Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан билети Агырыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
187.97 Кб
Скачать

4.3 Заңды тұлғалардың бөлімшелері мен өкілділіктері

Заңды тұлға өз мекенжайынан тыс жерде өкілдіктер мен бөлімшелер құруға құқылы (ҚР АК 43 бабы).

Өкiлдiк – бұл заңды тұлғаның мекенжайынан тыс жерде орналасқан ерекшеленген құрылымдық бөлімше, ол заңды тұлғаның мүддесін білдіреді және оны қорғайды.

Бөлімшелер заңды тұлғаның өкілділіктен басқа барлық функцияларын немесе олардың бөлiгiн жүзеге асырады.

Барлық бөлімшелер мен өкiлдiктер заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілуi керек. Демек, бөлімшелер және өкiлдiктер дербес заңды тұлғалар болып табылмайды. Олардың жетекшiлерi өз өкiлеттiктерiн сенiмхат негiзiнде жүзеге асырады. Бөлімше және өкiлдiктер олардың заңды тұлғасымен қабылданған жағдайлар негiзiнде жұмыс iстейдi.

4.4 Заңды тұлғаның пайда болуы

         Заңды тұлғаның пайда болуларының негiзінде жататын – азаматтық құқықтық қабiлеттiкке және әрекет қабiлеттiлiктеріне ие заңды және жеке тұлғалар, құқықтың басқа субъектілерiнiң ерiк бiлдiруi жатады.

Заңды тұлғаның пайда болуы тiкелей құрылым және мемлекеттiк тiркеуден тұрады. Теорияларда және құқық қолданатын тәжiрибелерде заңды тұлғалардың жасаудың 4 негiзгi ережелерiн көрсетеді.

Басқарушы ретте заңды тұлға органның уәкiлдік мүлiк иесi (шешiмі) ұйғарымының негiзiнде жасалатынын бейнелейдi.

Құзырлы мемлекеттiк құрылым немесе басқа заңды тұлға осы заңды тұлғаның пайда болуының заңдылығын тексередi және соған сәйкес рұқсат бередi.

    Қатысу – нормативтiк тәртіп ұйғарымды да, арнайы рұқсатты да талап етпейдi. Жалпы формадағы мұндай рұқсат заңның нормасында болады. Тек қана құрылтайшылардың әрекетi, олардың қатысулары керек болады. Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен соң, сол кезден бастап құрылған (ҚР АК 42 бабының 3 тармағы) болып есептелінедi.

Мемлекеттiк тiркеудiң мәлiметтерi (сонымен қатар коммерциялық ұйымдар үшiн фирма атауы) (ҚР АК 42-шi бабы) заңды тұлғалардың бiртұтас мемлекеттiк тiзiлiмдерiне қосылады.

ҚР АК 42-шi бабының 6 тармағы заңды тұлғаның қайта тiркелуiнiң жағдайларын қарастырады. Жоғарыда көрсетiлген әрекеттердің барлығы да заңды тұлғаның құрылтайлық құжаттарына негiзделген, ал ол азаматтық айналымдағы заңды тұлғаның мәртебелерiн анықтайды, сыртқы да, заңды тұлға iшiнде де барлық азаматтық айналымдағы заңды тұлғаның қатынастарын реттейді.

         Заңды тұлғаның құрылтайлық құжаттары:

         1) құрылтайлық келісім;

         2) жарғы;

         3) осы түрдегі ұйым туралы жалпы ереже.

        Заңды тұлғалар не жарғының негізінде немесе құрылтайлық келісімнің және жарғының негізінде қызмет жасайды. Құрылтайлық құжаттардың түрі – жазбаша нотариалдық. Заңды тұлғалардың арнайы құқықтық қабілеттілікке ие құрылтайлық құжаттарында қызметтің пәні мен мақсаттары анықталған болуы қажет. Коммерциялық ұйымдардың өкілдері өздерінің құрылтайлық құжаттарында қызметтің пәні мен мақсатын көрсетуге құқылы.

Пәні деген кезде түсінетініміз – заңды тұлға жүргізетін қызметтің түрлері. Қызметтің мақсаты – нақты бір нәтижеге жету болып табылады.

Құрылтайлық келісім мен жарғының арасындағы айырмашылық:

          1) құрылтайлық келісім заңды тұлға құру бойынша ұйымдастырушының міндеттерін және олардың арасындағы қатынасын қарайды. Жарғы заңды тұлғаның үшінші жақпен қатынасын анықтайды.

         2) құрылтайлық келісім жасалады, ал жарғы бекітіледі;

          3) құрылтайлық келісім құрылтайшы мен заңды тұлғаны құрушы үшін ғана міндетті, ал жарғы – заңды тұлғамен құқықтық қатынасқа түсетіндердің барлығы үшін міндетті;

          4) жарғы үшін жариялылық принципі тән, ал құрылтайлық келісім үшін – құпиялылық тән;

         5) өзгерістер мен толықтырулар енгізудің түрлі принциптері: жарғыда – көп дауысты; құрылтайлық келісімде – бір ауыздан;

         Құрылтайлық келісім мен жарғы ережелерінің арасында қайшылықтар болған жағдайда ҚР АК 41 бабының 6 тармағы қолданылады.