Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дріс 4.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.09 Кб
Скачать

Дәріс тақырыбы: Заңгер кәсіби іс-әрекетінің психологиясы.

Алдын ала тергеу психологиясы

Дәріс жоспары:

  1. Тергеу әрекетінің психологиялық өзгешеліктері.

  2. Тергеушінің психологиялық ерекшеліктері.

  3. Тергеуші тұлғасына қойылатын кәсіптік талаптар.

Тергеудің психологиялық сипаттамасына оның психологиялық құрамын анықтау, кәсіптік мағынасы бар компоненттерді зерттеу жатады. В.Л.Васильев тергеуші мен соттың кәсіптік әрекетінің алты түрін қаратсыруды ұсынады: іздеу (поисковая), оқиғаны қайтадан құрастыру (реконструкция), тілдесу (коммуникативды), ұйымдастыру және куәландіру жұмыстары.

Әлеуметтік әрекет – саясаттық аспект - тергеуші қылмыстықты жоюға бағыттанған күресін ұйымдастырушы ретінде жұмыс атқарады. Оның ішіне қылмыстың алдын алу, құқықтық үгіт, қылмыскерді қайтадан тәрбиелеу әрекеті.

Іздеу (танымдық) әрекеті – тергеушінің қылмыстық оқиға жөнінде ақпарат жинауы.

Реконструктивті әрекет – жиналған ақпараттың алғашқы және қортынды талдауы, оның негізінде жорамал (версия) ұсыну. Әртүрлі жорамал көмегімен тергеуші құрастырылған конструкция дұрыстығын тексереді, содан кейінгі шараларды жоспарлайды.

Куәландырылу әрекеті – тергеуші барлық жиналған ақпаратты заңмен ескертілген түрде бейнелейді: хаттама, қаулы, т.б.

Коммуникативті әрекет – қажетті ақпаратты тілдесу арқылы жинақтау. Әсіресе жауап алу кезінде осы әрекет мағыналы болады.

Ұйымдастыру әрекеті – жобалар мен жоспарларды тесеру мен іске асыруға байланысты жұмыс. Ол екі түрде өтеді: кәсіптік міндетті орындау үшін өзін-өзі бағыттау және басқаларды ұйымдастыру.

Тергеу әрекетінің компоненттері бөлек күйде кездеспейді, олар бірі бірімен байланысып келеді. Тергеуші жұмысының барлық компоненттеріне ортақ болатын, тергеуші кәсібін басқа кәсіптерден ажыратушы психологиялық ерекшеліктер мынадай:

  • тергеуші әрекетінің мемлекеттік және саясаттық сипаты;

  • құқықтық регламентация;

  • мүдделі адамның қарсыластық көрсетуі;

  • биліктік үәкілдік;

  • қызмет құпиясын сақтау;

  • тергеудің қоғамдық-психологиялық өзгешелігі;

  • уақыт дефициты;

  • шамадан тыс әрекет;

  • қабылданатын шешімдердің жауапкершілігі;

  • тәрбиелеу жұмыс.

Тергеушінің кәсіпке мәнді қасиеттерін дұрыс белгілеу мен түсіну үшін, оның психикалық күйін анықтау үшін тергеуші жұмысының өзгеше, экстремальды , шектен шығатын шарттарының барлығы немесе жоқтығы жөнінде сұрақтарды дұрыс шешу үлкен практикалық және теориялық мағынасы бар. Оның сыртында тергеуші жұмысын көпшілік адам істей алмайтын өте қыйын, ауыр кәсіптерге жатқызу мәселесін шешкен жөн. Экстремальды шарттар деп психологияда әдетте стресс-факторлар аталады. Оған жататындар:

  • ортаның физикалық зияндылықтары (шу, денсаулыққа зиян ауа қоспалары, жоғары немесе төмен температура, ауада оттегінің артық немесе кеміс болуы),

- жағымсыз эмоциялық факторлар (уақыт жеткіліксіздігі, төнетін қауып, жоғары жауапкершіік, т.б

Тағы да бір атап кететін жағдай – тергеуші әрекетінің қақтығыстық сипаты. Көптеген зерттеушілер тергеушінің іске қатысты адамдармен тілдескен, араласқан кезде қақтығыстық және қақтығыссыз жағдайға ұшырайтынын айтады. Қақтығысты ышын бәсекелестік ретінде, айыпкермен тактикалық күрес ретінде қарастырсақ, қақтығыс тергеуші үшін күнделікті, үйреншікті нәрсе деп айтуға болады.

Тергеуші тұлғасы мен кәсібінің психологиялық сипаттамасын толық анықтау үшін тергеуші жұмысында сыртқы («ашық») және жасырынды («жабық») қақтығыс кездесетінің айтып кету қажет. Қақтығыс деп қарама қайшы позициялар, көзқарастар, мотивтер және пікірлердің шиеленіскен соқтығысын түсінеміз. Ішкі қақтығысқа өз өзімен араздануға әкелетін мотивтер күресі, моральды сезімдер мен сана арасындағы қақтығыс, кәсіптік міндет пен тілектер, ниеттер, мүмкіншіліктер арасындағы қайшылықтар жатады.

Осы ішкі қақтығыстар бір роль ішіндегі қақтығыстарға жатады, өйткені адам бір ғана тергеуші ролін атқарады. Тергеуші жұмысы ерекше болғандықтан (шамадан тыс уақыт қызмет жасау, қолы бос болмаушылық) бірнеше әлеуметтік роль арасындағы (кәсіпкер мен жұбай, әке рольдері) қақтығыс пайда болуы мүмкін.

Рольдік қақтығыстар мағынасы бойынша моральды болып табылады. Ішкі қақтығыс белгілі ой-пікірлер, түсініктер, ұғымдар қайшылығынан басталып, когнитивті (танымдық) диссонанс деп аталатын апарады. Мысалы, артық немесе жеткіліксіз ақпарат жинау осындай диссонанс тудырады. Сыртқы қақтығыстар тергеуші мен ықылассыз күәгер, айыпкер, сезікті, жәбірленуші арасында қалыптасуы ықтимал.

Сыртқы қақтығыс өзгешелігі – екі жақ қарама қайшы мақсатқа ұмтылады, бір-бірінің мақсатын білгендіктен, олар қарсы жақтың әрекетін алдын ала ойластырып отырады; жеңу үшін бірі-біріне кедергі, қыйыншылық жасайды. Тергеушінің әрекеті мораль және заңмен шектеледі, ал қарсыласының әдістері мен құралдарына ешкім шек қоя алмайды. Осының өзінен де тергеуші жұмысын экстремальды деп атауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]