- •2) Доғал - пайдалы қазба созылым немесе еңістік бағытында күрт аяқталады (мысалы, тектоникалық бұзылыс бойынша жылжу нәтижесінде немесе эрозиялық үдерістермен кесіліп кеткенде);
- •3) Күрделі - пайдалы қазба денесі жұқа қабатшалар мен желілерге тарамдалса немесе ретсіз шашырап кетсе.
- •4.1 Заңды тұлғаның құқық иеленуі. Заңды тұлғаның органдары
- •4.2 Заңды тұлғаның жекеленуі
- •4.3 Заңды тұлғалардың бөлімшелері мен өкілділіктері
- •4.4 Заңды тұлғаның пайда болуы
- •4.5 Заңды тұлғаның тоқтатылуы
- •1. Жер қойнауын зерттеудi және пайдалануды мемлекеттiк бақылауды жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
- •5) Экологиялық факторлар.
- •2. Геологиялық барлау жұмыстарының сатылары
- •2. Седиментация, диагенез, катагенез.
- •3. Пайдалы қазбалар қоры және оларды есептеу технологиялары.
- •Шөгінді тау жыныстарының кейбір айрықша және жатыс пішіндері. Кластикалылық дайкалар.Су
- •2. Метаморфизмді кендердің минералогиялық құрамына, бітіміне және құрылымына, кен денелерінің тигізер әсері
- •1 Шөгінді тау жыныстарының жатыс пішіндері
- •3. Барлау, өндіру және біріккен барлау және өндіру құқығын беру тәртібі
- •3. Жер қойнауын пайдалануға операцияларын жүргізуді экологиялық негіздеу. Жергілікті халық пен жұмысшылардың қауіпсіздігі
- •3. Мемлекеттік Жер қойнауы қоры
- •Жер қыртысы
4.1 Заңды тұлғаның құқық иеленуі. Заңды тұлғаның органдары
Заңды тұлғаның құқық иеленуi оның ажырамас қасиетi болып табылады, соның арқасында заңды тұлға дербес құқық субъектiсi болып есептеледi. Заңды тұлғаның құқықтық қабiлеттiгінiң және әрекетке қабiлеттiлiгiнің пайда болуы мен тоқтатылуының ерекшелiктеріне көңіл аудару керек. Заңды тұлғаның құқықтық қабiлеттiгі және әрекеттік қабiлеттiлiгi мемлекеттiк тiркеудiң кезеңімен бiр уақытта пайда болады және заңды тұлғаларды бiртұтас заңды тұлғаның мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығарған кезеңінде тоқтайды. Заңды тұлғаның құқықтық қабiлеттiгi заңды тұлғаның азаматтық құқығы мен азаматтық мiндеттерінің болуымен анықталады. Бірақ, жеке тұлғалармен салыстырғанда заңды тұлғаларға тең құқықтық қабiлеттiктiң қағидасы тән емес.
Құқықтық қабілеттіліктің 2 түрі аталып көрсетіледі:
1) жалпы құқықтық қабiлеттiлік (заңнамамен тыйым салынбаған кез-келген азаматтық міндеттемені және азаматтық құқықты иелену мүмкіндігі);
2) арнайы құқықтық қабiлеттiгi (осы заңды тұлғаға заңнама актілерімен және арнайы құжаттармен берілетін құқықтар мен міндеттемелер).
Заңды тұлғаның әрекетке қабілеттілігі заңды тұлғаның өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу, азаматтық міндеттемелерін іске асыру және жасалған әрекеттері үшін өздігінен жауапкершілік тарту
қабілеттері ретінде анықталған.
Нақты бір әрекетті заңды тұлға өзінің органдарының көмегімен жүзеге асырады. Заңды тұлғаның органдары азаматтық айналым барысында өзінше бір делдал болып табылады және заңды тұлғаның еркін білдіреді.
Заңды тұлғаның органдарының түсінігі, түрлері, құқықтары АК 39 бабында көрсетілмеген. Бұл баптың нормасы бланкеттік сипатта беріледі. Арнайы нормативтік-құқықтық актілерде нақты бір ұйымдастырушылық-құқықтық форманың заңды тұлғаларының органдарының түрлері, құзіреттіліктері қарастырылған.
Заңды тұлғаның органдарының түрлері:
1) Өкілеттілік шамасы бойынша:
а) Жоғары (құрылтайшылардың жалпы жиналысы);
б) Орындаушылық (әкімшілік, директор);
в) Бақылаушы (ревизиялық комиссия).
2) Құрамға енетін адамдардың саны бойынша:
а) Жекеменшік (президент);
б) Алқалық (директорлар кеңесі).
3) Әрекет ету уақыты бойынша:
а) Үнемілік (бақылау кеңесі);
б) Уақытша (тарату комиссиясы, конкурстық басқарушы).
Жіктелімнің негіздемесінің тағы да басқа түрлері бар (ерік білдіруші, ерік орындаушы), бірақ неғұрлым кең таралғандары осылар.
4.2 Заңды тұлғаның жекеленуі
Бір заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғадан айыруға мүмкіндік беретін заңды тұлғаның жекеленуі құралдары аса маңызға ие. Оған мыналарды жатқызуға болады:
1) заңды тұлғаның атауы;
2) заңды тұлғаның мекенжайы;
3) заңды тұлғаның тауарларының, қызметтерінің, жұмыстарының жекелену құралдары.
Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғалардан ажыратып тұратын өзінің атауы болады. Коммерциялық ұйымның атауы тіркеуден өткеннен соң оның фирмалық атауы болып табылады. Басқа заңды тұлғаның атауын қолдануға болмайды. Оған заңнамаға сәйкес мынадай түрлі талаптар қойылады:
1) заңды тұлғаның атауына оның атауы және ұйымдастырушылық-құқықтық формасының көрсеткіштері енеді;
2) заңнамада қарастырылған қосымша ақпаратты құрамына енгізуі мүмкін (мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорының атауында міндетті түрде ЖЗҚ деген аббревиатура болуы қажет);
3) құрылтайлық құжаттарда көрсетіледі;
4) заңнаманың талаптары мен қоғамдық моральға қарсы келетін атауларды, өзіндік аттарды қолдануға тыйым салынады;
5) мемлекеттік орган болып табылмайтын фирмалық атауларда, қызмет көрсету белгілерінде, заңды тұлғалардың тауарлық белгілерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми атауларын қолдануға тыйым салынады;
6) заңнамамен бекітілген басқа талаптар.
Заңды тұлғаның мекенжайы ретінде оның үнемі қызмет етуші органының мекенжайы саналады. Мекенжайы құрылтайлық құжаттарда толық пошталық адресімен бірге көрсетіледі. Үшінші бір тұлғамен қатынас кезінде заңды тұлға өздерінің бірыңғай мемлекеттік тіркелімдегі енгізілген нақты мекенжайының сәйкес емес екендігін айтуына құқығы жоқ. Осылайша, үшінші тұлғалар заңды тұлғаларға пошталық немесе басқа да корреспонденцияны мемлекеттік тіркелімдегі енгізілген мекенжай бойынша да, нақты мекенжайы бойынша да жіберуге құқылы.
Заңды тұлғаның тауарларының, қызметтерінің, жұмыстарының жекелену құралдарына мыналар жатады: тауарлық белгі, өндірістік марка, қызмет көрсету белгісі, тауардың шығу жерінің атауы.
