- •Алдын ала тергеу психологиясы
- •Тергеу әрекетінің психологиялық өзгешеліктері.
- •Тергеушінің психологиялық ерекшеліктері.
- •Тергеуші тұлғасына қойылатын кәсіптік талаптар.
- •Тергеуші психологиясы
- •Өнегелі -саяси қасиеттер
- •2.Зерделік (танымдық) қасиеттер
- •3. Тергеушінің мінезіне қойылатын талаптар
- •4. Психофизиологиялық қасиеттері
Тергеуші психологиясы
Тергеуші кәсібіне тән ерекше қасиеттер:
Өнегелі -саяси қасиеттер
Әрбір кәсіптің өзіне ғана тән, өзгеше қасиеттері болады, оның ішінде негізгі, басты ерекшеліктер. Тергеу жұмысының осындай бір өзгешелігі – мемлекеттік қызметке және саясаттық әрекетке жататындығы. Тергеушінің әрбір әрекеті белгілі саясаттың іске асырылуы болып, ал жұмысының өзі қылмыстықпен жалпы қоғамдық күресіне қосқан үлесі болып табылады. Аталған міндеттерді орындау үшін тергеуші өз тұлғасын терең, толық түрде өз кәсібіне бағыттануы қажет.
Осы бағыттанудың негізгі шарты болып өз жұмысына деген қызығушылық, жұмысының үлкен мемлекеттік мағынасы бар екенін түсінушілік табылады. Қызметке осындай ғана қатынас жоғары борыштылық сезімді, ісіне деген жауапкершілікті қалыптастырады. Осымен қатар кәсіптік бағыттануға құқықтық таным жатады.
Адамның өмірлік тәжрибесі мен практикасы оның құқықтық саладағы бағдарлар, қатынастар, құндылықтық бағдарлар қалыптасуына әсерін тигізеді. Құқықтық таным мазмұны (құқықтық хабардарлығы, құқықтық ышындықты бағалау, заңды мінез-құлық мотивациясы) адамның әлеуметтік байланыстарына, қоғамның құқықтық мәдениетіне, өміріне қатынасу деңгейіне, құқықтық ақпарат меңгеруге әсер ететін әлеуметке қарсы топтарға кіруіне бағынады.
Құқықтық таным адамның құқық тәжрибесін бейнелеуімен қатар адамның жүріс-тұрыс мотивтерін белгілейді. Сыртқы әсерлерден пайда болып, кері байланыс принципі бойынша құқықтық таным адам әрекетін бағыттайды, құқықтық жағдайда лайықты жол табуға әсерін тигізеді, яғни жүріс-тұрыс реттеу функциясын атқарады.
Құқықтық таным тұлға сана элементі ретінде үш компоненттен тұрады:
Зерделік (таным) компонент – құқықтық білім мен ептілік суммасынан қосылады.
Эмоционалық (бағалау) компонент – құқықтық нормаға деген қатынас, оны бағалау (позитивті, негативті баға беру, оған немқұрайлы қарау).
Мінез-құлықтық (эмоциялық-жігерлік) компонент – заңды жүріс-тұрысқа дайын болу, оны қабылдау, заң бұзушылыққа төзбеу, құқық ережелерін орындауға бағыттану.
Құқықтық әлеуметену процессінде әртүрлі әлеуметтік әсерлерден, тұлғалық себептерден құқықтық таным тек қана зерделік, заңды білу деңгейіне шейін қалыптасуы мүмкін. Бұл деңгей заңды мінез-құлық дамуына жеткіліксіз болады, өйткені адам заң ережелерін біліп тұрып, оны бұзуы мүмкін. Құқықтық танымның бағалау компоненты толық түрде қалыптасса да (адам заңды біледі, оны дұрыс, позитивті қабылдайды), ол адамның заңды бұзбауына кепілдік бере алмайды. Адам қашанда да алдамшы күйіге келуі, пайда табу үшін заңды бұзуға елігу жағдайына түсуі мүмкін, немесе оған басқа адамдар психологиялық қысым жасауы ықтимал.
Құқықтық білімдер жағымды сезімге бойянып, құнды бағдарларға, ішкі ниетке, тұрақты сенімге, күнделікті жүріс-тұрыс формасына көшсе ғана адам әрекетін толық түрде реттей алады. Тергеушіде құқықтық таным жоғары деңгейді болуы қажет: құқықты толық меңгеру, оның әділеттілігіне сену, заң бұзушылыққа төзбеу, құқық нормаларын орындау, әділеттілік сезім.
Тергеушінің кәсіптік адамгершілігі соттық этиканың бір тарауының - тергеу этикасының - заты болып табылады. Соттық этика дегеніміз – әділ соттың өнегелі принциптері туралы білім. Тергеушінің моральды қасиеттерін зертеу тергеу этикасының негізгі міндеті болып табылады, өйткені тергеу жұмысының тиымдылығы осы қасиеттер дамуына бағынады. Моральды қасиеттерді анықтау үшін тергеушінің өнегелі құндылықтарын қарастыру қажет. Оған жататындар:
А) Құндылықтар - нормалар: қоғамның өнегелі принциптері негізінде қалыптасқан тергеушінің белгілі жүріс-тұрыс ережелері. Осы ережелер көмегімен тергеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тергеуші мен басқа лауазымды адамдар, азаматтар, бүкіл қоғам арасындағы қатынастар реттеледі. Құндылық-нормалар негізі болып қоғамдық және жеке мүдделерді үйлестірудің объективті қажеттілігі табылады.
Қылмысты іс тергеу кезінде қоғамдық және жеке мүдделер қақтығысып қалуы мүмкін. Мысалы, қоғам мүддесін қорғап, өз міндетін орындап, тергеуші адамды тұтқындайды. Бұл сол адамның, оның туыстарының мүддесіне тиеді. Осыған қарамай тергеуші қылмыс жасаған адам бостандығы, тыныштығы, бақыты сияқты құндылықардан аттап кетеді. Заңға, құқықтық танымға сүйеніп, әділетті қорғау үшін тергеуші биліктік өкілеттілікті іске асырады.
Б) Құндылықтар - мақсаттар тергеуші идеалдарында көрініс табады. Жеке идеалдар олардың мүдделерін, қабілеттерін, ықпалын, басқа да қасиеттерін бейнелейді.
В) Құндылықтар – қасиеттер: өнегелі сананың, кәсіптік және күнделікті жүріс-тұрысының тұрақты элементтері ретінде белгіленеді. Алдын ала тергеу кезінде қалыптасатын қарым-қатынастар өнегелі болу үшін тергеушіде адалдық, әділеттілік, жан тазалығы, гуманизм, қылмысқа деген төзбеушілік сияқты қасиеттері болу қажет.
Жоғарыда көрсетілген қасиеттер тергеуші жұмысына қажетті болып табылады, өйткені олар алдын ала тергеу органдары қуатының күшеюіне, қылмысты іс ашу тиымдылығына, құқық қорғау органдары мәртебесінің көтерлуіне үлкен әсер тигізеді.
