тоқтатылуының бiр түрлерiнiң жіктелімінің 2 белгiсiн ерекшелеуге болады – субъекттiң қызметiнiң тоқтатылуы туралы шешiм алған органға байланысты немесе заң мирасқорлығының бар болуына байланысты. Ерекшелеу заңды тұлғаның қызметiнiң тоқтатылуы туралы органға байланысты, шешiм қабылдайтын адам да ерекшелеуі мүмкiн.

        Заңды тұлғаның тоқтатылу негіздері.

Заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуының түрлерінің жіктелімінің 2 критерийін атап көрсетуге болады, субъектінің қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған органға байланысты немесе құқық иелігінің бар болуына байланысты. Заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған органға байланысты мыналарды атауға болады:

 1) өз еркімен, яғни заңды тұлғаның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған органға байланысты тоқтату, бұл органдар оны құрылтайлық құжаттар негізінде жасайды (кейбір жағдайларда құзырлы мемлекеттік органдардың рұқсатымен);

          2) басқарушылық (күштеп), яғни:

           - заңды тұлғаның құрылтайлықшыларының (қатысушыларының) шешімі бойынша;

           - құзырлы мемлекеттік органдардың шешімімен;

           - сот шешімі бойынша.

          Салдары жағынан алып қарайтын болсақ, заңды тұлғаның тоқтатылуын былайша ажыратады:

         1) қайта ұйымдастыру – заңды тұлғаның қатыстық тоқтатылуы, азаматтық айналым барысында оның мүліктерінің қызметін сақтау үшін және оның азаматтық құқықтары мен заңда қарастырылған басқа да нормативтік актілерінің басқа тұлғаға ауысуы;

         2) жою – заңды тұлғаның абсолюттік түрде жойылуы, оның азаматтық құқықтары мен заңда қарастырылған басқа да нормативтік актілерінің басқа тұлғаға ауысуына болмайды.

           Заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру.

          Қайта ұйымдастыру нәтижесінде бір немесе бірнеше жаңа заңды тұлғалар пайда болады. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы да, жойылуы да өз еркімен де, күштеп, еркінен тыс та болуы мүмкін. Заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруы заңмен қарастырылған 5 форманың біреуімен жүргізіледі (ҚР АК 45 бабы).

          Заңды тұлғаның қайта ұйымдастыру формалары:

           1) бірігу;

           2) қосылу;

           3) бөліну;

           4) бөлек шығарылу;

           5) қайта құру.

          Бірігу – қайта ұйымдастырудың арнайы формасы, онда қызметі тоқтатылатын екі заңды тұлғаның міндеттері мен құқықтары жаңа заңды тұлғаға беріледі, ауысады.

          Қосылу – қайта ұйымдастырудың арнайы формасы, онда өз қызметін тоқтатпаған заңды тұлғаның құрамына қызметі тоқтатылған заңды тұлға қосыалды.

        Бөліну – қайта ұйымдастырудың арнайы формасы, онда қызметін тоқтатқан заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттемелері жаңа екі (немесе одан да көп) жаңа заңды тұлғаға ауысады.

         Бөлек шығарылу – қайта ұйымдастырудың арнайы формасы, онда жаңа заңды тұлға қалыптасады, ол қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық иеленушісі болады, оның қызметі тоқтатылмайды. Бұл форма қайта ұйымдастырудың ерекше формасы, себебі онда бір де бір заңды тұлғаның қызметі тоқтатылмайды.

      Қайта құру – бұл да қайта ұйымдастырудың бір формасы, онда заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-құқықтық формаларының өзгерісі болады.

Қайта ұйымдастыру кезінде бөлу балансы құрылады (бірігу, қосылу және қайта құру).

Бөлу балансында әрбiр мiндеттеменiң тағдыры туралы сұраққа талассыз жауап болуы керек, яғни баланстан білетініміз қандай да бір мiндеттеме және берiлiс акті нақты қандай заңды тұлғаға өткенi және бөлу балансында қарыздар адамның барлық мiндеттемелерi туралы хабар-ошар, тіпті қайта ұйымдастыратын заңды тұлға қатынасында олар негiздi орындамауға болады деп санайды.         

       ҚР АК 48 бабы қайта ұйымдастыру кезіндегі қарыз берушінің құқығын қорғаудың үш қорғаныс тәсілін қарастырады.

Бiрiншi тәсіл қайта ұйымдастыруды жүргізу тәртібімен байланысты, оған сәйкес біріншіден, барлық несие берушілер заңды тұлғаға қатысты қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылданғаны туралы жазбаша хабарлануы керек. Ескертудi мiндетті заңды тұлғаның (қатысушылардың) құрылтайшылары немесе қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылдаған уәкiл органы жасауы қажет (бұл заңды тұлғаның мұндай құрылтай құжаттарының шешiмдерiнiң қабылдану немесе заңда көрcетiлген жағдайлардағы немесе мемлекеттiк құрылым).          

 Екiншiден, қайта ұйымдастыру туралы ескерту әрбiр несие берушіге мынадай ұсыныстан тұруы керек: қарыз адамның барлық мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын орындау немесе тоқтатылу қажет екенін талап етуі керек, бұл бойынша қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға болып табылған адамның бұл шығындардың орнын толтыруы талап етілуі керек.

Сайып келгенде, несие берушіге қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғамен бар азаматтық-құқықтық қатынастарды тоқтату туралы сұрақты шешуге құқық берiледi.

Жою, яғни заңды тұлғаның қызметiнiң тоқтатылуы құқық қолданушысыз болса, онда қатысушылардың шешiмi бойынша немесе уәкiл орган арқылы қарастырылған негіздердің бар болуында қатысушылар арқылы өтеді.

Заңды тұлғаны тарату түрлері:

          - қалған мүлікті заңды тұлғаның өкілдері (қатысушылары) арасында бөлу (шаруашылық серіктестікті жою, тарату; акционерлік қоғамды және кооперативтерді жою, тарату);

         - қалған мүлікті меншік иесіне беру (мемлекеттік кәсіпорындар немесе меншік иесі қаржыландырып отырған аранйы мекемелер);

         - қалған мүлікті заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында анықталған мақсаттарға беру (қоғамдық және діни бірлестіктер, әртүрлі қорлар).

           Қатысушылар кез-келген уақытта заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдауға құқылы. Бұл шешім мынадай жағдайларда қабылданады:

        - заңды тұлғаның құрылған мерзімі аяқталауымен байланысты;

       - қандай мақсатқа құрылған болса, сол мақсатқа жеткендігімен байланысты;

        - соттың заңды тұлғаның тіркелуін заңды емес деп тануымен байланысты.

          Қатысушылардың еркінен тыс заңды тұлға мына жағдайларда соттың шешімімен таралуы, жойылуы мүмкін:

         - лицензиялық қызметтің лицензиясыз жүзеге асырылуы жағдайында;

         - заңмен тыйым салынған қызметтің орындалуы жағдайында;

         - сол уақыттағы заңнаманы бірнеше рет қатаң түрде өрескел бұзған жағдайда;

       - жарғылық емес қызметті жүйелі түрде жүзеге асырумен байланысты жағдайларда (қоғамдық және діни ұйымдар, қайырымдылық және басқа да қорлар);

        - тұрақсыздық жағдайында (банкротқа ұшырау).

          Таралу мына жағдайларда іске асырылады:

        - оның өкілдерінің немесе заңды тұлғаның органдарының шешімі бойынша;

        - заңды тұлғаның тіркелуін жарамсыз депр таныған жағдайда;

        - соттың шешімі бойынша қызметті қажетті рұқсатсыз (лицензиясыз) жүзеге асырған жағдайда немесе заңмен тыйым салынған қызметті жасаған кезде;

        - заңнамамен қарастырылған басқа да жағдайларда, мысалы, ҚР АК 49 бабына сәйкес (жоғарыда атап өткенімдей, заңды тұлғаның банкротқа ұшырауы).

Заңды тұлғаларды таратудың кең таралған жағдайы – жеке тұлғалардың дербес меншiктерінде болған ұйымның ерiктi жойылуы, таралуы.

Құрылтайшылар жалпы жиналыста өз ұйымдарын таратуға шешім қабылдады. Бұл шешiмдер жиналыс хаттамасында көрсетілуі қажет және заңды тұлғаларының Бiртұтас мемлекеттiк тіркелуін орындайтын органға ұйымның жойылу үрдісінде тұрғаны туралы жазбаша хабарлануы керек.

ҚР АК 50-шi бабының талаптарына сәйкес құрылтайшылар органның келісімімен осы ұйымның мемлекеттiк тiркеуін iске асыратын тарату комиссияларын тағайындайды. Оның құрамына ұйымның басшылық етушi тұлғалары, еңбек ұжымының мүшелерi, құрылтайшылар немесе олардың өкiлдерi кiре алады. Тарату комиссиясының жұмысының мерзiмдерi және құрамы жалпы жиналыс хаттамаларында бекiтіледi. Осы уақыттан бастап ұйымның барлық iстерi тарату комиссиясына өтеді және олар өз жұмыстарын бастайды.

     Тарату комиссиясының ең бірінші жасауы керек болатын жұмыс – бұл мерзiм белгiлеу, сол мерзім ішінде жойылатын ұйымның несие берушілері қарыздардың қайтарылуы туралы кiнә таға алады, наразылықтарын білдіре алады. Ол үшiн, ҚР АК 50 бабына сәйкес тарату комиссиясы жойылу туралы және оның несие берушілерінің талаптарыынң тәртібі мен мерзімі туралы хабарландыруды ресми басылымда жариялауға мiндеттi. Осымен бiр уақытта жазбаша түрде бұл туралы барлық несие берушілер хабарландырылады. Талаптарды көрсетуiнiң мерзiмi ұйымның жойылуы туралы жариялаудың уақытынан бастап кемiнде екi ай ішінде болуы керек.

         Тарату комиссиясы оның құрамы бекітілгеннен соң заңды тұлғаның істерін басқару бойынша барлық құзіреттілікті өз мойнына алады.

Одан әрі қарай дебиторлық қарызды өтеу бойынша барлық шаралар жасалынады, яғни жойылатын ұйымның алдында дебиторлық қарыздары бар заңды тұлғамен және жеке тұлғамен сол қарызды жою туралы ресми талаптар қойылады. Қажеттiлiк жағдайында талап арыздары сотқа жіберіледі. Тарату комиссиясының дебиторлық қарызды мерзiмiнен бұрын өтеуді талап етуге құқығы жоқ.

Егер шарт жасасу кезінде жойылатын ұйымда дебиторлық қарыз болатын болса, тарап келiсiм шарты таратылуды білмесе, екі тараптың біреуінің талап етуімен (көбінесе таралғалы жатқан ұйымның талабымен) төлеу мерзiміне қатысты тараптардың өзара келiсiмi екі жақтың келiсiм шарты бойынша өзгертiле алады.

Тарату комиссиясының несие берушілерінің талаптардың көрсетуi үшiн мерзiмнiң аяқтауларынан кейiнгі тiзiмi, сонымен бiрге заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiркеуін орындайтын органның құрылтайшылармен бекітілетiн олардың қарастыруының нәтижелерi талаптардың несие берушіде көрсетiлетiн ұйымдармен дүниенiң құрамы туралы хабар-ошар болатын аралық тарату балансын құрайды.

      Аралық жойылу балансын жасау барысында таралғалы отырған ұйым қолындағы бар құндылықтың толық нвентаризациясын жүргізуі керек, ол үрдістің барлығы да ҚР қаржылық заңнамасымен сәйкес жүргізіледі.

        Таратудың аралық баланстарын құрастыруға құжаттар дайындай отыра, бас есепшi жойылу алдындағы кәсiпорынның қаржылық күйiнің терең талдауын жүргiзуi керек, толық берешектi өтеуге және несие берушілермен соттық тергеулерiнен кейін өз ұйымын бұл барлық шараны қолданып, жоюды өткiзудiң мерзiмдерін едәуiр үлкейте алуға, қауiпсiздендiруге уақытында мүмкiндiгi болу үшiн жоюды сол кезеңде аралық талдау керек. Егер аралық жойылу балансын жасау барысында ұйымның қолындағы бар ақша қаражаты несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруы үшiн жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы, ҚР АК 51-шi бабының 5-шi тармағына сәйкес, соттың шешiмдерін орындау үшiн бекітілген тәртіпте ашық саудаларында ұйымының дүниесiн сатуды жүзеге асырады.

        Несиелік қарызды жоюды тарату комиссиясы кезек тәртібімен жүргізеді, ол ҚР АК 51 бабымен бекітілген, аралық жойылу балансымен сәйкес бекітілген күнінен басталады. Тарату комиссиясы несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудан бас тартса, олар тарату комиссиясының талабымен сотқа шағымдана алады. Егер несие берушілердің талаптары тарату комиссиясы қойған мерзiмнен кейiн көрсетілсе, онда олар мерзiм айтылған кезде келген тұлғалардан кейін талаптарын қанағаттандырады. Заңды тұлғаның активтерiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан қанағаттандырылмаған талаптар жойылған болып есептеледi.

Барлық аталған есептеулердiң аяқталуларынан кейiн қалған мүлік, дүние таратылатын ұйымның құрылтайшыларына берiледi (егер басқа заңмен немесе құрылтай құжаттарымен ескерiлмесе), қатысушылардың ұйымның қарамағында қалған мүлікке талаптануға құқықтары бар.

ҚР АК 50 бабының 7 тармағына сәйкес,   несие берушілермен есептесіп болғаннан соң   таратушы комиссия тарату балансын жасайды, ол заңды тұлғаның өкілдерімен бекітіледі.

         Заңды тұлғаның тіркелу орны бойынша мына құжаттар тапсырылып, түпнұсқалары мұрағатқа берілуі қажет: жарғының бірінші данасы, құрылтай келісімнің және тіркеу туралы куәліктің жалпы бір данасы.

         Осы аталған құжаттар негізінде мемлекеттік тіркеу органдары тапсырыс берушіге тарату жолымен заңды тұлғаның қызметінің тоқтатылуы туралы куәлік береді. Осы кезеңнен бастап кәсіпорын таралған болып саналады және оның өкілдерінің де, салық төлеушілердің де қызметі тоқтатылады.

6 емтихан билеті

  1. Қабаттардың үйлесімді және үйлесімсіз жатысы жайлы ұғым. Стратиграфиялық үйлесімсіздік

түрлері

2 Ең маңызды кенді формациялар.Мысал келтір.

3. Көлемі және сапасы жағынан өндірістік мағынаға ие барланған қорларының болуы, жер қойнауын геологиялық зерттеу нәтижелерін пайдаланудың кешенділігі.

3 Қазақстан өз жер қойнауының минералдық ресурстарға байлығы және олардың әртүрлiлiгi бойынша әлемдегі жетекшi елдердiң қатарына жатады. Оның минералдық-шикiзат базасы отын-энергетика кешенінің (көмiрсутектер, көмiр, уран), қара, түстi, асыл және сирек металдар кен орындарынан қалыптасқан. Қазақстанның әлемдік қордағы үлесі уран бойынша – 18 %-ды, хром бойынша – 10 %-ды, қорғасын бойынша – 9 %-ды, мырыш бойынша – 8 %-ды, күмiс бойынша – 5 %-ды, марганец бойынша – 5 %-ды, мыс бойынша 5 %-ды құрайды.

7 емтихан билеті

1. Қабаттардың жазықты жатысы.

2. Теңіз суасты базальтоидтік вулканизммен байланысты кенорындар.

3. Шетелдерде және Қазақтанда Жер қойнауларын зерттеу сатылылығы. Зерттеу нысандары, негізгі мәліметтер және қаржыландыру көздері.

1 Қабат дегенiмiз - бiртектi, бiр-құрамды шөгiндi немесе басқа таужыныстарынан түзiлген, қалыңдығы ұзындығынан анағұрлым кiшi, параллельдi жазықтықтармен шектелген геологиялық дене. Қабат қалыңдығы - жабыны мен табаны арасындағы қашықтық. Ол нақтылы - қабат беттерi арасындағы ең қысқа қашықтық жəне көрiнетiн -ашылымдары жер бетiне шығып жатқан қалыңдығы, тік бағыттағы және көлденең болып бөлiнедi. Кейбiр жеке қабаттар ұзақ қашықтыққа созылғанымен, тез арада немесе бiрте-бiрте қалыңдығы азайып, жойылады немесе сүйiрленiп тамамдалады. Қабаттың сүйiрленiп тамамдалуының себептерiне: шөгiндi түзiлудiң əркелкiлiгi, яғни бiр жерде жүрiп, екiншi жерде тоқталуы, жиылатын шөгiндiлер құрамының өзгеруi мен бұрын пайда болған қабаттың шайылуы жатады. Қабат қалыңдығы шөгiндi түзу ортасының қозғалысының пəрмендiлiгiне жəне онда жиылатын материалдардың мөлшерiне тiкелей байланысты. Сөйтiп қалыңдығына байланысты қабаттылықты төрт түрге бөледi: iрi - қабат қалыңдығы ондаған метрге; ұсақ - см өлшенедi; жiңiшке - қалыңдығы мм өлшенедi жəне микро қабаттар - қалыңдығы микроскоп арқылы ғана байқалады. Қабаттардың бiр-бiрiмен жымдаса астасуы қабаттылық түзедi. Қабаттылық төрт негiзгi пiшiндерге бөлiнедi: параллельдi, толқынды, қиғашты жəне линза тəрiздес. Параллельдi қабаттылық қабаттасу беттерiнiң құрылысы жазықтыққа ұқсас болып келедi. Ол шөгiндi жиналған ортаның аз қозғалғышты, тiптi тыныш жағдайда болғандығын кепiлдейдi. Толқынды қабаттылықта қабат беттерi толқындалып иiлген болып келедi. Ол су қозғалысы бағытының кезеңдiк ауысуы мен қайталануы жағдайында, яғни қайту мен толысу ағысы мен теңiз жағалауларындағы шымырлану кезiнде пайда болады. Қиғашты қабаттылық - қабат беттерi арасындағы қабатшалар əр түрлi бұрыштармен орналасады. Қабаттылықтың бұл түрi шөгiндi түзу ортасының бiр бағытты қозғалысы нəтижесiнде пайда болады. Пайда болу жағдайына байланысты қиғашты қабаттылықтың диагоналды, қиылысты, сына тəрiздi, көпқабатты қиғаш түрлерi бөлiнедi. Линза тəрiздi қабаттылық - сыртқы пiшiндерiнiң əртүрлiлiгi мен жеке қабаттар қалыңдығының өзгергiштiгiмен сипатталады. Линза тəрiздi қабаттылық су немесе ауа ағыстарының қозғалыстарының күрт өзгеруi нəтижесiнде немесе бұрын пайда болған қабаттар шайылуы, су қоймасы түбiнiң ой-қырлылығына байланысты пайда болады. Қабатталу жазықтықтары беттерiнiң құрылысы ерекшелiктерін зерттеу шөгiндi жыныстардың пайда болуы мен жатыс жағдайларын анықтауға көмектеседi. Мұндай ерекшелiктерге қазынды бедер белгiлерiне, алғашқы жарықтар, кебу жарықтары, əртүрлi организмдердiң өмiр сүру əрекеттерi iздерi: жаңбыр тамшылары мен мұз кристалдары жəне т.б. жатады. Бедер белгiлерi iшiнде, пайда болуына байланысты желдiң, ағыстың жəне толқынның əсерiнен қалыптасқандар болып бөлiнедi. Желдiң əсерiнен пайда болған белгi планда салыстырмалы iрi мөлшерiмен жəне бiлiкшелерiнiң доға тəрiздi орналасуымен, ал су ағысы бiлiктерiнiң мөлшерi кiшiлеу, жондары шығыңқы жəне олар көлденеңдi немесе ағыс бойы орналасуымен сипатталады. Толқынды белгiлердiң бiлiкшелерi тiптi кiшi мөлшерлi жəне асимметриялық орналасуларымен ерекшеленедi.  Алғашқы жарықтар. Қабат бетiнде қазынды түрiнде сақталып əртүрлi тектi болып келедi. Олардың көбiсi кебу кезiнде пайда болған жарықтар, iшiнара су асты мен тондықтары кездеседi. Олар бөгде денелермен толып, қабаттасу беттерiнде бiлiкшелер мен бiлемделер түзедi. Қабатталу беттерiнде құрлық жəндiктерi, крабтар, құрттар жəне т.б. жан- жануарлар iздерiн кездеседі.Қабаттар iшiндегi құмтастар мен карбонаттарбеттерiнде жиi кездесетiн тегi əртүрлi иероглифтер маңызы зор. Бұлар негiзiнен əртүрлi тұнбалардың еңбектеу белгiлерi, əлi де толық қатпаған лайлы шөгiндiлерде дамыған қалқулар мен жырулар жосасының iздерi. 3 Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды                  мемлекеттiк бақылау