Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дріс 4.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.09 Кб
Скачать

2.Зерделік (танымдық) қасиеттер

Тергеуші әрекеті - ізденіс, таным әрекеті екені сөссіз, ол ғалым еңбегіне ұқсас келеді, сондықтан тергеушіні зерттеуші деп атауға болады. Тергеу процессі табысты болу үшін тергеуші көптеген жоғары деңгейдегі зерделік қабілеттеріне ие болуы керек. Олардың ішінде шығармашыл қиял, өткір байқағыштық, жақсы ес, логикалық ойлау қабілеті, шапшаң бағыттану, зеректік, ойдың икемділігі, сыншылдық сияқты қасиеттер ерекше орын алады.

Тергеуші қандай зерделік қасиеттерге ие болуы керек екенін анықтау үшін, оның ойлау әрекетенің психологиялық сипаттамасын беру қажет: шешетін зерделік мәселелерін, ой-сана типін белгілеу керек. Зерделік қасиеттер, ой сапасының түрі ойлау түріне бағынады. Тергеу процессі бір ғана ойлау түрімен, мысалы дискурсивті (түсініктік-логикалық) ойлаумен шектеле алмайды.

Дискурсивты ойлау нені дәлелдеу екені анық болса, логикалық талдауға керекті материал толық түрде жинақталса ғана жеткілікті болады. Ой барысы белгілі фактілерден басталып, табуға, тексеруге қажетті қағидаға, жобадан оның дәлелдеуіне дейін барады. Дегенмен жоба қалыптастырудің өзі, оған қажетті мәлімдер жинақтау танымдық әрекеттің басқа психологиялық механизмы, шығармашылық (творчестволық) ізденіс арқылы өтеді.

Қылмысты тергеу процессі – шығармашылық процесс, творчестволық ізденіс. Осындай ізденіс қажеттілігі белгілі әрекет шарты мен талабы арасындағы қарама-қайшылық пайда болатын әртүрлі жағдайларда қалыптасады. Сндай жағдайлар мәселелі (проблемная) жағдай деп аталады. Мәселелі жағдайда міндетті түрде бір бөлік жетіспейді, осы бөлікті ойлау процессінде табу қажет. Тергеуші қызметінде осындай жағдайлар үнемі кездеседі.

Н. Л. Гранат мәселелі жағдайдың екі түрін қарастырады. Біріншісі «ашық» деп аталады, өйткені оларда шешім табу аймағы мен бағыты шектелмейді. Шешім параллельды, салыстырмалы ізденіс арқылы, бірнеше жорамал тексеру арқылы табылады.Екіншілері «жабық» деп аталады, шешім табу бағыты мен зонасы өте шектелген болады. Бұнда жорамалдарды бірінен соң бірін қарастыру қажет болады.

Қылмысты ашу кезінде тергеуші нешетүрлі жай (простые) және шығармашылық (творческие) мәселелермен кездеседі. Жай мәселелерді шешу кезінде тергеуші өз тәжрибесіне сүйеніп, белгілі формулалар, схемалар, шешу алгоритмдерін пайдаланады. Осындай әдіспен қарапайым, бөлек сұрақтарға жауап табылады. Мысалы, жай мәселеге оқиға болған жерде табылған дененің өлім себебін анықтау жатады.

Шығармашылық сұрақтар тергеуші алдында мәселелі жағдайда кездеседі. Белгілі оқыйға үшін арнайы әрекет схемасы құрастырылады. Мысалы, өлім себебі анықталғаннан кейін өлтірушіні іздеу, қылмыс мотивін анықтау әрекеті басталады.

Н. Л. Гранат тергеу мәселерді (задачи) мынадай топтарға бөлгенді жөн көреді:

  • жаңа немесе қосымша ақпарат жинау арқылы шешілетін мәселелер (ақпарат жеткіліксіз болып, бірақ оны табу жолдары анық болған жағдайларда);

  • психологиялық кедергіні (инерция, дағдылар, шаблон, дәстүрлер, эмоциялық кедергілер) жеңу немесе айналып кету арқылы шешілетін мәселелер (ақпарат жеткілікті, бірақ оның сипаты, мағынасы тергеушіге лайықсыз болып көрінеді. Психологиялық – зерделік немесе сезімдік – барьер пайда болады);

  • оқыйға, құбылыс барасын қайта қалпына келтіру арқылы шешілетін мәселелер;

  • қарым-қатынас қатысушының ойлары мен әрекетін еліктеу (имитация), оларды өзіңнің ойларымен салыстыру арқылы шешілетін мәселелер.

Сонымен, тергеуші ойлауы:

  • ретроспективті болып табылады, өйткені ол жиі өтіп кеткен оқиғаларды зерттейді;

  • рефлексивті болады – таным әрекеті тергеушінің өз пікірі, қорытындысы, ойларымен, басқа адам ойларымен салыстыру арқылы өтеді;

  • оперативті болып табылады, өйткені қоршаған маңай белгісіз , уақыт аз, қабылдаған шешім жауапкершілігі өте жоғары болады;

  • көп мәселелі болады – тергеу кезінде бірден көптеген сұрақтар туады.

Тергеу кезінде жиналған материалды реттеу үшін тергеушіде аналитикалық (талдау) қабілет болуы қажет. Талдау ұсақ фактілерді көруден, оның ішінен іске қатысы бар ақпаратты табудан, бірінші көргенде бақыланбайтын детальдарды жинаудан басталады. Мәселені табысты шешу үшін ұсақ фактілермен қоса объектіні, құбылысты біртұтас, толық көру керек. Басқа сөзбен айтқанда, тергеушіде қорытып жалпылайтын (обобщающий) ойлау болуы қажет. Ол мәселелік жағдайдың динамикасын, қылмыс картинасын, жорамал түрлерін, тергеу жоспарын синтез арқылы бейнелеуі керек.Тергеу кезінде синтез бен анализ процестері байланысып келеді.

Уақыт факторы тергеуші жұмысында үлкен роль атқарады. Заңмен белгіленген тергеуші міндетінің бірі болып тергеу әрекетін шектелген мерзімде орындау табылады. Уақытынан кешігу тергеу жоспарын бұзады, басқа да жағымсыз салдарларға әкеледі. Сондықтан тергеу кезінде шешім ойластыру мен қабылдауға уақыт өте аз болады. Жұмыстың бөлек саттарында шиеленіс тіпті қатты болады, әсіресе қылмыстық ісіт қозғау кезінде, бастапқы тергеуде, қылмыстың жаңа эпизоды анықталғанда, бұрын белгісіз сыбайластар табылған кезде. Осындай жағдайларда қылмыскерден озып шығу үшін, дәлелдер табу үшін, кейінгі әрекет табыстығын қамтамасыз ету үшін, т. б. жаңа табылған мәліметтерге жауап тез қайтарылуы қажет. Сонымен қатар бұзылған тәртіпті қайтадан қалпына келтіру, кәсіпорын немесе мекеменің жұмысын жалғастыру, жәбірленушілерге көмек атқару, мүлік, тыныштық, қауыпсыздықты сақтап қалу әрекеттерін шапшаң орындау қажеттілігі жиі кездеседі. Осының бәрі тергеушіден қателікке әкелетін асығыстықты емес, ойланудан тез іске көшу қабілетін, ойлаудың тездігін, шапшаңдығын талап етеді.

Керемет күрделі, уақыт жеткіліксіз жағдайда тергеуші тез бағыттанып, дұрыс шешім қабылдау керек. Тергеушіде аналитикалық-синтетикалық ойлау қабілеті, интуициясы жоғары деңгейде дамыған болуы керек. Ойлаудың тұлғалық-мотивациялық сипаты бар. Мотивтер екі түрге бөлінеді:

- арнайы-танымдық мотивтер: танымдық қажеттілік түрткі ретінде шығады;

  • арнайы емес: ойлау басқа сыртқы түркілерден басталады.

Тергеушінің ойлау әрекеті кәсібінің сыртқы талаптарынан, қылмыстық іс ашу қажеттілігінен пайда болады. Осы талаптар сыртқы мотивация болып табылады. Оны іске асыру кезінде ішкі түрткі ретінде танымдық мотивтер қалыптасады.

Сонымен, тергеуші зердесінің негізгі, табысты кәсіптік әрекетке қажет қасиеттеріне келесі ерекшеліктер жатады:

  • талдау, жүйелендіру, жалпылап қорыту қабілеті, дәйекті түрде логикалық ойлау;

  • шығармашылық кеңістіктік, мезгілдік қиял;

  • бақылағыштық, еске толық сақтау;

  • сауаттылық, анық, батымды сөйлеу;

  • ойлау шапшаңдығы, тереңдігі, кеңдігі, икемділігі, табыстығы;

  • өзіне сын көзімен қарау және көргіштік қабілеті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]